N02AA01 Морфин¹ (Morphine)

Қолдану көрсеткіштері

Жедел ауыру (ауыр жарақат, миокард инфарктісі, қатерлі жаңа түзілімдер, операциядан кейінгі кезеңде), операция алдындағы премедикация.
    Клинические протоколы:
  1. Аллогенная трансплантация гемопоэтических стволовых клеток у детей
  2. Апластическая анемия у детей
  3. Гаплоидентичная трансплантация гемопоэтических стволовых клеток у детей
  4. Геморрагический васкулит у детей
  5. Гистиоцитоз из клеток Лангерганса
  6. Тупая травма живота, открытые повреждения живота
  7. Иммунная тромбоцитопения у взрослых
  8. Наследственный дефицит факторов VIII или IX (Гемофилия)
  9. Пароксизмальная ночная гемоглобинурия у взрослых
  10. Диабетическая ангиопатия нижних конечностей
  11. Морбидное ожирение. Метаболический синдром
  12. Последствия рахита
  13. Гемифациальный спазм
  14. Невралгия тройничного нерва
  15. Опухоли основания черепа (хирургическое лечение)
  16. Аневризма брюшной аорты
  17. Аневризма торакоабдоминального отдела аорты
  18. Атеросклероз брюшной аорты и артерий нижних конечностей
  19. Гипертензивный криз
  20. Диабетическая ангиопатия нижних конечностей
  21. Инфаркт миокарда с подъемом сегмента ST
  22. Кардиогенный отек легких
  23. Миокардиты у детей
  24. Тяжелая черепно-мозговая травма
  25. Острый коронарный синдром без подъема сегмента ST (Нестабильная стенокардия, Инфаркт миокарда без подъема сегмента ST)
  26. Перикардиты у детей
  27. Синдром грудного выхода
  28. Синдром хронической абдоминальной ишемии
  29. Стеноз трикуспидального клапана
  30. Стеноз гортани у детей
  31. Эмпиема плевры у взрослых
  32. Абсцесс кожи, фурункул и карбункул других локализаций
  33. Гнойно-воспалительные заболевания кисти
  34. Эпителиальный копчиковый ход
  35. Гонартроз (педиатрия)
  36. Коксартрозы (педиатрия)
  37. Нарушение плотности и структуры кости (педиатрия)
  38. Анальная инконтиненция
  39. Гастродуоденальный стеноз
  40. Мегаколон, долихоколон
  41. Механическая желтуха
  42. Острая кишечная непроходимость
  43. Острая мезентериальная ишемия
  44. Острый панкреатит
  45. Перитонит
  46. Перфоративная язва желудка и двенадцатиперстной кишки
  47. Синдром хронической абдоминальной ишемии
  48. Хронический панкреатит у взрослых
  49. Гастродуоденальное кровотечение
  50. Нарушение целостности кости оперативное лечение (педиатрия)
  51. Поражение надколенника (педиатрия)
  52. Приобретенные деформации пальцев рук и ног (педиатрия)
  53. Специфические поражения суставов (педиатрия)
  54. Последствия рахита
  55. Бактериальный сепсис новорожденного
  56. Гипоксически-ишемическая энцефалопатия
  57. Некротический энтероколит у новорожденного
  58. Респираторный дистресс-синдром (неонатология)
  59. Стойкое фетальное кровообращение / Персистирующая легочная гипертензия у новорожденного
  60. Язвенно-некротический энтероколит (педиатрия)
  61. Атрезия легочной артерии
  62. Врожденная деформация грудной клетки
  63. Врожденная деформация колена
  64. Врожденная низкая кишечная непроходимость
  65. Врожденные аномалии развития половых органов
  66. Врожденные костно-мышечные деформации
  67. Врожденные пороки развития легких у новорожденных
  68. Гастрошизис. Омфалоцеле (Экзомфалоз)
  69. Дефекты, укорачивающие верхнюю конечность
  70. Дефекты, укорачивающие нижнюю конечность
  71. Остеохондродисплазия с дефектами роста трубчатых костей и позвоночника
  72. Пороки развития диафрагмы у новорожденных
  73. Тетрада Фалло у детей
  74. Тотальный аномальный дренаж у детей
  75. Иммунная тромбоцитопения и беременность
  76. Кесарево сечение
  77. Тромбоэмболические осложнения в акушерстве
  78. Кардиогенный шок
  79. Абдоминальная травма
  80. Ожоги II – IIIA-Б - IV степени до 30%, глубоких до 10% поверхности тела (взрослые)
  81. Ожоги II – IIIА степени более 20% (взрослые)
  82. Ожоги поверхностные до 20% (взрослые)
  83. Ожоги у детей
  84. Отморожение у детей
  85. Переломы костей голени
  86. Гастродуоденальное кровотечение
  87. Ущемленная грыжа
  88. Острый аппендицит
  89. Острая кишечная непроходимость
  90. Гипоксически-ишемическая энцефалопатия

