A10BJ02 Лираглутид¹ (Liraglutide)

Қолдану көрсеткіштері

2 типті қант диабетінде гликемиялық бақылауға қол жеткізу үшін. Лираглутид препараты алдындағы емде талапқа сай гликемиялық бақылауға қол жетпеген пациенттерде қантты төмендететін бір препаратпен (метформинмен немесе сульфонилмочевина туындыларымен) біріктірілген ем ретінде, қантты төмендететін бірнеше препараттармен (метформинмен және сульфонилмочевина туындыларымен немесе метформинмен және тиазолидиндионмен) біріктірілген ем ретінде, сонымен қатар алдындағы емде талапқа сай гликемиялық бақылауға қол жетпеген пациенттерде күніне бір рет қолдану үшін.
    Клинические протоколы:
  1. Диабетическая нефропатия
  2. Ожирение у взрослых
  3. Сахарный диабет 2 типа
  4. Неалкогольная жировая болезнь печени у взрослых
  5. Цирроз печени у взрослых

Қарсы көрсеткіштері

Белсенді затқа немесе препарат құрамына кіретін басқа компоненттеріне жоғары сезімталдық; 1 типті қант диабеті бар пациенттерде қолдану; диабеттік кетоацидозды емдеу үшін.

Қауіпсіздік шаралары

NYHA жіктелуіне сәйкес I-II топтағы жүрек жеткіліксіздігі бар пациенттерге сақтықпен қолдану. NYHA жіктелуіне сәйкес III-IV топтағы жүрек жеткіліксіздігі бар пациенттерге қолдану ұсынылмайды. Ішектің қабыну аурулары бар пациенттерде және асқазанның диабеттік парезінде қолдану ұсынылмайды. Панкреатиті бар пациенттерге, сондай-ақ анамнезінде, препаратты тағайындауда сақтық таныту керек. Қалқанша безінің бұзылыстары бар науқастарға сақтықпен қолдану. 75 жас және одан асқан пациенттерге сақтықпен пайдалану. Сульфонилмочевина препараттарымен біріктірілген ем құрамында лираглутид препаратын қабылдайтын пациенттер көлікті басқару кезінде және механизмдермен жұмыс жасаған кезде оларда гипогликемия жағдайының  дамуын болдырмау үшін сақтық шараларын сақтау керек.Маңызды! Толық ақпарат алу үшін дәрілік препараттың қолданылуы жөніндегі нұсқаулығына жүгініңіз.

Дәрілік заттармен өзара әрекеттесуі

Варфарин немесе кумариннің басқа туындылары - ХҚҚ (Халықаралық қалыптастырылған қатынас) мониторинг жүргізу ұсынылады. Лираглутидті басқа да препараттармен, оның ішінде инфузиялық ерітінділермен араластыруға болмайды. Сульфонилмочевина, базальді инсулин - гипогликемияның жоғары  қаупі.Маңызды! Мұнда дәрілік өзара әрекеттесулердің қысқаша сипаттамасы берілген. Толық ақпарат алу үшін дәрілік препараттың қолданылуы жөніндегі нұсқаулығына жүгініңіз.

Бүйрек жеткіліксіздігі

Ауыр бүйрек жеткіліксіздігінде қарсы көрсетілген.

Бауыр жеткіліксіздігі

Сақтықпен қолдану. Ауыр бауыр жеткіліксіздігінде қарсы көрсетілген.

Жүктілік

Қарсы көрсетілген.

Емізу

Қарсы көрсетілген.

Жағымсыз әсерлері

Өте жиі: жүрек айнуы, диарея.Жиі: назофарингит, бронхит, гипогликемия, анорексия, тәбеттің төмендеуі, бас ауыруы, бас айналуы, жүректің соғу жиілігінің артуы, құсу, диспепсия, іштің жоғарғы аумағының ауыруы, іштің қатуы, гастрит, метеоризм, іштің кебуі, гастроэзофагеальді рефлюкс, іш қуысындағы жайсыздық, тістің ауыруы, бөртпе, шаршау, енгізген жердегі реакциялар.Жиі емес: сусыздану, есекжем, қышыну, бүйрек қызметінің бұзылуы, жедел бүйрек жеткіліксіздігі, әлсіздік.Сирек: анафилактикалық реакциялар, ішектің бітелуі.Өте сирек: панкреатит (некротикалық панкреатитті қоса).Маңызды! Мұнда жанама әсерлердің қысқаша сипаттамасы берілген. Толық ақпарат алу үшін дәрілік препараттың қолданылуы жөніндегі нұсқаулығына жүгініңіз.

Балаларда қолданылуы

18 жасқа дейінгі балаларға қарсы көрсетілген. 18 жасқа дейінгі балаларда тиімділігі мен қауіпсіздігі анықталмаған, препаратты қолдану бойынша ұсынымдары жоқ.