N01AB06 Изофлуран¹ (Isoflurane)
Қолдану көрсеткіштері
Наркозға енгізу және оны демеу;кесір тілігі кезінде анестезияны демеу.
-
Клинические протоколы:
- Хроническая посттромбоэмболическая легочная гипертензия
- Экстракорпоральная мембранная оксигенация как метод лечения тяжелых форм дыхательной и сердечной недостаточности
- Болезнь Гиршпрунга у детей
- Хирургическое лечение транспозиции магистральных сосудов у детей
Қарсы көрсеткіштері
Препаратқа немесе басқа галоген құрамды анестетиктерге жоғары сезімталдық; расталған немесе күдікті қатерлі гипертермияға генетикалық бейімділік; миопатия, бұлшықет дистрофиясы, Король синдромы (гипертермиялық синдром), миотония; шығу тегі белгісіз қызба және/немесе дамып жатқан сары ауру; изофлуран препаратын немесе басқа галогенизирленген анестетиктерді қабылдағаннан кейінгі эозинофилия.
Қауіпсіздік шаралары
Қатерлі гипертермияны шақыру мүмкін; бас сүйек қысымының жоғарылауы ( цероброспинальді қысым жоғарылауы мүмкін).Толық ақпарат алу үшін дәрілік препараттың қолданылуы жөніндегі нұсқаулығына жүгініңіз.
Дәрілік заттармен өзара әрекеттесуі
Изофлуран барлық белгілі миорелаксанттардың әсерін потенцирлейді; эпинефрин - суправентрикулярлы немесе вентрикулярлы аритмияда; β-симпатомиметикалық препараттар - аритмия; азот тотығы - ересек науқастарда МАК төмендетеді; кальций антогонистері, қан тамырларын кеңейтетін препараттар, ААФ тежегіштері немесе альфа-адренорецепторлардың антогонистері - болжауға келмейтін гипотензияның дамуы; моноаминооксидаза тежегіштері - жалпы анезтезияның әсерін жоғарылатады; операция алды кезеңінде қолданылатын бета-блокаторлар изофлуранның жүрек соғу жиілігінің жоғарылату әсерін төмендетеді; изониазид - ферменттердің белсенділігін күшейтеді; опиоидты анальгетиктер - изофлуранның тынысты тежейтін әсерін потенцирлейді.
Жүктілік
Жүктіліктің бірінші триместрінде ұсынылмайды; босану кезінде қолданғанда жаңа туылған баланың тынысын төмендетуі мүмкін; жүктілік кезенде кез келген анестетиктерді қолданбау.
Емізу
Препарат ағзадағы айналымнан шыққаннан соң бала емізуді жалғастыруға болады.
Жағымсыз әсерлері
Жиі: тыныстың тежелуі, цианоз, артериальді гипотензия, аритмия, тремор, қалтырау, жүрек айну, операциядан кейінгі кезеңде құсу, тахикардия, көңіл-күйдің бұзылуы.Өте сирек: бауыр жеткіліксіздігі, бронх түйілуі, қатерлі гипертермия, жоғары сезімталдық (жанаспалы дерматит, бөртпе, диспноэ, шулы тыныс, кеуде қуысында жайсыздық, беттің ісінуі, немесе анафилактикалық реакцияны қоса) - изофлуранды қоса, әсіресе ұзақ мерзімді ингаляциялық агенттерді қолданғанда, сульфобромфталеин, глюкоза, қан плазмасындағы креатинин деңгейлерінің транзиторлық артуы, холестерин мен сілтілі фосфатаза, мочевина деңгейінің төмендеуі, транзиторлы лейкоцитоз, тіпті хирургиялық стресс болмағанда.Жеке жағдайларда: жөтел, тыныстың қиындауы, ларингоспазм (индукция фазасында), ішек парезі, қатерлі гипертермия синдромы, бүйрек қызметінің бұзылуы.
Балаларда қолданылуы
Изофлуранды балаларда туылғаннан кейін қолданады.