L04AC05 Устекинумаб¹ (Ustekinumab)
Қолдану көрсеткіштері
Циклоспорин, метотрексат немесе PUVA қоса, басқа да жүйелі емдеу әдістерінің көтереалмаушылығы немесе қарсы көрсетілімдері болған немесе жауап болмаған кездегі орташа және ауыр дәрежедегі түйіндақты псориаз емі. Ауруды модификациялайтын биологиялық емес ревматизмге қарсы препараттармен алдыңғы емдеуге жауап жеткіліксіз болғанда, монотерапия ретінде немесе метотрексатпен біріктірілімінде псориаздық артрит емі.
-
Клинические протоколы:
- Псориаз
- Болезнь Крона
- Псориатический артрит
Қарсы көрсеткіштері
Белсенді затқа немесе қосымша заттың кез келген компонентіне жоғары сезімталдық; белсенді инфекциялар.
Қауіпсіздік шаралары
Анамнезінде созылмалы немесе қайталанатын инфекциялары бар пациенттерге сақтықпен қолдану. Емдеу бастамас бұрын туберкулездің бар- жоқтығына зерттеу жүргізу керек. Әсіресе 60 жастан асқан науқастарда қатерлі жаңа түзілімдер (терілік және терілік емес түрлер) даму қаупі бар. Жоғары сезімталдықтың ауыр реакциялары пайда болғанда тез арада препаратты қабылдауды тоқтату керек. Құрамында тірі вирустары немесе бактериялары бар вакциналарды енгізер алдында емдеуді соңғы дозасын енгізгеннен кейін ең кем дегенде 15 аптаға тоқтата тұрған жөн; емдеуді вакцинациядан кейін кем дегенде 2 аптадан соң қайта бастауға болады. Эритродермиялық псориаз немесе эксфолиативті дерматит белгілері немесе симптомдары пайда болғанда емдеуді тоқтату керек.
Дәрілік заттармен өзара әрекеттесуі
Маңызды өзара әрекеттесулер жоқ.
Жүктілік
Ана үшін күтілетін пайда ұрық үшін ықтимал қауіптен жоғары болған жағдайда қолданылуы мүмкін. Емдеу кезінде және емдеуден кейін 15 апта аралығында контрацепцияның тиімді әдістерін пайдалану керек.
Емізу
Емдеу кезінде және емдеуден кейін 15 апта аралығында емізуді тоқтату.
Жағымсыз әсерлері
Өте жиі: жоғарғы тыныс жолдарының инфекциялары, назофарингит.Жиі: ауыр аллергиялық реакциялар, бас айналу, бас ауруы, артралгия, миалгия, бел ауыруы, депрессия, әлсіздік, шаршағыштық, жоғарғы тыныс жолдарының вирусты инфекциялары, мұрынның бітелуі, одонтогенді инфекция, тамақ/жұтқыншақтың ауыруы, жүрек айнуы, диарея, қышыну, инъекция орнындағы эритема.Сирек: бет жүйкесінің салдануы, пневмония, дивертикулит, гастроэнтерит, несеп шығару жолдарының инфекциясы, бөртпе, есекжем, белдеулік герпес, белдеулік теміреткі, флегмона, остеомиелит.
Балаларда қолданылуы
Балаларда зерттеулер жүргізілмеген.