N01AF03 Тиопентал¹ (Thiopental)
Қолдану көрсеткіштері
Қысқа уақытқа арналған дербес наркоз үшін; енгізетін және базисті наркоз үшін; құрысуды басу үшін.Жоғары бассүйекішілік қысымды төмендету.
-
Клинические протоколы:
- Диарея у детей. Затяжная диарея
- Бешенство у взрослых
- Сочетанная травма у детей
- Менингококковая инфекция у детей
- Апластическая анемия у детей
- Переломы, захватывающие несколько областей тела, у детей
- Пароксизмальная ночная гемоглобинурия у взрослых
- Энцефалит у детей и взрослых
- Эпилепсия у детей и взрослых
- Эпилептический статус у взрослых и детей
Қарсы көрсеткіштері
Препаратты жекелей көтереалмаушылық; бронх демікпесі; демікпелік статус; бауыр мен бүйрек қызметінің айқын бұзылыстары; қан айналымының айқын бұзылыстары; жүрек аритмиясы, миокардиопатия, айқын кахексия, миастения, қант диабеті, микседемада; Аддисон ауруы, ауыр анемия, коллапс, шок, мұрынжұтқыншақ қабыну ауруларын, тыныс алу жеткіліксіздігі, диспноэда, қызбалық күй; науқастың анамнезінде немесе оның жақын туыстарында жедел ауыспалы порфирия ұстамаларының болуы; алкогольмен, ұйықтататын, есірткілік немесе психобелсенді заттармен жедел улану.
Қауіпсіздік шаралары
Препарат кардиодепрессияны туындатады: жүректің соғу көлемін, жүректің шығарылуын және артериялық қысымды азайтады, миокардтың жиырылу қызметі бұзылуында сақтықпен қолдану; кезбелік жүйкенің тонусы жоғарылауын болдырмау үшін атропин немесе метацинмен премедикация жүргізу керек; препаратты жоғары дозада немесе жылдам енгізу кезінде тынысалу тежелуі мүмкін; артерияішілік қате енгізу жылдам артерия түйілуін тудырады және тромбоз және гангренаға алып келуі мүмкін.
Дәрілік заттармен өзара әрекеттесуі
Сульфофуразол - тиопенталдың бастапқы дозасының төмендеуі және қажет болған жағдайда – анестезияны қайталама дозамен демеуге болады.
β-адреноблокаторлар, кальций каналдарының блокаторлары – артериялық қысымның төмендеуі.
Трициклдік антидепресанттар – аритмия және гипотония даму қаупі.
МАО тежегіштері – гипотония және гипертензия даму қаупі.
Изониазид- препараттың гепатоуыттылығының жоғарылауы.
Алкоголь, магний сульфаты, нейролептиктер, кетамин, седативті заттар – жүйке жүйесін тежейтін әсерінің күшеюі.
Есірткілік анальгетиктер – тынысалу тежелуі.
Бүйрек жеткіліксіздігі
Креатинин клиренсі 10 мл/мин төмен болғанда орташа дозаның 75% тағайындайды.
Бауыр жеткіліксіздігі
Сақтықпен қолдану, дозасын төмендету керек.
Жүктілік
Босану кезінде қолдану жаңадан туылған сәбидің тынысалуын төмендетуі мүмкін.
Емізу
Анасы наркоздан кейін есін жинаған соң емізу жалғастырылуы мүмкін.
Жағымсыз әсерлері
ОЖЖ тарапынан: ұзақ ұйқышылдық, сананың шатасуы және амнезия;Тыныс алу жүйесі тарапынан: тыныс алу тежелуі немесе тоқтауы, гиперсаливация, ларингоспазм, бронхоспазм, жөтел, түшкіру;Жүрек-қантамыр жүйесі тарапынан: гипотензия, коллапс, аритмиялар;АІЖ тарапынан: ықылық, жүрек айнуы, құсу; ректальды түрде енгізгенде тік ішектің тітіркенуі және қан кету;Жоғары сезімталдық реакциялары: аллергиялық реакциялар (есекжем, Квинке ісінуі, тері бөртпесі және қышыма, тері гиперемиясы, анафилактикалық шок);Қан тарапынан өзгерістер: иммуногемолитикалық анемия;Тері тарапынан: тромбофлебит, инъекция орнының ауыруы;басқа: бұлшықеттік құрысулар, қалтырау, гипотермия.
Балаларда қолданылуы
Балаларға көктамырға сорғалатып, баяу 3-5 минут аралығында, дене салмағына байланысты 3–5 мг/кг бір рет енгізеді; алдын ала премедикациясыз ингаляциялық наркоз жасар алдында: жаңадан туылған балаларға - 3–4 мг/кг, 1- айдан 12 айға дейінгі сәбилерге - 5–8 мг/кг, 1 жастан 12 жасқа дейінгі балаларға - 5–6 мг/кг. Наркоз үшін дене салмағы 30-дан 50 кг-ға дейінгі балаларға - 4–5 мг/кг, демеуші доза 25-50 мг құрайды; бүйрек қызметі бұзылған балаларда (креатинин клиренсі 10 мл/мин төмен) орташа дозаның 75% енгізіледі; базисті-наркоз жүйке қозғыштығы жоғары балаларға- ректальді 5% жылы ерітінді түрінде (+32°–+35° С): 3 жасқа дейінгі балаларға – 1 жасына 0,04 г есебімен енгізеді; 3 жастан 7 жасқа дейінгі балаларға- 1 жасына 0,05 г есебімен енгізеді.