M03AC06 Пипекуроний бромиді¹ (Pipecuronii bromidum)

Қолдану көрсеткіштері

20-30 минуттан астам миорелаксацияны қажет ететін әртүрлі хирургиялық операциялар барысында жалпы анестезия кезіндегі қаңқа бұлшықетінің релаксациясы және эндотрахеальді интубация.
    Клинические протоколы:
  1. Столбняк
  2. Тяжелая черепно-мозговая травма
  3. Иммунная тромбоцитопения у взрослых
  4. Пароксизмальная ночная гемоглобинурия у взрослых
  5. Опухоли основания черепа (хирургическое лечение)
  6. Хроническая посттромбоэмболическая легочная гипертензия
  7. Экстракорпоральная мембранная оксигенация как метод лечения тяжелых форм дыхательной и сердечной недостаточности
  8. Болезнь Гиршпрунга у детей
  9. Врожденная высокая кишечная непроходимость у новорожденных
  10. Врожденная низкая кишечная непроходимость
  11. Врожденные пороки развития легких у новорожденных
  12. Гастрошизис. Омфалоцеле (Экзомфалоз)
  13. Пороки развития диафрагмы у новорожденных
  14. Пороки развития пищевода у новорожденных
  15. Хирургическое лечение транспозиции магистральных сосудов у детей
  16. Изосерологическая несовместимость крови матери и плода

Ақпарат тіркелуден кейін қолжетімді

Қарсы көрсеткіштері

Пипекуронийге және бромидтерге жоғары сезімталдық, миастения.

Ақпарат тіркелуден кейін қолжетімді

Қауіпсіздік шаралары

Тек қана стационар жағдайында және жаңадан дайындалған ерітіндіні ғана қолдану! Гипокалиемия, гипермагниемия, гипокальциемия (трансфузия), дегидратация, ацидоз, гипопротеинемия, гиперкапния, кахексия препарат әсерінің күшеюіне және ұзаруына ықпал етеді. Басқа миорелаксанттар сияқты парциальді тромбопластиндік және протромбиндік уақытты төмендетуі мүмкін.

Ақпарат тіркелуден кейін қолжетімді

Дәрілік заттармен өзара әрекеттесуі

Ингаляциялық және көктамыр ішілік анестетиктер, кейбір антибиотиктер - пипекуроний бромиді әсерінің ұзаруы және күшеюі.Ұзақ мерзімді алдын ала глюкокортикостероидтар, неостигмин, пиридостигмин, норадреналин, азатиоприн, теофиллинді қабылдау - пипекуроний бромиді әсерінің әлсіреуі.Апротинин - апноэ туындау қаупі.Маңызды! Мұнда дәрілік өзара әрекеттесулердің қысқаша сипаттамасы берілген. Толық ақпарат алу үшін дәрілік препараттың қолданылуы жөніндегі нұсқаулығына жүгініңіз.

Ақпарат тіркелуден кейін қолжетімді

Бүйрек жеткіліксіздігі

Қарсы көрсетілген.

Ақпарат тіркелуден кейін қолжетімді

Бауыр жеткіліксіздігі

Ауыр дәрежесінде қарсы көрсетілген.

Ақпарат тіркелуден кейін қолжетімді

Жүктілік

Қарсы көрсетілген.

Ақпарат тіркелуден кейін қолжетімді

Емізу

Қолданбау.

Ақпарат тіркелуден кейін қолжетімді

Жағымсыз әсерлері

Қимыл-тірек аппараты тарапынан: миорелаксацияны тоқтатқаннан кейін бұлшықеттің әлсіреуі, бұлшықет атрофиясы, қаңқа бұлшықетінің салдануы.Жүйке жүйесі тарапынан: ОЖЖ тежелуі, гипестезия, инсульт.Тыныс алу жүйесі тарапынан: гипопноэ, апноэ, өкпе ателектазы, ларингоспазм, тыныстың тежелуі, бронх түйілуі, тыныс алу жеткіліксіздігі.ЖҚЖ тарапынан: брадикардия, АҚ жоғарылауы немесе төмендеуі, миокард (миокард инфарктісіне дейінгі) және ми ишемиясы, жүрекше фибрилляциясы, қарыншалық экстрасистолия.Қан түзу ағзалары және гемостаз жүйесі тарапынан: ішінара тромбопластинді және протромбинді уақыттың азаюы, тромбоз.Несеп шығару жүйесі тарапынан: анурия.Басқа: гиперкреатининемия, гипогликемия, гиперкалиемия, тері бөртпесі, есекжем, жекелеген жағдайларда - анафилактикалық реакциялар.

Ақпарат тіркелуден кейін қолжетімді

Балаларда қолданылуы

Біріктірілген наркоз үшін. 3 айдан 1 жасқа дейінгі балалар: төменгі дозалар ұсынылады - дене салмағына 0,04-0,06 мг/кг; 12 айдан 14 жасқа дейінгі балалар: бастапқы доза дене салмағына 0,08-0,09 мг/кг. Миорелаксацияны 25 минутқа ұзарту қажет болған жағдайда бастапқы дозаның 1/3 құрайтын дозада қайта енгізу керек. 3 айға дейінгі балаларға қарсы көрсетілген.

Ақпарат тіркелуден кейін қолжетімді