N01AB01 Галотан¹ (Halothane)
Қолдану көрсеткіштері
Жалпы анестезия кезінде кіріспе және демеуші наркоз.
Қарсы көрсеткіштері
Құрамында фтор бар алифаттық қосылыстарға жоғары сезімталдық, порфирия, gravis миастениясы, гиперкапния, анамнезінде наркозға галотанды қолданудан кейін сарғаю немесе қатерлі гипертермия туындайтын жағдайлар, бассүйекішілік жоғары қысым, феохромоцитома, жүрек ырғағының бұзылуы, операциялық аймақта эпинефринді қолдану, тиреотоксикоз, артериялық гипотензия.
Қауіпсіздік шаралары
Галотанды қолданғаннан кейін үш ай аралығында оның қайталап қолдануын болдырмау қажет. Феохромоцитомасы, астениялық бульбарлы салдануға ұшыраған пациенттерге сақтықпен қолдану керек. Қатерлі гипертермияға алып келетін қаңқа бұлшықеттерінің гиперметаболизмін тудырады. Брадикардия және дозаға тәуелді қысым төмендеуінің дамуы мүмкін. Нейрохирургиялық операциялар кезінде жұлынми сұйықтығы қысымының және/немесе бассүйекішілік қысымның жоғарылауы байқалуы мүмкін. Созылмалы маскүнемдікке шалдыққан науқастарға препараттың жоғары дозалары қажет.
Дәрілік заттармен өзара әрекеттесуі
Эпинефрин, басқа симпатомиметикалық заттар - аритмиялар даму қаупінің жоғарылауы. Жатыр тонусын жоғарылататын заттар- бұл препараттар әсерінің төмендеуі. Морфин, тубокурарин, ганглиоблокаторлар, тамырларды кеңейтін заттар және эпидуральді немесе субарахноидальді анестезияда қолданылатын дәрілер - артериялық гипертензия даму қаупі. Фенитоин - уытты әсер қаупінің жоғарылауы. Опиоидты анальгетиктер, бензодиазепин және фенотиазин - тыныс алу қызметіне тежеуші әсердің күшеюі. Оймақгүл, неостигмин препараттары - гипотензиялық дәрілер әсерінің күшеюі, брадикардия дамуы. Кетамин - галотанның жартылай шығарылу кезеңінің артуы. Суксаметоний - қатерлі гипертермия даму мүмкіндігінің жоғарылауы. Аминогликозидтер, линкомицин және полимиксиндер - жүйке- бұлшықеттік блокадасын күшейтеді, апноэ даму қаупі.
Бүйрек жеткіліксіздігі
Сақтықпен қолдану.
Бауыр жеткіліксіздігі
Гепатоуытты. Гепатоуыттты симптомдар дамуының қауіп факторларына жатады: әйел жынысы, артық дене салмағы, орта жас және ауырлаған аллергоанамнез. Сары ауру, гепатит, бауыр қызметінің айқын бұзылыстарында қарсы көрсетілген.
Жүктілік
Босанудан кейінгі қан кетулер даму қаупіне байланысты акушерлік тәжірибеде қолдану ұсынылмайды. Жүктіліктің бірінші триместрінде, босану кезінде және босанудан кейінгі ерте кезеңдерде қарсы көрсетілген. Жүктіліктің екінші және үшінші триместрлерінде тек өмірлік көрсетілімдер бойынша және қатаң бақылаумен ғана қолданылуы мүмкін.
Емізу
Бала емізу наркозға дейін тоқтатылуы тиіс және 24 сағаттан соң емізу жалғастырылуы мүмкін.
Жағымсыз әсерлері
Жиі: артериялық қысымның төмендеуі, жүрек ырғағының бұзылуы, брадикардия, аритмия (гипоксия жағдайындағы, гиперкапния), тыныс алудың тежелуі, бассүйекішілік гипертензия, қатерлі гипертермия, дене температурасының төмендеуі (әсіресе жас балаларда), наркоздан кейінгі делирий, бас ауыру, жүректің айнуы, тремор (оянғаннан кейін).Сирек: сарғаю, гепатит, бауыр некрозы пайда болғанға дейін бауыр функциясының бұзылысы, әсіресе бірнеше рет қолданғанда.
Балаларда қолданылуы
Ингаляциялық наркоз. Балалар. Индукция үшін 1,5-2,0 к.% концентрациясы қолданылады. 6 айға дейінгі балаларға арналған галотанның ЕАК оттегімен қоспасында – 1,08 к. %; 10 жасқа дейінгі балаларға –0,92 к. %. Стационардан тыс жағдайларда 18 жасқа дейінгі балаларға стоматологиялық манипуляциялар жүргізу кезінде қарсы көрсетілген.Ескерту: өте жиі аритмия дамиды, ЭКГ көрсеткіштерін, артериялық қысымды байқау керек. Қан сарысуында калий мөлшері артуы мүмкін, бұл операциядан кейінгі кезеңде аритмияларға және нәрестенің өліміне әкеп соғады, әсіресе жүйке-бұлшықет аурулары (атап айтқанда Дюшенн бұлшықет дистрофиясы) бар балаларда. байқалды.