N01AB08 Севофлуран¹ (Sevoflurane)

Қолдану көрсеткіштері

Стационарда және амбулаториялық жағдайларда ересектер мен балалардағы хирургиялық операциялар кезінде кіріспе және демеуші жалпы анестезияда.
    Клинические протоколы:
  1. Применение монооксида азота для лечения легочной гипертензии
  2. Хроническая посттромбоэмболическая легочная гипертензия
  3. Экстракорпоральная мембранная оксигенация как метод лечения тяжелых форм дыхательной и сердечной недостаточности
  4. Стеноз гортани у детей
  5. Тазовые перитонеальные спайки
  6. Болезнь Гиршпрунга у детей
  7. Врожденные аномалии полового члена у детей
  8. Врожденные пороки развития легких у новорожденных
  9. Гастрошизис. Омфалоцеле (Экзомфалоз)
  10. Крипторхизм у детей
  11. Пороки развития диафрагмы у новорожденных
  12. Изосерологическая несовместимость крови матери и плода
  13. Иммунная тромбоцитопения и беременность
  14. Кесарево сечение
  15. Изъятие фрагмента печени от прижизненного донора с целью трансплантации реципиенту

Қарсы көрсеткіштері

Қатерлі гипертермияның дамуына дәлелденген немесе күдікті генетикалық бейімділік; севофлуранға немесе құрамында галоген бар басқа да препараттарға жоғары сезімталдық.

Қауіпсіздік шаралары

Кептірілмеген СО2 сорбенттерін пайдалану; жалпы анестезияға тереңдеткен кезде артериялық гипертензияның өсуі және тыныс алу қызметінің бәсеңдеуі байқалады; нейрохирургиялық араласулар, басішілік қысымның жоғарылау қаупі кезінде, гипервентиляция сияқты, басішілік қысымның төмендеуіне бағытталған шаралармен бірге севофлуранды сақтықпен қолдану; севофлуранның концентрациясын жоғарылатқан кезде дозаға тәуелді АҚ төмендеуі мүмкін - берілетін севофлуран концентрациясын реттеу қажет; миокард ишемиясын болдырмас үшін ИЖА бар науқастарда тұрақты гемодинамиканы демеу қажет; QT аралығының ұзаруы мүмкін, бұл сирек жағдайларда өлімге алып келуі мүмкін. Қан плазмасында креатинфосфокиназа белсенділігінің жоғарылау жағдайы туралы жекелей хабарлар бар; миоглобинурия; қатерлі гипертермияның дамуы; гиперкалиемия, бұл аритмияда көрініс табуы мүмкін, балалардың операциядан кейінгі кезеңде өлімге әкелетін жағдайлары болған. Әсіресе бұған нейробұлшықеттік аурулары бас науқастар бейім, сонымен қатар Дюшен нейробұлшықеттік дистрофиясы бар науқастар.

Дәрілік заттармен өзара әрекеттесуі

Катехоламиндер (изопреналин, адреналин және норадреналин) - сақтықпен қолдану.МАО таңдамалы емес тежегіштері - хирургиялық араласу кезінде криз туындау қаупіне байланысты, МАО таңдамалы емес тежегіштері тобына жататын препараттармен емді хирургиялық араласудан 2 апта бұрын тоқтату ұсынылған.Кальций каналдарының антагонистері, атап айтқанда, дигидропиридин туындылары - айқын гипотензия.Кальций каналдарының антагонистері - аддитивті жағымсыз инотроптық әсер туындау қаупіне байланысты сақтықпен қолдану керек.Сукцинилхолин - қан сарысуындағы калий деңгейінің жоғарылауы операциядан кейінгі кезеңде жүрек аритмиясына және балалардың өліміне алып келеді.Көктамыр ішілік жансыздандырушы дәрілерді, мысалы пропофолды енгізгеннен кейін севофлуранның аз концентрациялары қажет болуы мүмкін. Севофлуранның қауіпсіздігі мен тиімділігі хирургиялық іс-тәжірибеде жиі пайдаланылатын әртүрлі препараттармен, оның ішінде орталық және вегетативтік жүйке жүйесінің функциясына ықпал ететін дәрілермен,  миорелаксанттармен, микробқа қарсы препараттармен, аминогликозидтерді қосқанда, гормондармен және олардың синтетикалық алмастырғыштарымен, қан препараттарымен және адреналинді қоса алғандағы  жүрек-қантамыр препараттарымен бір мезгілде пайдаланған кезде дәлелденген.Клиникалық зерттеулерде ақуыздармен белсенді байланысатын және таралу көлемі төмен дәрілік препараттарды (мысалы, фениотин) қабылдаған науқастарда севофлуранды қабылдау кезіндегі жағымсыз құбылыстар байқалмаған.Севофлуранды барбитураттармен, сондай-ақ бензодиазепиндермен және апиындармен бірге қолдануға болады.Изониазид және спирт сияқты, СҮР2Е1 изоферментінің Р450 цитохромы белсенділігін жоғарылататын қосылыстар мен дәрілік препараттар -  севофлуран метаболизмінің жоғарылауы және қан плазмасында фтор концентрациясының елеулі артуы.Азоттың шала тотығы - севофлуранның ЕАК төмендейді (ересек пациенттерде 50% және балаларда 25%).Нейробұлшықеттік блокаторлар - севофлуран деполяризацияланбайтын миорелаксанттардан туындаған нейробұлшықеттік блокада қарқындылығына да, ұзақтығына да ықпалын тигізеді.Қосымша алфентанил-N2O анестезия - севофлуран панкурониум, векурониум, атракуриумнан болған нейробұлшықеттік блокаданы күшейтеді.Маңызды! Мұнда дәрілік өзара әрекеттесулердің қысқаша сипаттамасы берілген. Толық ақпарат алу үшін дәрілік препараттың қолданылуы жөніндегі нұсқаулығына жүгініңіз.

