M01AB15 Кеторолак¹ (Ketorolac)
Қолдану көрсеткіштері
Отадан кейінгі кезеңдегі қарқындылығы орташа және күшті жедел ауырсынуды қысқа уақытта шеттету үшін.
-
Клинические протоколы:
- Эхинококкоз у взрослых (эхинококкоз легкого)
- Морбидное ожирение. Метаболический синдром
- Гемифациальный спазм
- Головные боли (педиатрия)
- Невралгия тройничного нерва
- Поражение нервных корешков и сплетений
- Синдром Гийена-Барре
- Адгезивный средний отит
- Поражение уха и сосцевидного отростка после оперативного лечения на среднем ухе
- Аневризма брюшной аорты
- Аневризма торакоабдоминального отдела аорты
- Атеросклероз брюшной аорты и артерий нижних конечностей
- Варикозное расширение вен нижних конечностей
- Облитерирующий тромбоангиит (болезнь Винивартера - Бюргера)
- Реноваскулярная гипертензия
- Синдром грудного выхода
- Синдром хронической абдоминальной ишемии
- Искривление перегородки носа
- Полип голосовой складки и гортани
- Стеноз гортани
- Стеноз гортани у детей
- Стеноз трахеи
- Эмпиема плевры у взрослых
- Последствия термических и химических ожогов, отморожений, ран
- Врожденные и приобретенные деформации позвоночника
- Гнойный (пиогенный) артрит
- Гонартроз
- Кисты костей у детей
- Контрактура сустава
- Контрактура сустава у детей
- Механическая желтуха
- Перитонит
- Холангит у взрослых
- Хронический панкреатит у взрослых
- Остеохондропатии
- Повреждение мениска коленного сустава
- Подагрический артрит
- Поражение надколенника
- Приобретенная деформация носа
- Приобретенные деформации ушной раковины после травмы
- Псевдоартроз
- Рассекающий остеохондрит мыщелков бедренной кости
- Сколиозы у детей
- Осложнения, связанные с искусственным оплодотворением
- Врожденная мышечная кривошея
- Врожденные аномалии развития половых органов
- Кривошея
- Остеохондродисплазия
- Полидактилия
- Изосерологическая несовместимость крови матери и плода
- Абдоминальная травма
- Вывих ключицы
- Вывих плечевой кости
- Вывихи предплечья
- Закрытые повреждения голеностопного сустава
- Закрытые повреждения коленного сустава
- Закрытые повреждения коленного сустава у детей
- Закрытые повреждения локтевого сустава
- Нестабильность коленного сустава (повреждения крестообразных связок)
- Ожоги II – IIIA-Б - IV степени более 30%, глубоких более 10% поверхности тела
- Ожоги II – IIIA-Б - IV степени до 30%, глубоких до 10% поверхности тела (взрослые)
- Ожоги II – IIIА степени более 20% (взрослые)
- Ожоги поверхностные до 20% (взрослые)
- Ожоги у детей
- Открытые переломы верхних и нижних конечностей у детей
- Открытые раны конечностей и суставов конечностей не осложненные
- Открытые травмы кисти и стопы у детей
- Отморожение у детей
- Отморожения у взрослых
- Перелом грудного и пояснично-крестцового отдела позвоночника без нарушения функций спинного мозга
- Перелом ключицы
- Перелом костей предплечья
- Перелом костей предплечья у детей
- Перелом ладьевидной кости, костей запястья
- Перелом лодыжки у детей
- Перелом надколенника
- Перелом плеча
- Перелом пяточной кости
- Перелом таранной кости
- Переломы бедра у детей
- Переломы бедренной кости
- Переломы диафиза плеча у детей
- Переломы костей голени
- Переломы костей голени, кроме дистального отдела у детей
- Переломы костей таза у детей
- Переломы проксимального и дистального конца плеча у детей
- Переломы пястных костей
- Переломы ребра (ребер), грудины, лопатки у детей
- Переломы стопы и кисти у детей
- Переломы тел позвонков и их последствия у детей
- Переломы фаланг кисти
- Переломы, вывихи ключицы у детей
- Переломы, захватывающие несколько областей тела, у детей
- Повреждение вращательной манжеты плеча
- Повреждения боковых связок коленного сустава
- Повреждения костей таза
- Травматические вывихи у детей
- Последствия травм верхней и нижней конечности у детей
- Привычный вывих плечевого сустава, повреждение банкарта плечевого сустава, нестабильность плечевого сустава
- Размозжение и травматическая ампутация на уровне запястья и кисти
- Сочетанная травма у детей
- Термические и химические ожоги, ограниченные областью глаза и его придаточного аппарата
- Травма мышцы и сухожилия на уровне запястья и кисти
- Ущемленная грыжа
