A10BG03 Пиоглитазон (Pioglitazone)

Қолдану көрсеткіштері

2 типті қант диабетін емдеуге арналған екінші немесе үшінші желідегі препарат:- монотерапия ретінде, көтере алмаушылық немесе қарсы көрсетілімдердің болуына байланысты метформинді қолдану мүмкіндігі жоқ гликемия диета және физикалық жаттығулар көмегімен бақыланбайтын, әсіресе артық салмақты пациенттерде;- метформинмен біріктірілген ем ретінде, әсіресе артық салмақты пациенттерде, монотерапияда метформиннің ең жоғары көтерімді дозасымен гликемиялық бақылау жеткіліксіз болғанда;- сульфонилмочевинамен біріктірілген ем ретінде, монотерапияда сульфонилмочевинаның ең жоғары көтерімді дозасымен тиімді гликемиялық бақылау жеткіліксіз немесе метформинмен емдеуге қарсы көрсетілімдері немесе оны жеке көтере алмаушылығы бар пациенттерде;- метформин және сульфонилмочевинамен біріктірілген ем ретінде, әсіресе артық салмақты пациенттерде, метформин және сульфонилмочевинаны бірге қабылдауда тиімді гликемиялық бақылау жеткіліксіз болған жағдайда;- инсулинмен біріктірілген ем ретінде, көтере алмаушылықтың немесе қарсы көрсетілімдердің болуына байланысты метформинді қолдану мүмкіндігі жоқ, инсулинмен емдеуде тиімді гликемиялық бақылау жеткіліксіз болған пациенттерде.
    Клинические протоколы:
  1. Диабетическая нефропатия
  2. Сахарный диабет 2 типа
  3. Неалкогольная жировая болезнь печени у взрослых
  4. Цирроз печени у взрослых

Ақпарат тіркелуден кейін қолжетімді

Қарсы көрсеткіштері

Белсенді затқа немесе қосымша заттардың кез келгеніне жоғары сезімталдық; жүрек жеткіліксіздігі немесе оның анамнезінде болуы (NYHA I-IV класы); I типті қант диабеті; диабеттік кетоацидоз; тұқым қуалайтын лактозаны көтере алмаушылық, лактаза жеткіліксіздігі; глюкозо-галактоза мальабсорбциясы; қуық обырының анықталған диагнозы немесе оның анамнезінде болуы; этиологиясы анықталмаған макрогематурия.

Ақпарат тіркелуден кейін қолжетімді

Қауіпсіздік шаралары

Препарат өзінің гипогликемиялық әсерін тек эндогенді инсулин болғанда ғана көрсетеді. Аталған жағдайларда препарат тиімділігінің болмауына байланысты, І типті диабет немесе диабеттік кетоацидозды емдеуде қолданылмайды. Дәрілік емнің тиімділігін демеу үшін пиоглитазонді қабылдау кезінде диета емін және физикалық жаттығуларды қосу керек. Төменгі дозадағы пиоглитазонмен емдеуді бастау ұсынылады, әсіресе инсулинмен біріктірілімінде. Жүрек жеткіліксіздігінің дамуы жағдайында препарат дозасын төмендету немесе тоқтату мүмкіндігін қарастыру. Көлік құралын басқаруда немесе қауіптілігі жоғары механизмдермен жұмыс жасауда сақтық таныту керек.

