M03AC04 Атракурий безилаты¹ (Atracurium)

Қарсы көрсеткіштері

Атракурий, цисатракурий, бензолсульфон қышқылына жоғары сезімталдық.

Қауіпсіздік шаралары

Атракурий безилаты жүйке-бұлшықет блокадасы үшін қолданылатын басқа да препараттарға айқын жоғары сезімталдығы бар пациенттерге сақтықпен тағайындалуы тиіс,  осы топтағы дәрілік заттардың қарама-қайшы жоғары сезімталдығы дамуының дәрежесі жоғары  болуына байланысты (50%дейін).

Дәрілік заттармен өзара әрекеттесуі

Маңызды! Кейбір препараттар  деполяризацияламайтын миорелаксанттардың әсерін күшейтуі немесе ұзартуы мүмкін- толығырақ ақпарат алу үшін дәрілік препараттың нұсқаулығын қараңыз.• Аминогликозидтер, клиндамицин, циклофосфамид, магний тұздары (инъекциялар) фенитоин, карбамазепин, лидокаин, метоклопрамид, пиперациллин, хинин, ванкомицин, верапамил, ұшқыш анестетиктер –суксаметоний әсерін күшейтеді (жүйке-бұлшықет блокадасы күшейеді немесе өткізгіштіктің қалпына келуі кідіріледі);• Прозерин, пиридостигмин –деполяризацияламайтын миорелаксанттардың әсеріне антагонисттер;• Фенитоин–ұзақ мерзімді қабылдауда әсері төмендейді, бірақ қысқа мерзімді қабылдауда әсері күшеюі мүмкін.Ескерту: Мұнда кейбір маңызды дәрілік өзара әрекеттесулердің қысқаша сипаттамасы берілген. Қосымша ақпарат және дәрілік заттардың өзара әрекеттесуі туралы ұсыныстар алу үшін дәрілік препараттың қолданылуы жөніндегі нұсқаулығына немесе өзара әрекеттесулер туралы ақпарат көздеріне жүгініңіз.

Бүйрек жеткіліксіздігі

Дозаны түзету талап етілмейді.

Бауыр жеткіліксіздігі

Дозаны түзету талап етілмейді.

Жүктілік

Жүктілік кезінде ана үшін күтілетін пайда ұрық үшін ықтимал қауіптен жоғары болған жағдайда ғана қолданылуы мүмкін.

Емізу

Қарсы көрсетілген.

Жағымсыз әсерлері

Жиі: жеңіл транзиторлы артериялық гипотензия, терінің қызаруы;Жиі емес: бронхоспазм;Сирек: есекжем;Өте сирек: анафилактикалық және анафилактоидтық реакциялар, құрысулар (көбінесе реанимацияда жатқан және басқа да препараттарды қабылдап жүрген пациенттерде. Әдетте, бұл науқастарда алдында болған бас сүйек-ми жарақаты, бас миының ісінуі, вирустық энцефалит, гипоксиялық энцефалопатия, уремия    құрысулар дамуы үшін алғышарттар болған).

Балаларда қолданылуы

Бір айдан асқан балаларға баланың дене салмағына сәйкес, ересектерге арналған доза сияқты тағайындайды. 1 айға дейінгі балаларға қарсы көрсетілген.