- Острый аппендицит
- Острая кишечная непроходимость
- Костно-пластическое восстановление стабильности плечевого сустава
- Закрытая торакальная травма
- Гастропатии, индуцированные приемом нестероидных противовоспалительных препаратов
- Рак поджелудочной железы
- Злокачественные новообразования прямой кишки
- Злокачественные новообразования ободочной кишки
Қарсы көрсеткіштері
Кеторолакқа асқын сезімталдық, толық немесе толық емес біріктірілімді бронх демікпесі, мұрын және мұрын маңы қуыстары полинозының қайталанулары және ацетилсалицил қышқылы немесе басқа да СЕҚҚП (анамнезінде) көтере алмаушылық, есекжем, ринит, сусыздану;Пиразолон қатарының дәрілік заттарын көтере алмаушылық, гиповолемия (оны туындатқан себептерге байланыссыз), қан кету немесе оның дамуына жоғары қауіп, аортокоронарлы шунттаудан кейінгі жағдай, расталған гиперкалиемия; өршу фазасындағы асқазан - ішек жолының эрозиялық - ойықжаралы зақымдануы, пептидтік ойылулар, гипокоагуляция (гемофилия); геморрагиялық инсульт (расталған немесе күдіктелген), геморрагиялық диатез (сонымен қатар қанның ұю бұзылысы) және операциядан кейінгі жоғары қан кету қаупі немесе толық емес гемостаз; қан түзілу бұзылысы; ішектің қабыну аурулары, хирургиялық ота жасауда немесе алдын ала ауырсынуды басуда жоғары қан кету қаупінде, созылмалы ауырсынулар.
Қауіпсіздік шаралары
Қабынуға қарсы стероидты емес препараттарды қараңыз.Сақтықпен: демікпе; холецистит; жүректің созылмалы жеткіліксіздігі; артериялық гипертензия; бүйрек функциясының бұзылуларында (плазма креатинині 50 мг/л төмен); белсенді гепатит; сепсис; жүйелік қызыл жегі; егде жас (65 жастан жоғары); басқа да қабынуға қарсы стероидты емес заттармен бірге қабалдағаннан мұрынның және мұрын - жұтқыншақтың шырышты қабықтарының полипі; асқазан - ішек жолында уытты факторлардың жоғарылауы: алкоголизм, шылым шегу; отадан кейінгі кезең, ісіну синдромы, жүретің ишемиялық ауруы, цереброваскулярлы ауру, дислипидемия/ гиперлипидемия, қант диабеті, шеткергі артериялардың ауруы, креатинин клиренсі 60 мл/мин төмен емес, анамнезінде асқазан - ішек ойық жаралары, H.pylori инфекциясының болуы, қабынуға қарсы стероидты емес заттарды ұзақ қабылдағаннан ауыр соматикалық аурулар, глюкокортикостероидты (клопидогрель), серотониннің қайта ұсталуының таңдамалы тежегіштері (циталопрам, флуоксетин, пароксетин, сертралин), гиповолемия. Кеторолакты жансыздандыруды демеу және акушерлік тәжірибеде ауырсынуды басуда перемедикация үшін қолдану ұсынылмайды. Парацетамолмен 5 күннен артық бірге қолданбау. Қан ұю бұзылыстары бар науқастарға тек тромбоцит санын тұрақты бақылау арқылы тағайындайды, әсіресе гемостазды мұқият бақылауды талап ететін отаға дейінгі кезеңде.Толық ақпарат алу үшін дәрілік препараттың қолданылуы жөніндегі нұсқаулығына жүгініңіз.
Дәрілік заттармен өзара әрекеттесуі
Ацетилсалицил қышқылы, басқа да СЕҚҚП, циклооксигеназа - 2 таңдамалы тежегіштерін қоса - СЕҚҚП әсер етуімен байланысты күрделі жағымсыз құбылыстардың индукциялану қаупі жоғарылауы мүмкін. Варфарин - антикоагулянтты әсерді күшейтеді. Пробенецид - қан плазмасында кеторолак концентрациясының және оның жартылай ыдырау кезеңін арттырады. Мифепристон - СЕҚҚП мифепристонның әсерін бәсеңдетуі мүмкін (мифепристонды қабылдағаннан кейін сегізінші - он екінші күндері ішінде пайдаланбаған жөн). Окспентифилл - қан кетуге жоғары бейімділік пайда болады. Кортикостероидтар - асқазан-ішек жолында ойық жаралардың немесе қан кетулердің даму қаупін жоғарылатады. Несеп жүргізетін дәрілер - диурездік әсерінің төмендеуі және СЕҚҚП нефроуыттылығының даму қаупін жоғарылатады. Циклоспорин, такролимус - нефроуыттылықтың даму қаупін жоғарылатады. Диуретиктер және гипертензияға қарсы дәрілік заттар - әсерін төмендетеді. ААФ (ангиотензин айналдырушы фермент) тежегіштері және / немесе ангиотензин II рецепторларының антагонистері - жедел бүйрек жеткіліксіздігі қаупі. Хинолиндер - құрысулардың даму қаупін арттырады. Зидовудин - гематологиялық уыттылық қаупін арттырады.Маңызды! Мұнда дәрілік өзара әрекеттесулердің қысқаша сипаттамасы берілген. Толық ақпарат алу үшін дәрілік препараттың қолданылуы жөніндегі нұсқаулығына жүгініңіз.
