A10BH02 Вилдаглиптин (Vildagliptin)

Қолдану көрсеткіштері

2 типті қант диабеті: Монотерапия ретінде диетамен және дене жаттығуларымен үйлесімде, сондай-ақ метформинмен емге қарсы көрсетілімі бар немесе оның жағымсыздығы бар пациенттерде; екі компонентті біріктірілген ем құрамында: гликемиялық бақылауы жеткіліксіз метформинмен, метформинмен монотерапияда ең жоғары жағымды дозасына қарамастан, гликемиялық бақылауы жеткіліксіз пациенттерде сульфонилмочевинамен, метформинмен монотерапияда ең жоғары жағымды дозасына қарамастан және метформинмен емге қарсы көрсетілімі бар немесе оның жағымсыздығы бар пациенттерде, гликемиялық бақылауы жеткіліксіз тиазолидиндионмен пациенттерде және тиазолидиндионмен ем жағатын пациенттерде; сульфонилмочевина және метформинмен үш компонентті біріктірілген ем құрамында және диета, дене жаттығулары, сондай-ақ екі компонентті ем гликемияны талапқа сай бақылауға қол жеткізуге алып келмегенде;  диета, дене жаттығулары және инсулиннің тұрақты дозасы гликемияны талапқа сай бақылауға қол жеткізуге алып келмегенде инсулинмен біріктірілімде (метформинмен немесе онсыз).
    Клинические протоколы:
  1. Сахарный диабет 2 типа

Қарсы көрсеткіштері

Әсер етуші затқа немесе қосымша заттардың кез келгеніне аса жоғары сезімталдық; Тұқым қуалайтын фруктоза жақпаушылығы, Лапп лактаза тапшылығы, глюкоза – галактоза мальабсорбциясы бар пациенттер.

Қауіпсіздік шаралары

 • Препаратты 1 типті қант диабеті бар пациенттерде диабеттік кетоацидозды емдеу үшін қолдануға болмайды. • NYHA бойынша IV функционалды класты пациенттерде клиникалық сынақтарда  қолдану тәжірибесі жоқ сондықтан оны мұндай пациенттерде қолдану ұсынылмайды. • Препаратты диабет ауруы бар пациенттерге тағайындағанда терінің күлдіреуік немесе ойық жаралану сияқты бұзылулары болуына мониторинг жүргізу ұсынылады.•Егер панкреатитке күдік болса препаратты қолдануды тоқтату керек, егер панкреатит анықталса, онда  препаратымен ем жаңғыртылмауы тиіс• Сульфонилмочевинамен біріктірілгенде гипогликемияның даму қаупін төмендету үшін сульфонилмочевина дозасын азайту қажет болуы мүмкін.•  Препаратпен емдеу аясында бас айналу дамыған кезде пациенттерге автокөлікті басқаруға немесе механизмдермен жұмыс істеуге болмайды.

Дәрілік заттармен өзара әрекеттесуі

• АӨФ тежегіштері- бір мезгілде қолдану кезінде ангионевроздық ісіну дамуының жоғары қаупі байқалуы мүмкін.• Басқа да диабетке қарсы пероральді дәрілік заттар  тиазидтер, кортикостероидтар, тиреоидты препараттар және симпатомиметиктер-   бір мезгілде қолдану гипогликемиялық әсерін төмендетілуі мүмкін

Бүйрек жеткіліксіздігі

Бүйрек жеткіліксіздігі бар пациенттерге дозаны түзету керек.

Бауыр жеткіліксіздігі

Препаратын емдеуді бастар алдында бастапқы АЛТ немесе АСТ жоғарғы қалып шегінен >3 еседен аса артатын пациенттерді қоса, бауыр функциясы бұзылған пациенттерге тағайындау ұсынылмайды.Ем кезінде бірінші жыл бойына әр үш ай сайын және кейіннен  мезгіл-мезгіл бауырдың функциясын бақылау керек.сарғаю немесе бауыр функциясы бұзылуының басқа да белгілері дамығанда препаратпен емді дереу тоқтату керек. Бауыр функциясының көрсеткіштері қалпына келгеннен кейін препаратпен емдеуді жаңғыртуға болмайды.

Жүктілік

Қарсы көрсетілген.

Емізу

Қарсы көрсетілген.

Жағымсыз әсерлері

Монотерапия түрінде қолданғанда: Жиі: бас айналуы.Жиі емес: бас ауыруы, іш қатуы, шеткері ісіну, гипогликемия, буындардың ауыруы.Өте сирек: жоғарғы тыныс жолдарының инфекциялары, назофарингит.Метформинмен біріктірілімде: Жиі: гипогликемия, тремор, бас ауыруы, бас айналуы, жүрек айнуы.Жиі емес: шаршағыштық сезіну.Глимепиридпен  біріктірілімде: Жиі: бас ауыруы, бас айналуы, әлсіздік, тремор, гипогликемия; Жиі емес: іш қатуы. Өте сирек: назофарингит.Тиазолидиндион туындыларымен біріктірілімде: Жиі: салмақ артуы, шеткері ісіну. Жиі емес: бас ауыруы, астения, гипогликемия.Инсулинмен біріктірілімде: Жиі: бас ауыруы, қалтырау, жүрек айнуы, гастроэзофагельді рефлюксті ауру, қандағы глюкоза деңгейінің төмендеуі.Жиі емес: диарея, метеоризм.Метформин мен сульфонилмочевина біріктірілімі: Жиі: бас айналуы, тремор, астения, гипогликемия, гипергидроз.

Балаларда қолданылуы

18 жасқа дейінгі балалар мен жасөспірімдерге қолданудың қауіпсіздігі және тиімділігі  туралы деректер жоқ болғандықтан қарсы көрсетілген.