L04AC10 Секукинумаб (Secukinumab)

Қолдану көрсеткіштері

Жүйелік ем көрсетілген ересек пациенттерде ауырлығы орташа ауыр және ауыр дәрежедегі түйіндақты псориазды емдеу үшін; ауруды модификациялайтын ревматизмге қарсы препараттармен бұдан бұрынғы емге жауап жеткіліксіз болғанда белсенді псориаздық артритті монотерапия түрінде немесе метотрексатпен біріктіріп емдеу үшін; стандартты емге жауап жеткіліксіз болғанда ересек пациенттерде белсенді шорбуынданған спондилитті емдеу үшін

Қарсы көрсеткіштері

Белсенді затқа немесе қосымша заттардың кез келгеніне жоғары сезімталдық;  өршу сатысындағы клиникалық тұрғыдан маңызды инфекциялар (мысалы, белсенді туберкулез)

Қауіпсіздік шаралары

Препараттын созылмалы инфекциялары немесе қайталанатын инфекциялары анамнезінде бар пациенттерге тағайындағанда сақтық таныту керек.  Инфекциялардың дамуын көрсететін белгілер және симптомдар пайда болған кезде пациенттерге дәрігерге қаралу қажеттілігі жөнінде нұсқау берілуі тиіс. Егер пациентте инфекцияның ауыр түрі дамыса, онда пациентте мұқият бақылауды қамтамасыз ету және инфекциялардың симптомдары жойылғанша препаратты енгізуді тоқтата тұру қажет.  Жаңа көріністер немесе Крон ауруының және ойық жаралы колиттің өршу көріністері жөнінде мәлімделді. Препараттын, Крон ауруын және ойық жаралы колитті қоса, ішектің қабыну аурулары бар пациенттерге сақтықпен тағайындаған жөн. Мұндай пациенттердің жай-күйін мұқият бақылау керек. Клиникалық зерттеулерде препаратты қабылдаған пациенттерде анафилаксиялық реакциялардың сирек жағдайлары білінді. Анафилаксиялық немесе басқа да күрделі аллергиялық реакциялар туындаған жағдайда препаратты қабылдауды дереу тоқтату және тиісті ем жүргізуге әрекет жасау қажет.  Толығымен жоққа шығаруға болмайтын жоғары сезімталдық реакцияларының пайда болуына ықтимал қаупі бар.

Дәрілік заттармен өзара әрекеттесуі

Тірі вакциналар - бір мезгілде тағайындамау керек.Козэнтикс

Бүйрек жеткіліксіздігі

Бүйрек қызметінің бұзылысы бар пациенттерде препарат зерттелмеген.

Бауыр жеткіліксіздігі

Бауыр қызметінің бұзылысы бар пациенттерде препарат зерттелмеген.

Жүктілік

Қарсы көрсетілген.

Емізу

Қарсы көрсетілген.

Жағымсыз әсерлері

Өте жиі: жоғары тыныс алу жолдарының инфекциялары Жиі: ауыз қуысының шырышты қабығының герпестік инфекциясы; ринорея; диареяЖиі емес: ауыз қуысының кандидоздық инфекциясы; табан терісінің зеңдік зақымдануы; сыртқы отит; нейтропения; конъюнктивит; есекжем.Сирек: анафилаксиялық реакциялар.Белгісіз: терінің және шырышты қабықтардың кандидоздық инфекциясы (өңештің кандидозын қоса).

Балаларда қолданылуы

18 жасқа дейінгі балаларда қолданудың тиімділігі мен қауіпсіздігі анықталмаған, препаратты қолдану бойынша ұсынымдары жоқ.