M01AC01 Пироксикам (Piroxicam)

Қолдану көрсеткіштері

Ревматоидты артрит, остеоартрит, шорбуынданатын спондилит.
    Клинические протоколы:
  1. Гастропатии, индуцированные приемом нестероидных противовоспалительных препаратов

Қарсы көрсеткіштері

Препараттың кез келген компонентіне жоғары сезімталдық; белсенді немесе қайталанатын пептиттік ойық жара; аспиринге және басқа да қабынуға қарсы стероидты емес заттарға жоғары сезімталдығы бар пациенттердегі есекжем, ринит, бронх демікпесі.

Қауіпсіздік шаралары

Пироксикамды қоса, СЕҚҚП өлімге әкелуі ықтимал қан кету, ойық жаралы зақымдану, асқазанның, аш және тоқ ішектің тесілуін қоса, күрделі асқазан-ішек құбылыстарын туындатуы мүмкін. Асқазан-ішектің күрделі асқынуларының даму қаупі жас ұлғая артады. Бақыланбайтын гипертензия, іркілісті жүрек жеткіліксіздігі, анықталған ишемиялық кардиопатиясы, шеткергі артериялар аурулары және/немесе церебро-васкулярлы аурулары бар пациенттерге пироксикамды жағдайын мұқият бағалаудан кейін тағайындау. Препарат тромбоциттер агрегациясын төмендетеді және қан кету уақытын ұзартады. Емнің басында тері реакциялары дамуының жоғары қаупі бар, көп жағдайларда емдеудің бірінші айында. Көлік құралын және басқа да қауіптілігі жоғары механизмдерді басқарудан бас тарту.

Дәрілік заттармен өзара әрекеттесуі

Ацетилсалицил қышқылы - пироксикам тиімділігінің төмендеуі.Литий тұздары - бір мезгілде қабылдағанда литийдің бүйрекпен шығарылуы төмендейді, бірақ қан плазмасында оның деңгейі жоғарылайды, ағза үшін уытты.Метотрексат - қандағы метотрексат деңгейінің жоғарылауы және оның жағымсыз әсерлерінің күшеюі.Дигоксин - жүрек гликозидтері концентрациясының жоғарылауы.Антикоагулянттар, антиагреганттар, тромбоциттер агрегациясының тежегіштері - қан кету даму қаупінің жоғарылауы, антикоагулянттар дозасына мониторинг қажет.Диуретиктер - диуретиктер тиімділігінің төмендеуі.Калий жинақтаушы диуретиктер - қан сарысуындағы калий деңгейінің жоғарылауы.Маңызды! Мұнда дәрілік өзара әрекеттесулердің қысқаша сипаттамасы берілген. Толық ақпарат алу үшін дәрілік препараттың қолданылуы жөніндегі нұсқаулығына жүгініңіз.

Бүйрек жеткіліксіздігі

Сақтықпен қолдану.

Бауыр жеткіліксіздігі

Сақтықпен қолдану. Трансаминазалар деңгейіне, бауыр қызметіне бақылау қажет.

Жүктілік

Қарсы көрсетілген.

Емізу

Қарсы көрсетілген.

Жағымсыз әсерлері

Жиі: анемия, тромбоцитопения, лейкопения, эозинофилия, анорексия, бас айналуы, бас ауыруы, ұйқышылдық, құлақтағы шуыл, іштің ауыруы, іш қатуы, диарея, эпигастрий аймағындағы ауыру немесе жайсыздық, метеоризм, жүрек айнуы, құсу, диспепсия, бөртпе, қышыну.Жиі емес: көру жітілігінің төмендеуі, стоматит.Сирек: гипогликемия, гипергликемия, жүрек қағысының жиілеуі, интерстициальді нефрит, бүйректің бүртікті некрозы, нефротикалық синдром, бүйрек жеткіліксіздігі, гломерулонефрит.Өте сирек: Стивенс-Джонсон синдромы және уытты эпидермальді некролиз сияқты буллезді тері реакциялары.Маңызды! Мұнда жанама әсерлердің қысқаша сипаттамасы берілген. Толық ақпарат алу үшін дәрілік препараттың қолданылуы жөніндегі нұсқаулығына жүгініңіз.

Балаларда қолданылуы

18 жасқа дейінгі балаларға қарсы көрсетілген.