Бүйрек жеткіліксіздігі

Сақтықпен пайдалану.

Бауыр жеткіліксіздігі

Бауыр зақымдалуы даму қаупі жоғарылауы мүмкін.

Жүктілік

Жүктілік кезінде сефофлуран тек өте қажет болған жағдайларда ғана қолданылуы мүмкін; босану кезінде қолдану жаңадан туылған нәрестенің тыныс алуын төмендетуі мүмкін.

Емізу

Бала емізу кезеңінде сақтықпен қолдану, наркоздан кейін бала емізуді қайта жаңартуға болады.

Жағымсыз әсерлері

Жиі: ажитация, бас айналуы, ұйқышылдық (жалпы анестезиядан шыққаннан кейін); өздігінен қайтатын дистониялық қозғалыстар, қысқа мерзімді құрысулар; көңіл-күйдің кішкене өзгеруі; тыныс алудың дозаға тәуелді тарылуы, жөтелдің күшеюі, тыныс алудың бұзылулары (ларингоспазм, интубациядан кейінгі апноэ); жүрек қызметінің дозаға тәуелді тежелуі, АҚ жоғарылауы немесе төмендеуі, брадикардия, тахикардия; жүрек айнуы, құсу, сілекей бөлінудің жоғарылауы.Сирек: қан сарысуында глюкоза деңгейінің өзгеруі; операциядан кейінгі гепатит, бауыр қызметі көрсеткіштерінің уақытша бұзылуы; аллергиялық реакциялар (бөртпе, есекжем, қышыну, бронх түйілуі, анафилактикалық немесе анафилактоидтық реакциялар); лейкоциттер санының өзгеруі, бейорганикалық фтордың сарысулық концентрациясының уақытша жоғарылауы (наркоз уақытында/кейін), оның деңгейі 48 сағат ішінде қалыпқа түседі; қалтырау, қызба, қаңқа бұлшықеттерінің гиперметаболизм жағдайы, қатерлі гипертермия.Маңызды! Мұнда жанама әсерлердің қысқаша сипаттамасы берілген. Толық ақпарат алу үшін дәрілік препараттың қолданылуы жөніндегі нұсқаулығына жүгініңіз.

Балаларда қолданылуы

Дозаны жеке таңдайды және науқастың жағдайы және жасын ескере отырып, қажетті нәтижеге қол жеткізгенше титрлейді. Хирургиялық араласулар: 8%-ға дейінгі концентрациядағы севофлуран ингаляциясы 2 минуттан аз уақыт ішінде жалпы анестезияға енуді қамтамасыз етеді. Демеуші жалпы анестезия: жалпы анестезияның қажетті деңгейін севофлуранның 0,5-3% концентрациясын азот тотығымен бірге немесе онсыз ингаляция жолымен демеуге болады.Толық ақпарат алу үшін дәрілік препараттың қолданылуы жөніндегі нұсқаулығына жүгініңіз.