L04AX04 Леналидомид¹ (Lenalidomide)
Қолдану көрсеткіштері
Бұрын емделмеген көптеген миеломасы бар, сүйек кемігін ауыстыруға болмайтын ересек пациенттерді емдеу үшін; көптеген миеломасы бар, кем дегенде, емнің бір желісін алған ересек науқастарды дексаметазонмен біріктіріп емдеу үшін.
Қарсы көрсеткіштері
Жүктіліктен сақтану бағдарламасының барлық қажетті шарттарын қадағалау мүмкін болатын жағдайларды қоспағанда, бала туу қабілеті сақталған әйелдер; леналидомидке немесе препараттың қосымша компоненттеріне жоғары сезімталдық.
Қауіпсіздік шаралары
Жүктіліктен сақтану бағдарламасының бүкіл талаптарын қалтқысыз қадағалау, егер оның болмауы сенімді түрде расталмаған болса, бала туу қабілеті сақталған бала туу жасындағы барлық пациенттерге қатысты. Мыс бөлінетін жатырішілік жүйелер пайдалану, әдетте, имплантация сәтіндегі жұқпалы асқынулардың жоғары даму қаупімен және науқас әйелдегі нейтропенияның немесе тромбоцитопенияның айқындылығын күшейтуі мүмкін етеккір кезіндегі қатты қан кетумен байланысты ұсынылмайды. Анамнезінде тромбоз болуын қамтитын қауіп факторлары болған жағдайда науқастардың жай-күйін бақылауға алып, сондай-ақ барлық басқарылатын қауіп факторларының (шылым шегу, артериялық гипертензия, гиперлипидемия) ықпалын мүмкіндігінше азайтуға бағытталған әрекеттер жасау қажет. Пациенттерді фебрильді эпизодтар туралы хабардар ету қажет, себебі дозаны азайту қажет болуы мүмкін. Емдеуді бастар алдында қалқанша без функциясына ықпал етуге қабілетті қатар жүретін ауруларды бағалау керек. Анамнезінде аллергиялық реакциялары көрсетілген пациенттердің жағдайын мұқият бақылау керек. Анамнезінде талидомид қолдану аясында ауыр тері реакциялары көрсетілген пациенттерге леналидомид тағайындауға болмайды. Сирек аурулары – галактоза көтере алмаушылығы, Лапп лактаза тапшылығы немесе глюкоза-галактоза мальабсоробциясы синдромы бар пациенттерге препарат қолдану ұсынылмайды. Көлік құралдарын басқарғанда және механизмдермен жұмыс істегенде ерекше сақтық таныту керек.Маңызды! Толық ақпарат алу үшін дәрілік препараттың қолданылуы жөніндегі нұсқаулығына жүгініңіз.
Дәрілік заттармен өзара әрекеттесуі
Эритропоэздік дәрілік заттар, гормон алмастырушы ем препараттары - сақтықпен қолдану. Варфарин - варфарин концентрациясын мұқият бақылау ұсынылады. Дигоксин - дигоксиннің концентрациясы артады. Статиндер - рабдомиолиз қаупі артады. Біріктірілген ішуге арналған контрацептивтер - тромбоэмболиялық асқынулар қаупі артады. Миелодепрессивті препараттар - сақтықпен қолдану.Маңызды! Мұнда дәрілік өзара әрекеттесулердің қысқаша сипаттамасы берілген. Толық ақпарат алу үшін дәрілік препараттың қолданылуы жөніндегі нұсқаулығына жүгініңіз.
Бүйрек жеткіліксіздігі
Дозаны таңдағанда сақтық таныту қажет; бүйрек қызметін бақылау ұсынылады.
Бауыр жеткіліксіздігі
Бауырдың бұрын болған немесе ағымдағы вирустық аурулары бар пациенттерде, сондай-ақ леналидомидті бауыр қызметінің бұзылуын туғызуы мүмкін екені белгілі препараттармен біріктіргенде бауыр қызметін бақылау ұсынылады.
Жүктілік
Қарсы көрсетілген.
Емізу
Қарсы көрсетілген.
Жағымсыз әсерлері
Өте жиі: пневмония, жоғарғы тыныс жолдарының инфекциялары, бактериялық, вирустық және зеңдік инфекциялар (оппортунистік түрлерін қоса), назофарингит, фарингит, бронхит, нейтропения, тромбоцитопения, нейтропения, анемия, геморрагиялық бұзылулар, лейкопения, гипокалиемия, гипергликемия, гипокальциемия, тәбеттің төмендеуі, дене салмағының азаюы, депрессия, ұйқысыздық, шеткері нейтропения, бас айналуы, тремор, дәм сезудің бұрмалануы, бас ауыруы, катаракта, анық көрмеу, тромбоэмболиялық бұзылулар, ентігу, мұрыннан қан кету, іш қату, диарея, іштің ауыруы, жүрек айну, құсу, диспепсия, бұлшықеттердің құрысуы, сүйектердің ауыруы, қаңқа-бұлшықет және дәнекер тіндер тарапынан ауыру және жайсыздығы, артралгия, бүйрек жеткіліксіздігі, жоғары қажығыштық, ісінулер, қызба, астения, тұмау тәрізді синдром.Жиі: сепсис, синусит, фебрильді нейтропения, панцитопения, гипотиреоз, гипомагниемия, гиперурикемия, сусыздану, атаксия, тепе-теңдіктің бұзылуы, көру өткірлігінің төмендеуі, кереңдік (сонымен қатар саңыраулық), құлақтың шыңылдауы, жыпылықтағыш аритмия, брадикардия, артериялық гипотензия, артериялық гипертензия, экхимоздар, асқазан-ішектен қан кетулер (ректальді, геморроидальді, пептидтік ойық жара кезіндегі қан кетуді және гингивальді қан кетуді қоса), ауыздың құрғауы, стоматит, дисфагия, бауырдың функционалдық сынама мәндерінің қалып шегінен ауытқуы, есекжем, гипергидроз, терінің құрғауы, тері гиперпигментациясы, экзема, эритема, бұлшықет әлсіздігі, буындардың ісуі, миалгия, гематурия, несеп іркілісі, несепті ұстай алмау, эректильді дисфункция, С-реактивті ақуыз концентрациясының жоғарылауы, құлау, соғылу.Жиі емес: базалиома, жалпақ жасушалы тері обыры, гемолиз, аутоиммундық гемолиздік анемия, гемолиздік анемия, асқын сезімталдық реакциялары, либидо жоғалту, аритмия, QT аралығының ұзаруы, жүрекшелер дірілдеуі, қарыншалық экстрасистолия, колит, тифлит, бауыр жеткіліксіздігі, тері түсінің бұзылуы, фотосенсибилизация реакциялары, жүре пайда болған Фанкони синдромы.Сирек: ісік лизисі синдромы, Стивенс-Джонсон синдромы, уытты эпидермалдық некролиз.Жиілігі белгісіз: интерстициальді пневмонит, панкреатит, асқазан-ішек жолдарының тесілуі, лейкоцитокластық васкулит.Маңызды! Мұнда жанама әсерлердің қысқаша сипаттамасы берілген. Толық ақпарат алу үшін дәрілік препараттың қолданылуы жөніндегі нұсқаулығына жүгініңіз.
Балаларда қолданылуы
18 жасқа дейінгі балаларда тиімділігі мен қауіпсіздігі анықталмаған, препаратты қолдану бойынша ұсынымдары жоқ.