Қарсы көрсеткіштері

Апиындарға, соның ішінде морфинге жеке жоғары сезімталдық; бассүйек-ми жарақаты; бассүйекішілік гипертензия (апиындық анальгетиктер қарашық рефлексінің неврологиялық бағалауында қиындықтар туындатады); инсульт; коматозды жағдай; тыныс алу орталығының тежелуі салдарынан тыныс алудың бұзылуы/тежелуі, бронх түйілуіне бейімділік, бронх демікпесі; созылмалы өкпе аурулары аясындағы жүрек жеткіліксіздігі; жүрек ырғағының бұзылысы; кахексия; құрысулар, тырыспалық статус; шығу тегі белгісіз іштің ауыруы; іштің қатты ауыруы; салданған ішек бітелуі; өт шығару жолдарындағы хирургиялық араласулар; жедел алкагольмен уыттану; делирий; моноаминоксидаза тежегіштерімен бір мезгілде емдеу; қызбалық синдромы; феохромоцитома.

Қауіпсіздік шаралары

АПИЫНДЫ АНАЛЬГЕТИКТЕРДІ (OPIOID ANESTHETICS) қараңыз.Сыртқы тыныс алу қызметі бұзылысы (өкпенің созылмалы обструктивті аурулары кезінде қабылдауды болдырмау) және бронх демікпесі (жедел ұстамалары кезеңінде қабылдамау) бар пациенттерге; бауыр және бүйрек қызметі бұзылысы кезінде, простата гипертрофиясы, уретра стенозы, шок, миастения, асқазан-ішек жолдарының қабыну аурулары, гипотония, жүрек аритмиясы, ауыр өкпелік жүрек және құрысулық синдром кезінде сақтықпен қолдану. 60 жастан асқан егде жастағы пациенттерге немесе әлсізденген науқастарға, гипотиреоз, бүйрекүсті бездері қыртысының жеткіліксіздігі кезінде дозаны төмендету ұсынылады. Морфин айқын эйфория туындатады. Морфинді қайталап қолдану кезінде психикалық және физикалық тәуелділік (емдеуді бастағаннан кейін 2-14 күн ішінде) тез дамиды, анамнезінде есірткіге тәуелділігі бар пациенттерге тағайындау кезінде сақ болу керек. Тоқтату синдромы ұзақ емдеу курсын тоқтатқаннан кейін бірнеше сағаттан соң пайда болуы және ең жоғары шегіне 36-72 сағаттан соң жетуі мүмкін. Емдеу кезеңінде алкоголь қабылдауға болмайды. Артық дозалау жағдайында туындаған тыныс алу жеткіліксіздігі респираторлық демеу жүргізу және апиын антагонисті - налоксонды енгізуді қажет етеді, бірақ оны есірткіге тәуелді адамдарға қолдану тоқтату синдромының дамуына алып келуі мүмкін. Демеуші ем сондай-ақ науқасты шок жағдайынан налоксонды енгізу арқылы шығаруға бағытталған. Енгізілген препараттың мөлшері тыныс алу жеткіліксіздігі дәрежесіне және коматозды жағдайдың дәрежесіне байланысты. Препараттың жоғары дозаларын, әсіресе егде жастағы науқастарда пайдалану, циркуляторлы жеткіліксіздік және коматозды жағдайдың дамуымен, тыныс алу депрессиясына және гипотензия дамуына алып келуі мүмкін. Жағымсыз реакциялардың дамуы апиындық рецепторларға жекелей сезімталдыққа байланысты. Респираторлы депрессия препаратты жұлын ішіне енгізген кезде жиі байқалуы мүмкін.Маңызды! Толық ақпарат алу үшін дәрілік препараттың қолданылуы жөніндегі нұсқаулығына жүгініңіз.

