L04AX05 Пирфенидон (Pirfenidone)

Қолдану көрсеткіштері

Ересек пациенттерде ауырлығы жеңіл және орташа дәрежедегі идиопатиялық өкпе фиброзында
    Клинические протоколы:
  1. Идиопатический легочный фиброз

Қарсы көрсеткіштері

Белсенді затқа немесе кез келген қосымша затқа жоғары сезімталдық; анамнезде пирфенидон қабылдау нәтижесінде болған ангионевроздық ісіну; флувоксаминмен бірге қолдану.

Қауіпсіздік шаралары

 •  Грейпфрут шырынын пирфенидонмен емделу кезінде тамақ ретінде пайдаланудан шығарып тастау керек. • Емделу кезінде тура түсетін күн сәулесінің әсеріне (күн сәулесінің шамын қоса) жол бермеу керек. Пациенттерге күн сайын күннен қорғайтын көзілдірікті пайдалануды, күннің әсерінен қорғайтын киім киюді, және фотосезімталдық реакциясын туындатуға қабілетті басқа дәрілік заттарды қабылдамауға кеңес беру қажет.  • Анамнезінде препаратты қабылдау әсерінен туындаған ангионевроздық ісіну орын алған пациенттерге тағайындамайды.  • Көлік құралдарын және басқа да қауіпті механизмдерді басқару кезінде сақ болу керек, себебі пациенттер ем кезінде көрудің бұзылуын, бас айналуын немесе шаршауын сезінуі мүмкін.

Дәрілік заттармен өзара әрекеттесуі

 • CYP1A2 күшті және селективті тежегіштері, CYP1A2 орташа тежегіштері, темекі шегу-препараттың жүйелі экспозициясын арттырады. • Күшті CYP1A2 индукторлары және препараттың метаболизміне қатысатын басқа да CYP изоферменттері- бірге қолданғанда плазмадағы препарат деңгейінің төмендеуі.Қолданар алдында қолдану жөніндегі нұсқаулықпен танысу керек.

Бүйрек жеткіліксіздігі

Бүйрек функциясының орташа жеткіліксіздігі бар (КК 30-50 мл/мин) пациенттерге препаратты сақтықпен тағайындау керек. Бүйрек функциясының ауыр жеткіліксіздігі (креатинин клиренсі < 30 мл/мин) немесе диализді қажет ететін бүйрек функциясы жеткіліксіздігінің терминальді сатысында қарсы көрсетілген. 

Бауыр жеткіліксіздігі

Аланин- және/немесе аспартатаминотрансфераза (АЛТ/АСТ) деңгейлері едәуір жоғарылаған жағдайда препараттың дозасын төмендету немесе емдеуді тоқтату керек. Плазмадағы препарат деңгейінің жоғарылауына байланысты жеңіл/ орташа ауыр дәрежедегі бауыр жеткіліксіздігі бар емделушілерге сақтықпен қарау керек. Бауыр функциясының ауыр жеткіліксіздігі немесе бауыр ауруының терминальді сатысына қарсы көрсетілген.

Жүктілік

Ұсынылмайды.

Емізу

Емізуді тоқтату немесе препарат тағайындау жөніндегі шешім, нәресте үшін емшек емудің немесе ана үшін емдеудің артықшылықтары арасындағы таңдауды ескеріп, қабылдануы тиіс

Жағымсыз әсерлері

Өте жиі: бас ауыру; ас қорыту бұзылысы, жүректің айнуы, диарея, анорексия; фотосезімталдық реакциясы, бөртпе; қажығыштықЖиі: жоғары тыныс алу жолдарының инфекциялары, несеп шығару жолдарының инфекциялары; салмақтың төмендеуі, тәбеттің төмендеуі ; ұйқысыздық; бас айналу, ұйқышылдық, дисгевзия, летаргия; ысынулар; ентігу, жөтел, өнімді жөтел; гастроэзофагеальді рефлюкстік ауру, құсу, іштің кебуі, іште жағымсыздықты сезіну, іштің ауыруы, іштің жоғарғы бөлігінің ауыруы, іште жайсыздықты сезіну, гастрит, іш қату, метеоризм; АЛТ, АСТ, гамма-глутамилтрансфераза деңгейлерінің жоғарылауы; терінің қышуы, эритема, терінің құрғауы, эритематозды бөртпе, макулезді бөртпе, қышытатын бөртпе; миалгия, артралгия; астения, кеудеде генезі кардиальді емес ауыру; күннен күю.Жиі емес: ангионевроздық ісінуСирек: агранулоцитоз; АЛТ және АСТ деңгейлерінің жоғарылауымен біріккен жалпы сарысулық билирубин деңгейлерінің жоғарылауы.

Балаларда қолданылуы

Қарсы көрсетілген.