M05BX04 Денозумаб¹ (Denosumab)
Қолдану көрсеткіштері
Пролиа®Менопаузадан кейінгі кезеңдегі әйелдерде және сынулар қаупі жоғарылаған ер адамдарда остеопорозды емдеу.Сыну қаупі жоғары еркектердегі қуық асты безінің обырында гормон-депривациялық емнен туындаған сүйек салмағын жоғалтуды емдеу.Иксгева®Сүйекке метастазданатын ауқымды ісіктері бар ересектерде сүйек тіні тарапынан болатын асқынулардың алдын алу.Қаңқасы қалыптасқан, сүйектердің алыпжасушалы ісігінің резекцияланбайтын формалары немесе функционалдық нәтижелері қанағаттанарлықсыз болғаны белгілі сүйектердің алыпжасушалы ісігінің шартты резекцияланатын формалары бар ересек пациенттер мен жасөспірімдерді емдеу.
-
Клинические протоколы:
- Остеопороз
- Рак предстательной железы
- Первичный гиперпаратиреоз
Ақпарат тіркелуден кейін қолжетімді
Қарсы көрсеткіштері
Препараттың кез келген компонентіне жоғары сезімталдық, айқын гипокальциемия, тұқым қуалайтын фруктозаны көтере алмаушлық.
Ақпарат тіркелуден кейін қолжетімді
Қауіпсіздік шаралары
Гипокальциемия дамуының қауіп факторлары бар немесе науқастың клиникалық жағдайының негізінде осындай мониторинг жүргізу көрсетілген жағдайларда емдеу барысында кальций деңгейіне мониторинг жүргізу ұсынылады. Жақсүйек остоенекрозының даму жиілігіне байланысты препаратпен емді бастамас бұрын ауыз қуысын тексеру және тіс дәрігерінің тексерісінен алдын алу өту ұсынылады. Атиптік жамбас сынықтары - жамбас сүйегінің проксимальды аумағының диафиздік немесе шұңқыр асты сынулары - жарақаттың болмауы немесе кіші жарақаттар кезінде пайда болуы мүмкін.
Ақпарат тіркелуден кейін қолжетімді
Бүйрек жеткіліксіздігі
Дозасын түзету талап етілмейді. Кальций деңгейіне мезгілімен мониторинг жүргізу. Креатинин клиренсі 30 мл/мин төмен, сондай-ақ диализде жүрген пациенттерде гипокальциемияның даму қаупі артады.
Ақпарат тіркелуден кейін қолжетімді
Емізу
Препаратты қолдану қажет болған жағдайда бала емізуді тоқтату.
Ақпарат тіркелуден кейін қолжетімді
Жағымсыз әсерлері
Өте жиі: ентігу, диарея.Жиі: гипокальциемия, гипофосфатемия, жақсүйек остеонекрозы, тістерді жұлу, гипергидроз.Жиі емес: аса жоғары сезімталдық реакциялары, терінің және оның өсінділерінің инфекциялары.Өте сирек: атиптік ортан жілік сынулары.Маңызды! Мұнда жанама реакциялардың қысқаша сипаттамасы берілген. Толық ақпарат алу үшін дәрілік препараттың қолданылуы жөніндегі нұсқаулығына жүгініңіз.
Ақпарат тіркелуден кейін қолжетімді
Балаларда қолданылуы
Пролиа®: тиімділігі мен қауіпсіздігі зерттелмегендіктен, 18 жасқа дейінгі балаларға қолдану ұсынылмайды.Иксгева®: сүйектің алыпжасушалы ісігі бар, қаңқасы қалыптасқан жасөспірімдерді қоспағанда, 18 жасқа дейінгі балаларда тиімділігі мен қауіпсіздігі анықталмаған.
Ақпарат тіркелуден кейін қолжетімді