Бүйрек жеткіліксіздігі
Қан сарысуындағы креатинин 160 мкмоль/л жоғары болғанда қарсы көрсетілген. Бұлшықет ішіне және көктамыр ішіне енгізгендегі жоғары тәуліктік доза 60 мг.
Бауыр жеткіліксіздігі
Ауыр бауыр жеткіліксіздігі бар пациенттерге қарсы көрсетілген.
Жүктілік
Қарсы көрсетілген.
Емізу
Қарсы көрсетілген.
Жағымсыз әсерлері
Жиі: 12 - елі ішектің және асқазанның ойық жарасы, асқазан - ішектен қан кету немесе тесілуі, ойылуы, кейде өліммен аяқталатын қан кетуі, әсіресе егде жастағы адамдарда, жүрек айну, құсу, диарея, іштің қатуы, диспепсия, іштің ауруы/жайсыздық, мелена, «кофе қоюы» түрі бойынша құсу, стоматит, ойықтық стоматит, кекіру, метеоризм/ішектің кебуі, эзофагит, асқазан - ішек жолдарының жаралануы, тік ішектен қан кету, панкреатит, ауыздың құрғауы, асқазанның толысуын сезіну, колиттің өршуі және Крон ауруы, гастрит, асептикалық менингит (әсіресе аутоиммунды бұзылыстары бар пациенттерге), (жүйелік қызыл жегі, аралас біріккен тіндердің бұзылысы), тромбоцитопения (пурпурадан басқа), нейтропения, агранулоцитоз, апластикалық анемия және гемолитикалық анемия.Сирек: анафилактикалық шок, асқын сезімталдық реакциясы (бронхтық түйілулер, гиперемия, бөртпе, гипотония, көмейдің ісінуі), олар анамнезінде Квинке ісінуі/ангионевротикалық ісіну (жедел шектелген ісіну) немесе бронхоспастикалық реактивтілік тіркелген пациенттерде байқалады, анорексия, гиперкалиемия, гипонатриемия, ойлаудың ақаулары, депрессия, ұйқысыздық, алаңдаушылықтың бұзылуы, ашушаңдық, психотроптық депрессивтік реакциялар, галлюцинация, эйфория, қабілеттілікпен концентрацияның бұзылысы, ұйқышылдық, сананың шатасуы және жүйкенің тітіркенуі/қозуы, бас ауру, бас айналу, тырыспа, парестезия, гиперкинеза, дәм сезудің аномалиясы, ауыр бүйрек жеткіліксіздігі, жиі зәр шығару, интерстициальді нефрит, нефротикалық синдром, зәрдің ұсталуы, олигурия, гемолитико - уремиялық синдром, бүйрек шаншулары, зәрде калий және креатинин деңгейінің артуы, жүректің жиі соғуы, брадикардия, жүрек жеткіліксіздігі, гипертония, гипотония, гемотомалар, гиперемия, жабындардың бозаруы, отадан кейінгі жаралардан қан кету, әйелдердегі бедеулік, демікпе, ентігу, өкпенің ісінуі, эпистаксис, гепатит, холестаздық сарғаю, бауыр жеткіліксіздігі.Өте сирек: эксфолиативті дерматит, макуло - папулезді бөртпе, терінің қышуы, есекжем, пурпура, Квинке ісінуі/ангионевротикалық ісіну, тершеңдік, буллезді реакциялар, Стивенс - Джонсон синдромын қосқанда және уытты эпидермальді некролиз, экссудатты полиморфты эритема және терінің жоғары сезімталдығы, миалгия, функционалдық бұзылыс.
Балаларда қолданылуы
Бұлшықет ішіне терең және көктамыр ішіне енгізу кемінде 15 секундқа созылуы тиіс.Балаларға ересектер сияқты бірдей қолданылады; 60 мг ең жоғары тәуліктік доза 50 кг салмаққа дейінгі балалар.16 жасқа дейінгі балаларға қарсы көрсетілген, тиімділігі мен қауіпсіздігі анықталмаған.