Ақпарат тіркелуден кейін қолжетімді

Дәрілік заттармен өзара әрекеттесуі

Пиоглитазонның өзара әрекеттесуі (сондай-ақ төменде қараңыз):Инсулин - ісінулер дамуының және сұйықтықтар ұсталуының жоғарылауы; гипогликемияның ұлғаюы мүмкін.Диабетке қарсы дәрілік заттардың өзара әрекеттесуі:Алкоголь, анаболикалық стероидтар, холестирамин, MAO тежегіштері - гипогликемиялық әсерді ұлғайтуы мүмкін.Нейролептиктер - гипергликемияның дамуы мүмкін.Антидепрессанттар (серотониннің қайта ұсталуының таңдамалы тежегіштері) - гипогликемияның дамуы мүмкін.Бета-блокаторлар - гипогликемияның ескерту белгілерін (мысалы, тремор) бета-блокаторлар жасыруы мүмкін.Кортикостероидтар, диуретиктер, изониазид, аспарагиназа және қандағы глюкоза деңгейін жоғарылататын басқа да препараттар - гипогликемиялық әсерлері азаяды.Ескерту: мұнда кейбір маңызды дәрілік өзара әрекеттесулердің қысқаша сипаттамасы берілген. Өзара әрекеттесуі туралы ұсыныстар және қосымша ақпарат алу үшін дәрілік заттардың өзара әрекеттесулері туралы ақпарат көздеріне немесе дәрілік препараттың қолданылуы жөніндегі нұсқаулығына жүгініңіз. 

Ақпарат тіркелуден кейін қолжетімді

Бүйрек жеткіліксіздігі

Қарсы көрсетілген.

Ақпарат тіркелуден кейін қолжетімді

Бауыр жеткіліксіздігі

Қарсы көрсетілген. Егер науқаста бауыр қызметінің бұзылысын болжайтын симптомдар дамыса, бауыр ферменттеріне бақылау жүргізу керек.

Ақпарат тіркелуден кейін қолжетімді

Жүктілік

Қарсы көрсетілген.

Ақпарат тіркелуден кейін қолжетімді

Емізу

Қарсы көрсетілген.

Ақпарат тіркелуден кейін қолжетімді

Жағымсыз әсерлері

Монотерапия кезінде - жиі: жоғарғы тыныс жолдарының инфекциясы, гипестезия, көру бұзылыстары, сүйек сынуы, салмақтың жоғарылауы; сирек: синусит, ұйқысыздық, қуық ісіктері.Метформинмен біріктірілген терапия: жоғарғы тыныс жолдарының инфекциясы, анемия, гипестезия, бас ауыруы, көру бұзылыстары, сүйек сынуы, артралгия, гематурия, эректильді дисфункция, салмақтың жоғарылауы; сирек: метеоризм, синусит, ұйқысыздық, қуық ісіктері.Сульфонилмочевинамен біріктірілген терапия - жиі: жоғарғы тыныс жолдарының инфекциясы, гипестезия, бас айналуы, метеоризм, сүйек сынуы, салмақтың жоғарылауы; сирек: лактатдегидрогеназа (ЛДГ) жоғарылауы, синусит, тәбеттің жоғарылауы, гипогликемия, шаршау, протеинурия, глюкозурия, тершеңдік, қуық ісіктері, вертиго, көру бұзылыстары, бас ауыруы, ұйқысыздық.Метформин және сульфонилмочевинамен біріктірілген терапия - өте жиі: гипогликемия; жиі: жоғарғы тыныс жолдарының инфекциясы, гипестезия, сүйек сынуы, артралгия, салмақтың жоғарылауы, креатинфосфокиназа (КФК) жоғарылауы; сирек: синусит, ұйқысыздық, қуық ісіктері.Инсулинмен біріктірілген терапия - өте жиі: емді тоқтатуды қажет етпейтін жеңіл және орташа ауырлықты ісінулер; жиі: жоғарғы тыныс жолдарының инфекциясы, бронхит, гипогликемия, гипестезия, жүрек жеткіліксіздігі, ентігу, сүйек сынуы, артралгия, арқаның ауыруы, салмақтың жоғарылауы; сирек: синусит, ұйқысыздық, қуық ісіктері.

Ақпарат тіркелуден кейін қолжетімді

Балаларда қолданылуы

18 жасқа дейінгі балаларға қарсы көрсетілген.

Ақпарат тіркелуден кейін қолжетімді