Дәрілік заттармен өзара әрекеттесуі

Алкоголь, гистаминге қарсы препараттар, транквилизаторлар, ұйықтатқыш дәрілер, трициклді антидепрессанттар, жалпы анестетиктер - седативті әсерін потенцирлейді.Нейролептиктер - седативті әсерді потенцирлейді және гипотонияның күшеюі.Моноаминооксидаза тежегіштері (мысалы, фенелзин) - күрделі уытты көріністердің даму қаупіне байланысты бірге тағайындауды БОЛДЫРМАУ.Маңызды! Мұнда дәрілік өзара әрекеттесулердің қысқаша сипаттамасы берілген. Толық ақпарат алу үшін дәрілік препараттың қолданылуы жөніндегі нұсқаулығына жүгініңіз.

Бүйрек жеткіліксіздігі

Қарсы көрсетілген.Қарсы көрсетілген немесе дозасын азайту.

Бауыр жеткіліксіздігі

Қарсы көрсетілген. Апиындық анальгетиктер бауыр жеткіліксіздігі бар науқастарда команың дамуына алып келуі мүмкін.Дозасын азайту.

Жүктілік

Қарсы көрсетілген. Босану кезінде ауыруды басу үшін қолдануға болмайды, себебі морфин плаценталық бөгет арқылы өтеді және жаңадан туылған нәрестелерде тыныстың тарылуын туындатуы мүмкін.Морфинді жүктіліктің соңында қолдану тыныс алудың тежелуін және түсік тастау немесе мезгілсіз босану шақыруы мүмкін.

Емізу

Қарсы көрсетілген.Балаға емдік дозаның әсер ету ықтималдығы өте төмен.

Жағымсыз әсерлері

АПИЫНДЫ АНАЛЬГЕТИКТЕРДІ (OPIOID ANESTHETICS) қараңыз.Тыныс алудың тарылуы; жөтел рефлексінің тарылуы; бронх түйілуі, брадикардия; тахикардия, жүрек қағуы; седативті немесе қозғыштық әсер, әсіресе егде жастағы пациенттерде; зейін қоюдың төмендеуі, сананың шатасуы; делирий, елестеулер, көңіл-күйдің өзгеруі; эйфория, дистрофия, бас айналуы, бас ауыруы, ұйқышылдық, ұйқының бұзылуы, жалпы әлсіздік, бұлшықеттік қимыл қозғалыстың үйлесімсіздігі, бұлшықет қаттылығы (жоғары дозада), фасцикуляция, тремор, миоклонус, рабдомиолиз, бассүйекішілік қысымның жоғарылап, ми қан айналымының бұзылуына ұласуы; мазасыздық, құрысулар, парастезия, астения, бағыттан адасу, сандырақтау, естен танулар; жүрек айнуы және құсу (әсіресе процесс басында), ауыздың құрғауы, дәм сезудің бұзылуы; асқазанның түйілуі, іштің қатуы, өт шығару жолдарының түйілуі, холестаз, анорексия, диспепсия, панкреатит асқынуы; несеп ағынының бұзылуы немесе қуық асты безінің аденомасында және уретра стенозында осы жағдайдың үдеуі; ісінулер; несеп жолының түйілуі; жыныстық дисфункция; аменорея; постуральді гипотензия; бет гиперемиясы, тері бөртпесі, есекжем, бөртпе, ринит, бет ісінуі, тершеңдік; ларингоспазм (ауыр жағдайларда - Квинке ісінуіне және анафилактикалық шокка дейін); көру қабілеті дәлдігінің бұзылуы, сонымен қатар диплопия, миоз, нистагм; гипотония, гипертония, гипотермия.Маңызды! Мұнда жанама әсерлердің қысқаша сипаттамасы берілген. Толық ақпарат алу үшін дәрілік препараттың қолданылуы жөніндегі нұсқаулығына жүгініңіз.

Балаларда қолданылуы

Препаратты тағайындауда және дозасын таңдағанда емдеудің ұлттық стандарттарына, арнайы емдеу мекемелерінің емдеу хаттамаларына, сонымен қатар қолданылуы жөніндегі нұсқаулығына жүгініңіз.