A10BH03 Саксаглиптин (Saxagliptin)

Қолдану көрсеткіштері

Монотерапия: гликемиялық бақылауды жақсарту үшін дене жүктемесіне және диетаға қосымша ретінде 2 типті қант диабетінде.Біріктірілген ем: егер бар емдеу тиісті гликемиялық бақылауға алып келмесе, басқа диабетке қарсы препараттармен (инсулинді қоса) біріктірілімінде 2 типті қант диабеті.Клиникалық хаттама:   1. 2 типті қант диабеті
    Клинические протоколы:
  1. Сахарный диабет 2 типа

Ақпарат тіркелуден кейін қолжетімді

Қарсы көрсеткіштері

ДПП-4 тежегіштеріне анафилаксия немесе ангионевроздық ісіну сияқты күрделі аса жоғары сезімталдық реакциялары, 1 типті қант диабеті, диабеттік кетоацидоз, галактозаны көтере алмаушылық, лактазды жеткіліксіздік және глюкозо-галактозалық мальабсорбция.

Ақпарат тіркелуден кейін қолжетімді

Қауіпсіздік шаралары

Диабеттік кетоацидозды емдеу үшін және 1 типті қант диабеті бар пациенттерге қолданбау. Күрделі аса жоғары сезімталдық реакцияларына күдіктенгенде препаратты қабылдауды тоқтату. Көлік құралын немесе басқа да қауіптілігі ықтимал механизмдерді басқаруда сақтық таныту.

Ақпарат тіркелуден кейін қолжетімді

Дәрілік заттармен өзара әрекеттесуі

CYP3A4/5 индукторлары (карбамазепин, дексаметазон, фенобарбитал, фенитоин, рифампицин) - плазмада саксаглиптин концентрациясының төмендеуі және оның негізгі метаболиті концентрациясының артуы мүмкін.Кетоконазол - қан плазмасында кетоконазол концентрациясының төмендеуі.

Ақпарат тіркелуден кейін қолжетімді

Бүйрек жеткіліксіздігі

Емді бастар алдында бүйрек қызметінің жағдайына байланысты дозаны түзету қажет етіледі және емдеу барысында бүйрек қызметіне бағалау жүргізу ұсынылады. Креатинин клиренсі (КК) 50 мл/мин жоғары болғанда дозаны түзету қажет етілмейді; КК 50 мл/мин және төмен болғанда және сондай-ақ гемодиализде жүрген пациенттерге препараттың ұсынылатын дозасы тәулігіне бір рет 2,5 мг құрайды. Препаратты гемодиализден кейін қабылдау.

Ақпарат тіркелуден кейін қолжетімді

Бауыр жеткіліксіздігі

Дозасын түзету талап етілмейді.

Ақпарат тіркелуден кейін қолжетімді

Жүктілік

Қарсы көрсетілген.

Ақпарат тіркелуден кейін қолжетімді

Емізу

Қарсы көрсетілген.

Ақпарат тіркелуден кейін қолжетімді

Жағымсыз әсерлері

Жиі: жоғары тыныс алу жолдарының инфекциялары, несеп шығару жолдарының инфекциялары, синусит, гастроэнтерит, құсу, бас ауыруы, аса жоғары сезімталдық реакциялары.Сирек: бас айналуы.

Ақпарат тіркелуден кейін қолжетімді

Балаларда қолданылуы

18 жасқа дейінгі балаларға қарсы көрсетілген.

Ақпарат тіркелуден кейін қолжетімді