A10BH01 Ситаглиптин (Sitagliptin)

Қолдану көрсеткіштері

Қандағы глюкоза деңгейін медикаментозды емес әдістер біріктірілімімен түзету (диета, физикалық жүктемелер), сонымен қатар басқа препараттармен біріктірілімде ересек пациенттердегі 2 типті қант диабетін емдеу. Диета және дене жүктемелерімен талапқа сай бақылау болмағанда, сондай-ақ метформинді қолдану қарсы көрсетілген немесе қолдануды көтере алмайтындығы туралы көрсетілімі бар пациенттердегі монотерапия. Гликемияны бақылауды жақсарту мақсатымен, метформин мен диета және физикалық жүктемелермен бірге емдеу барысында гликемияның талапқа сай бақылауы болмағанда, 2 типті қант диабеті бар науқастарда метформинмен кешенді терапия. Диетамен және дене жүктемесімен бірге сульфонилмочевина препаратының ең жоғары көтере алатын дозасымен бірге емдеу гликемияны талапқа сай бақылау болмағанда, сульфонилмочевина препараттарымен біріктірілген ем. PPARγ агонистерімен қолдану көрсетілімде болғанда, сондай-ақ PPARγ агонистері және диета мен дене жүктемесімен біріктірілген ем гликемияны бақылау талапқа сай болмағанда PPARγ агонистерімен (тиазолидиндиондармен) біріктірілген ем. Диета және физикалық жүктемелермен бірге аталған препараттармен гликемияны бақылау талапқа сай болмағанда метформинмен және сульфонилмочевина препараттарымен біріктірілген ем. Диета және физикалық жүктемелермен бірге аталған препараттармен біріктірілген терапия гликемияны талапқа сай бақыламаған кезде метформин және PPARγ агонистерімен біріктірілген ем. Диета және дене жүктемесімен бірге инсулиннің тұрақты дозасымен біріктірілген емде гликемияның талапқа сай бақылауы болмағанда, инсулинге қосымша (метформинмен немесе онсыз) инсулинмен біріктірілген ем.Клиникалық хаттама:   1. 2 типті қант диабеті
    Клинические протоколы:
  1. Сахарный диабет 2 типа

Ақпарат тіркелуден кейін қолжетімді

Қарсы көрсеткіштері

Препараттың кез-келген компонентіне жоғары сезімталдық, 1 типті қант диабеті (инсулинге тәуелді), диабеттік кетоацидоз.

Ақпарат тіркелуден кейін қолжетімді

Қауіпсіздік шаралары

1 типті қант диабетімен ауыратын пациенттерге, сонымен қатар диабеттік кетоацидозды емдеуге тағайындауға  болмайды.

Ақпарат тіркелуден кейін қолжетімді

Дәрілік заттармен өзара әрекеттесуі

Антипсихотикалық дәрілер - гипергликемия дамуы мүмкін.Антидепрессанттар (серотониннің қайта ұсталуының таңдамалы тежегіштері) -  гипогликемия дамуы мүмкін.Бета-блокаторлар - гипогликемияны ескертетін белгілер (мысалы, тремор) бета-блокаторлармен жасырылуы мүмкін.Кортикостероидтар, диуретиктер, изониазид, аспарагиназа, және қандағы глюкоза деңгейінің жоғарылауын туындататын басқа да препараттар - гипогликемиялық әсерлері азаяды.Маңызды! Мұнда дәрілік өзара әрекеттесулердің қысқаша сипаттамасы берілген. Толық ақпарат алу үшін дәрілік препараттың қолданылуы жөніндегі нұсқаулығына жүгініңіз.

Ақпарат тіркелуден кейін қолжетімді

Бүйрек жеткіліксіздігі

Бүйректің орташа жеткіліксіздігі бар пациенттер үшін (креатинин клиренсі минутына 30 мл жоғары, бірақ минутына 50 мл төмен) ситаглиптин дозасы тәулігіне бір рет 50 мг құрайды. Бүйректің ауыр жеткіліксіздігі бар пациенттер үшін (креатинин клиренсі минутына 30 мл төмен), сондай-ақ перитонеальді диализ немесе гемодиализ қажет етілетін бүйрек ақауларының терминалды сатысында ситаглиптин дозасы тәулігіне бір рет 25 мг құрайды. 

Ақпарат тіркелуден кейін қолжетімді

Жүктілік

Қарсы көрсетілген.

Ақпарат тіркелуден кейін қолжетімді

Емізу

Қарсы көрсетілген.

Ақпарат тіркелуден кейін қолжетімді

Жағымсыз әсерлері

Ситаглиптинмен монотерапия:Жиі: жоғары тыныс алу жолдарының инфекциялары, назофарингит, гипогликемия, бас ауыруы, остеоартрит, аяқ-қолдардың ауыруы.Сирек: бас айналуы, іш қатуы, анафилактикалық реакцияларды қоса, аса жоғары сезімталдық реакциялары, өкпенің интерстициальді аурулары, құсу, жедел панкреатит, фатальді және фатальді емес геморрагиялық және некроздалған панкреатит, ангионевротикалық ісіну, бөртпе, есекжем, терілік васкулит, Стивенс-Джонсон синдромын қоса, терінің эксфолиативті жағдайы, артралгия, миалгия, арқаның ауыруы, бүйрек қызметінің нашарлауы, жедел бүйрек жеткіліксіздігі.Ситаглиптинді басқа гипергликемияға қарсы препараттармен біріктірілімде қолдану:Жиі: тұмау, гипогликемия, жүрек айнуы, метеоризм, құсу.Жиі емес: ұйқышылдық, диарея, іш қатуы, іштің жоғарғы бөлігінің ауыруы, қандағы глюкоза деңгейінің төмендеуі.Сирек: анафилактикалық реакцияларды қоса, аса жоғары сезімталдық реакциялары, өкпенің интерстициальді аурулары, жедел панкреатит, фатальді және фатальді емес геморрагиялық және некроздалған панкреатит, ангионевротикалық ісіну, бөртпе, есекжем, терілік васкулит, Стивенс-Джонсон синдромын қоса, терінің эксфолиативті жағдайы, аяқ-қолдардың ауыруы, артралгия, миалгия, арқаның ауыруы, бүйрек қызметінің нашарлауы, жедел бүйрек жеткіліксіздігі.Маңызды! Мұнда жанама әсерлердің қысқаша сипаттамасы берілген. Толық ақпарат алу үшін дәрілік препараттың қолданылуы жөніндегі нұсқаулығына жүгініңіз.

Ақпарат тіркелуден кейін қолжетімді

Балаларда қолданылуы

18 жасқа дейінгі балаларда тиімділігі мен қауіпсіздігі турады деректер жеткіліксіздігіне байланысты қарсы көрсетілген.

Ақпарат тіркелуден кейін қолжетімді