A10BH05 Линаглиптин¹ (Linagliptin)

Қолдану көрсеткіштері

Диетаға және дене жаттығуларына қосымша ретінде 2-ші типті қант диабеті бар ересек пациенттерге гликемиялық бақылауды жақсарту мақсатында:Монотерапия: метформинді көтере алмаушылық немесе оның бүйрек жеткіліксіздігі салдарынан қолданылуына қарсы көрсетілім болғанда.Біріктірілген ем: гликемиялық бақылауы жеткіліксіз пациенттерге, басқа диабетке қарсы дәрілік препараттармен, оның ішінде инсулинмен біріктірілімде.Клиникалық хаттама:   1. 2 типті қант диабеті
    Клинические протоколы:
  1. Сахарный диабет 2 типа

Қарсы көрсеткіштері

1-ші типті қант диабеті, диабеттік кетоацидоз, препараттың кез келген компонентіне жоғары сезімталдық.

Қауіпсіздік шаралары

Ауру тарихында панкреатит диагнозы анықталған пациенттерге айрықша сақ болу керек.Маңызды! Толық ақпарат алу үшін дәрілік препараттың қолданылуы жөніндегі нұсқаулығына жүгініңіз.

Дәрілік заттармен өзара әрекеттесуі

Рифампицин - линаглиптиннің плазмадағы концентрациясының төмендеуі. Р-гликопротеин және CYP3A4 күшті индукторлары (карбамазепин, фенобарбитал және фенитоин) - өзара әрекеттесуі зерттелмеген. Инсулин және/немесе сульфонилмочевина туындылары - гипогликемияның даму қаупі.Маңызды! Мұнда дәрілік өзара әрекеттесулердің қысқаша сипаттамасы берілген. Толық ақпарат алу үшін дәрілік препараттың қолданылуы жөніндегі нұсқаулығына жүгініңіз.

Бүйрек жеткіліксіздігі

Дозасын түзету талап етілмейді.

Бауыр жеткіліксіздігі

Дозасын түзету талап етілмейді.

Жүктілік

Қарсы көрсетілген.

Емізу

Қарсы көрсетілген.

Жағымсыз әсерлері

Асқын сезімталдық, гипогликемия, жөтел, панкреатит, назофарингит, іштің қатуы, ойық жаралы стоматит, ангионевротикалық ісіну, есекжем, бөртпе.Маңызды! Мұнда жанама әсерлердің қысқаша сипаттамасы берілген. Толық ақпарат алу үшін дәрілік препараттың қолданылуы жөніндегі нұсқаулығына жүгініңіз.

Балаларда қолданылуы

18 жасқа дейінгі балаларға қарсы көрсетілген. 18 жасқа дейінгі балаларда тиімділігі мен қауіпсіздігі анықталмаған, препаратты қолдану бойынша ұсынымдары жоқ.