N01BB20 Лидокаин және Прилокаин (Combinations)
Қолдану көрсеткіштері
Инъекцияларда (соның ішінде вакцинацияда), қантамырларға пункцияларда және катетеризацияларда және, аздаған косметологиялық процедураларды және эпиляцияны қоса, беткейлік хирургиялық араласымдарда терінің сыртқы бетіне анестезия жасағанда; хирургиялық өңдеу (механикалық тазалау) кезінде, мысалы, фибринді, іріңді және некрозданған тіндерді жойғанда аяқтың трофикалық ойық жараларының сыртқы бетіне анестезия жасағанда; ауыртатын манипуляциялар жүргізер алдында жыныс мүшелерінің шырышты қабықтарының сыртқы бетіне анестезия жасағанда және жергілікті анестетиктермен инъекция жасау алдында ауыруды сездірмеу үшін.
Қарсы көрсеткіштері
Әсер етуші затқа немесе қосымша заттардың кез келгеніне аса жоғары сезімталдық;
Қауіпсіздік шаралары
Келесі жағдайларда сақтықпен қолданған жөн: глюкоза-6-фосфатдегидрогеназаның жеткіліксіздігі, тұқым қуалайтын немесе идиопатиялық метгемоглобинемия, жайылған нейродермит (атопиялық дерматит), аритмияға қарсы III класқа жататын препараттарды (мысалы, амиодарон) қабылдап жүрген пациенттер.Глюкоза-6-фосфатдегидрогеназаның жеткіліксіздігі, тұқым қуалайтын немесе идиопатиялық метгемоглобинемиясы бар пациенттер дәріге тәуелді метгемоглобинемияға көбірек ұшырайды.Препаратты атопиялық дерматитте теріге жаққан жағдайда сақтық таныту қажет; аппликация уақыты азайтылуы тиіс (15-30 минут).Аритмияға қарсы III класқа жататын препараттарды (мысалы, амиодарон) қабылдап жүрген пациенттер үнемі қадағалауда және ЭКГ-бақылауда болуы тиіс, өйткені бұл жүрек қызметіне ықпалын тигізуі мүмкін.Препаратты зақымданған дабыл жарғағына немесе препараттың ортаңғы құлаққа еніп кетуі мүмкін басқа жағдайларда жақпаған жөн. Препараты көз айналасына жаққан кезде сақ болу керек, өйткені препарат көзді тітіркендіреді. Қорғаныш рефлекстерінің жоғалуы мөлдір қабықтың тітіркенуін немесе зақымдануын туындатуы мүмкін.Препаратты ашық жараларға жоқпаған жөн.Препаратты тірі вакцинаны (мысалы, БЦЖ) теріастына енгізер алдында қолданғанда аса сақтық таныту ұсынылады.
Дәрілік заттармен өзара әрекеттесуі
Метгемоглобинемияның дамуын индукциялайтын препараттар- қанда метгемоглобин концентрациясының жоғарылайды.Лидокаинның клиренсін төмендететін препараттар (мысалы, циметидин немесе бета-адреноблокатор) - ұзақ уақытқа созылған кезең ішінде лидокаинның жоғары дозаларын қайталап қолданғанда плазмада потенциалды уытты концентрацияларды туындатуы мүмкін
Жүктілік
Жүкті әйелдерге препаратты қолдану жөнінде деректер жеткіліксіз.
Емізу
Препаратты емдік дозаларда пайдаланғанда ана сүтіне нәресте үшін қаупі болмайтын мөлшерде экскрецияланады.
Жағымсыз әсерлері
Интактілі теріге жаққандаТері және теріасты тіндері тарапынан бұзылулар: Жиі: препаратты жаққан аймақта бозару, қызару және ісіну сияқты өтпелі жергілікті реакциялар.Жиі емес: жаққаннан кейінгі алғашқы сәтте жеңіл ашып ауыру, қышыну және жылуды сезіну (препаратты жаққан аймақта) Жалпы бұзылыстар және енгізген жердегі бұзылулар:Сирек: аллергиялық реакциялар, өте ауыр жағдайларда – анафилаксиялық шок; метгемоглобинемия және/немесе цианоз; препаратты жаққан аймақта геморрагиялық бөртпе немесе нүктелі қанталау сияқты реакциялар, әсіресе атопиялық дерматиті немесе контагиоздық моллюскісі бар балаларда аппликация ұзаққа созылғанда; кремді көзге байқамай тигізіп алу салдарынан мөлдір қабықтың тітіркенуі. Аяқтардың трофикалық ойық жараларына жаққанда Тері және теріасты тіндері тарапынан бұзылулар: Жиі: препаратты жаққан аймақта бозару, қызару және ісіну сияқты транзиторлық жергілікті реакциялар;жаққаннан кейінгі алғашқы сәтте жеңіл ашып ауыру, қышыну және жылуды сезіну (препаратты жаққан аймақта). Жиі емес: терінің тітіркенуі (препаратты жаққан аймақта).Жалпы бұзылыстар және енгізген жердегі бұзылулар: Сирек: аллергиялық реакциялар, өте ауыр жағдайларда – анафилаксиялық шок.
Балаларда қолданылуы
Инені енгізгенде (соның ішінде вакцинацияда), контагиоздық моллюскіні қырғанда және басқа да аздаған беткейлік хирургиялық манипуляцияларда ауыруды сездірмеу. Сыртқа.Теріге қалың қабат етіп жағу және окклюзиялық таңғышпен жабу керек. Доза өңделетін бетке сәйкес келуі және 10 см2-ге 1 г кремнен аспауы тиіс.0-ден 12 айлыққа дейінгі балаларға қолдану ұсынылмайды.Шала туылған нәрестелерге және жаңадан туылған нәрестелерге қарсы көрсетілген.