M01AB16 Ацеклофенак¹ (Aceclofenac)
Қолдану көрсеткіштері
Ревматоидты артрит, остеоартрит және шорбуынданатын спондилит кезінде ауыру сезімі және қабыну.
-
Клинические протоколы:
- Остеоартроз
- Острая ревматическая лихорадка и хроническая ревматическая болезнь сердца
- Анкилозирующий спондилит
- Гонартроз
- Идиопатические воспалительные миопатии
- Подагрический артрит
- Псориатический артрит
- Реактивные артриты (M02.8)
- Ревматоидный артрит
- Гастропатии, индуцированные приемом нестероидных противовоспалительных препаратов
Қарсы көрсеткіштері
Препарат компонентіне жоғары сезімталдық; жедел немесе анамнезінде асқазанның және он екі елі ішектің қайталама ойық жарасы /қан кетулер (соның ішінде күдіктенген кезде), қан түзілу (анемия, тромбоцитопения) және коагуляция бұзылыстары; «аспиринді» демікпе, «аспиринді» триада; ауыр жүрек жеткіліксіздігі, генетикалық негізделген галактоза жеткіліксіздігі, Лаппа лактазасының жеткіліксіздігі, глюкоза- галактоза мальабсорбция синдромы.
Қауіпсіздік шаралары
Жедел порфирия кезінде ұсынылмайды. Артериялық гипертензия және/немесе жеңіл/ салыстырмалы іркілісті жүрек жеткіліксіздігі (сұйықтықтың ұсталуы және ісінулер); бақыланбайтын артериялық гипертензия, жүректің расталған ишемиялық аурулары бар пациенттерде сақтықпен қолдану. Ацеклофенакті қоса, кейбір СЕҚҚП (әсіресе жоғары дозаларда және ұзақ қабылдағанда) қолдану артериялық тромбоз (мысалы, миокард инфарктісі немесе инсульт) даму қаупінің шамалы жоғарылауына алып келуі мүмкін. Қан көрсеткіштерін, бүйрек және бауыр қызметін жүйелі бақылап отыру керек. Асқазан және/немесе он екі елі ішектің ойық жарасы ауруында, цереброваскулярлы қан кетулер, жүйелі қызыл жегі (ЖҚЖ), гемопоэз және қан ұюының бұзылыстары бар науқастарда сақтықпен және қатаң медициналық бақылаумен қолдану керек. Сұйықтықтың ұсталуына алып келетін басқа да жағдайлары бар (бүйрек қызметінің төмендеуіне және сұйықтықтың ұсталуына алып келууі мүмкін) және диуретиктермен терапия жүргізілетін немесе гиповолемия бойынша қауіп тобындағы пациенттер қауіпсіздік шараларын сақтауы керек. Егде жастағы пациенттер сақтықпен қолдануы керек, олар ауыр жанама реакцияларға бейімдірек (асқазан- ішектен қан кетулер және/ немесе перфорация), жанама реакциялар алдын ала симптомдарсыз және терапия кезінде кез келген уақытта ауыртпалығы шамалы анамнезінде дамуы мүмкін. Егде жастағы пациенттерде бүйрек, бауыр, жүрек және тамырлар қызметі бұзылыстарының ықтималдығы жоғары.
Дәрілік заттармен өзара әрекеттесуі
Метотрексат - метотрексат клиренсінің төмендеуі. Литий препараттары, дигоксин - бұл заттардың қан плазмасында концентрациясының жоғарылауы. Антикоагулянттар - антикоагулянттар әсерінің күшеюі және қан кету қаупінің жоғарылауы. Циклоспорин, такролимус - нефротоксикалығының жоғарылау қаупі. Диуретиктер - диуретикалық әсерінің төмендеуі және қан сарысуында калийдің жоғарылауы. Кортикостероидтар- ойық жара және асқазан- ішек жолынан қан кетулер даму қаупі. Гипотензивті заттар - гипотензивті әсерінің төмендеуі. Пероралді гипогликемиялық заттар - айқын гипогликемия пайда болуы мүмкін. Зидовудин - гематологиялық уыттылығының даму қаупі.
Бүйрек жеткіліксіздігі
Бүйрек қызметінің ауыр бұзылыстарында қарсы көрсетілген.
Бауыр жеткіліксіздігі
Дозасын төмендету қажет, бастапқыда күніне 100 мг. Бауыр қызметінің ауыр бұзылыстарында қарсы көрсетілген.
Жүктілік
Қарсы көрсетілген.
Емізу
Қарсы көрсетілген.
Жағымсыз әсерлері
жиі: бас айналуы, жүрек айнуы, диспепсия, іштің ауыруы, диарея, бауыр ферменттерінің жоғарылауы;сирек: құсу (сонымен бірге қан құсу), метеоризм, іштің қатуы, ауыз қуысының жаралануы, гастрит, мелена (геморрагиялық диареяны қоса), асқазан-ішек жолдары аймағында жаралар, асқазан-ішектен қан кетулер; қышыну, экзантема, дерматит, анафилактикалық реакциялар (шокты қоса), есекжем, геморрагиялық бөртпе, экзема, ауыр тері-шырышты реакциялар, Стивенс-Джонсон синдромы, Лайелл синдромы; васкулит; қанда мочевина мен креатининнің жоғарылауы, бронхоспазм, пневмонит; артериялық гипертензия (сонымен бірге асқынған), жүрек жеткіліксіздігі, ентігу, гранулоцитопения, тромбоцитопения, нейтропения, агранулоцитоз, гемолитикалық анемия, апластикалық анемия, гиперкалиемия; нефротикалық синдром, бүйрек жеткіліксіздігі, интерстициалды нефрит.
Балаларда қолданылуы
18 жасқа дейінгі балаларға қарсы көрсетілген.