N01AX10 Пропофол¹ (Propofol)
Қолдану көрсеткіштері
Кіріспе және демеуші анестезияда; өкпені жасанды желдету кезінде науқастарды тыныштандыруда; хирургиялық және диагностикалық емшаралар кезінде есті сақтай отырып тыныштандыруда.
-
Клинические протоколы:
- Экстрокорпоральный метод лечение Грамм-негативного сепсиса
- Клещевой энцефалит
- Тяжелая черепно-мозговая травма
- Иммунная тромбоцитопения у взрослых
- Пароксизмальная ночная гемоглобинурия у взрослых
- Сочетанная травма у детей
- Опухоли основания черепа (хирургическое лечение)
- Эпилептический статус у взрослых и детей
- Применение монооксида азота для лечения легочной гипертензии
- Трансплантация сердца
- Хроническая посттромбоэмболическая легочная гипертензия
- Экстракорпоральная мембранная оксигенация как метод лечения тяжелых форм дыхательной и сердечной недостаточности
- Стеноз гортани у детей
- Стрессовое недержание мочи
- Тазовые перитонеальные спайки
- Афакия
- Болезнь Гиршпрунга у детей
- Переломы, захватывающие несколько областей тела, у детей
- Краниосиностоз
- Изосерологическая несовместимость крови матери и плода
- Иммунная тромбоцитопения и беременность
- Кесарево сечение
- Изъятие фрагмента печени от прижизненного донора с целью трансплантации реципиенту
- Ожоги II – IIIA-Б - IV степени до 30%, глубоких до 10% поверхности тела (взрослые)
- Ожоги II – IIIА степени более 20% (взрослые)
- Ожоги поверхностные до 20% (взрослые)
Қарсы көрсеткіштері
Препараттың белсенді және қосымша компоненттеріне жоғары сезімталдық; жұмыртқаға (құрамында жұмыртқа лецитині бар), соя бұршақтарына және/немесе жер жаңғаққа аллергиялық реакциялар.
Қауіпсіздік шаралары
Ваголитикалық белсенділігінің жеткіліксіздігіне байланысты сипаты ауыр брадикардия мен асистолия (антихолинергиялық дәрілермен премедикация жүргізген дұрыс) болуы мүмкін. Жүрек, өкпе, сондай-ақ гиповолемиясы бар және әлсіреген пациенттерге енгізген кезде ерекше бақылау және сақтық таныту керек. Пациенттердің еріксіз қозғалыстары болуы мүмкін. Бассүйекішілік қысымы жоғарылаған және артериялық қысымы төмен пациенттерге ми іші перфузиялық қысымның төмендеу қаупіне байланысты, сондай-ақ липидті метаболизм бұзылысы бар пациенттерде сақтықпен қолдану. Бұлшықеттің жоғары тонусымен жүретін, операциядан кейінгі кезеңде естен тану болуы мүмкін. 12 сағат ішінде байқалмайтын жағдайдың нашарлауы және дозасын 4 мг/кг/сағ артыққа ұлғайтқанда жүретін «пропофол инфузиясы синдромы» (метаболикалық ацидоз, аритмиялар, жүрек жеткіліксіздігін, қаңқа бұлшықеттерінің жедел некрозын, гиперлипидемия, гиперкалиемия, гепатомегалия және бүйрек жеткіліксіздігін қоса, өлімге алып келуі ықтимал әсерлер) дамуы мүмкін.
Дәрілік заттармен өзара әрекеттесуі
Апиындық анальгетиктер - тыныс алу тежелу қаупінің жоғарылауы.Фентанил - қан плазмасында пропофол деңгейінің уақытша жоғарылауы.Суксаметоний, неостигмин - жүректің тоқтауына дейінгі брадикардияның дамуы мүмкін.Рифампицин - айқын гипертензияның дамуы мүмкін.Миорелаксанттар, ингаляциялық анестетиктер, анальгетиктер - анестезия әсерінің күшеюі, тыныс алудың тежелуі, гипотензияның дамуы.
Бүйрек жеткіліксіздігі
Сақтықпен қолдану.
Бауыр жеткіліксіздігі
Сақтықпен қолдану.
Жүктілік
Қарсы көрсетілген. Кесарь тілігін қоса, акушерлікте қолдану ұсынылмайды.
Емізу
Аз мөлшерде ана сүтіне енеді. Қолдану қажет болған жағдайда 24 сағат бойы бала емізуді тоқтату, сүзілген сүтті қолданбау.
Жағымсыз әсерлері
ОЖЖ тарапынан: жиі - ояну кезіндегі бас ауыруы; сирек - эпилепсия түріндегі қимылдар, анестезияны және оянуды демеу, индукция кезіндегі конвульсиялар мен опистотонусты қоса.Тыныс алу жүйесі тарапынан: жиі - индукция кезіндегі уақытша апноэ; сирек - өкпе ісінуі.Жүрек-қантамыр жүйесі тарапынан: жиі - гипотензия, брадикардия; сирек - Бругад синдромына тән ЭКГ типі; жүрек аритмиясы, жүрек жеткіліксіздігі; асистолияға дейінгі брадикардия.АІЖ тарапынан: жиі - ояну кезінде құсу және жүрек айнуы.Аса жоғары сезімталдық реакциялары: анафилаксия ангионевроздық ісіну, бронх түйілуі, эритема және гипотензия түрінде көрінуі мүмкін.Басқа: «пропофол инфузиясы синдромы»; тромбоз және флебит; сирек - панкреатит.
Балаларда қолданылуы
Көктамыр ішіне. Кіріспе анестезия. 8 жасқа дейінгі балаларға дене салмағына 2,5 мг-нан 4 мг дейін; 8 жастан асқан балаларға - дене салмағына сағатына 2,5 мг/кг. Жалпы анестезияны демеу: енгізу жылдамдығы 9-дан 15 мг/кг/сағ дейінгі аралықта айтарлықтай өзгереді, орташа 10 мг/кг құрайды. Кіші жастағы балаларға, әсіресе 1 жастан 3 жасқа дейінгі, жоғарырақ доза қажет болуы мүмкін. Тыныштандырғыш әсерді қамтамасыз ету: 16 жастан асқан балаларға препаратты қабылдау ересектерге арналған дозалаумен бірдей. Хирургиялық және диагностикалық емшара жүргізу кезінде немесе қарқынды ем кезінде өкпенің жасанды желдетуінде жүрген 16 жасқа дейінгі балаларды тыныштандыру үшін және 3 жасқа дейінгі балаларға жалпы анестезияны демеу және индукциялау үшін қарсы көрсетілген.