L04AB02 Инфликсимаб (Infliximab)
Қолдану көрсеткіштері
Аурудың белсенді фазасындағы және метотрексатты қоса, ауруды модификациялайтын ревматизмге қарсы препараттарға (АМРҚП) жауабы толық емес ересек пациенттерде, сондай-ақ бұрын басқа АМРҚП немесе метотрексатпен емделмеген белсенді фазадағы ауыр үдемелі ауруы бар ересек пациенттердегі ревматоидты артритте метотрексатпен біріктірілімде емдеу; кортикостероидтармен және/немесе иммунодепрессанттармен емге жауабы толық емес немесе ондай емді көтере алмаушылығы немесе оны жүргізуге медициналық қарсы көрсетілімдері бар ересек пациенттерде белсенді фазадағы орташа және ауыр дәрежелі Крон ауруында; дәстүрлі емге (антибиотиктер, дренаждау және иммунодепрессанттарды қоса) жауабы толық емес ересек пациенттерде белсенді фазадағы Крон ауруының фистула түзетін түрінде; кортикостероидтар және 6-меркаптопурин немесе азатиоприн қамтылатын емнің дәстүрлі әдістеріне жауабы толық емес немесе осы әдістерді көтере алмаушылығы немесе оларды жүргізуге медициналық қарсы көрсетілімдері бар ересек пациенттерде белсенді фазадағы орташа және ауыр дәрежедегі ойық жаралы колитте; дәстүрлі емге жауабы толық емес ересектерде белсенді фазадағы ауыр дәрежедегі шорбуынданатын спондилоартритте; метотрексатпен біріктірілімдегі алдыңғы АМАРП еміне жауабы толық емес ересектерде белсенді фазадағы үдемелі псориаздық артритте немесе метотрексатты көтере алмаушылығы немесе оны қолдануға қарсы көрсетілімдері бар пациенттерде монотерапия ретінде; циклоспорин, метотрексат немесе ПУВА қамтылатын жүйелі емнің басқа түрлеріне жауабы толық емес, оларды көтере алмаушылығы немесе оларды қолдануға қарсы көрсетілімдері бар ересектерде ауырлығы орташа және ауыр дәрежедегі түйіндақтық псориазда.
-
Клинические протоколы:
- Аллогенная неродственная трансплантация костного мозга
- Аллогенная родственная трансплантация костного мозга
- Аллогенная трансплантация гемопоэтических стволовых клеток у детей
- Гаплоидентичная трансплантация костного мозга
- Гаплоидентичная трансплантация гемопоэтических стволовых клеток у детей
- Амилоидоз почек
- Псориаз
- Анкилозирующий спондилит
- Болезнь Бехчета
- Болезнь Крона
- Неспецифический язвенный колит. Болезнь Крона у детей
- Язвенный колит
- Псориатический артрит
- Ревматоидный артрит
- Синдром дуги аорты Такаясу у детей
- Слизисто-кожный лимфонодулярный синдром Кавасаки у детей
Қарсы көрсеткіштері
Анамнездегі инфликсимабқа, басқа тышқан ақуыздарына немесе қосымша заттардың кез келгеніне аса жоғары сезімталдық; туберкулез немесе сепсис, абсцесстер және оппортунистік инфекциялар сияқты басқа да ауыр инфекциялар; орташа немесе ауыр дәрежедегі жүрек жеткіліксіздігі (NYHA бойынша III/IV класс).
Қауіпсіздік шаралары
Препарат ағзадан алты айға дейін шығарылатындықтан, осы кезең бойы пациентті инфекциялық ауруларға, соның ішінде туберкулезге мұқият бақылау керек. Диагностикалық тексеру кезінде ауыр зеңді инфекциялар және зеңге қарсы емнің өзінің қаупі ескерілетін зеңге қарсы эмпириялық ем ойластыру қажет. Инфликсимабпен емдеу басталғанша, емдеу кезінде және емдеуден кейін бірнеше ай аралығында міндетті түрде HBV-инфекцияға тест өткізу керек. Бір биологиялық препараттан екіншісіне ауысқанда сақ болу керек, өйткені айқаспалы биологиялық белсенділік жағымсыз әсерлердің, соның ішінде инфекциялардың да даму қаупін арттыруы мүмкін. Препаратпен емдеу басталғанша бұрын немесе таяуда дамыған демиелинизацияланатын аурулары бар пациенттерде ІНФ-α тежегіштерімен емдеудің пайдасы мен қаупін мұқият бағалау қажет. Егер ауру емдеу кезінде дамыса, емді тоқтату керек. Анамнезінде қатерлі жаңа түзілімдері бар пациенттерге ІНФ-α тежегіштерімен ем тағайындауда және алғаш анықталған қатерлі жаңа түзілімі бар пациенттерді емді жалғастыруда, иммунодепрессанттармен қарқынды емнен немесе ұзақ уақыттық ПУВА-емнен өткен псориазы бар пациенттерге тағайындағанда сақтық таныту керек. Жүрек жеткіліксіздігі жеңіл пациенттерді емдеу (NYHA бойынша I/II класс) сақтықпен жүргізілуі тиіс.Толық ақпарат алу үшін дәрілік препараттың қолданылуы жөніндегі нұсқаулығына жүгініңіз.
Дәрілік заттармен өзара әрекеттесуі
Инфликсимабты анакинрамен, абатацептпен, басқа биологиялық препараттармен біріктірілімінде қолдану біріктірілімнің уыттылығына байланысты ұсынылмаған. Инфликсимабтың азатиопринмен немесе 6- меркаптопуринмен біріктірілімі - гепато-лиенальді Т- жасушалық лимфома даму қаупі. Тірі вакциналармен бірге қолдану ұсынылмайды. Сонымен бірге құрсақ ішінде инфликсимаб әсеріне ұшыраған сәбилерде тірі вакциналарды нәресте туылған соң 6 ай өтуінен ерте қолдану да ұсынылмайды. Инфликсимаб және емдік инфекциялық агенттерді бір мезгілде қолдану ұсынылмайды.
Жүктілік
Қарсы көрсетілген.
Емізу
Қарсы көрсетілген.
Жағымсыз әсерлері
Өте жиі: вирустық инфекциялар, бас ауыруы, жоғарғы тыныс жолдарының инфекциялары, синусит, іштің ауыруы, жүрек айну, инфузиялық реакциялар, ауырсыну. Жиі: бактериялық инфекциялар, шеткергі қан өзгеруі, лимфаденопатия, түрлі аллергиялық реакциялар, депрессия, ұйқысыздық, бас айналуы, гипе- және парестезия, конъюнктивит, тахикардия, гипо- немесе гипертензия, экхимоздар, қан құйылулар, гиперемия, төменгі тыныс алу жолдарының инфекциялары, ентігу, мұрыннан немесе асқазан-ішектен қан кету, диарея, диспепсия, гастроэзофагеальді рефлюкс, іш қатуы, бауыр функциясының бұзылуы, алғаш анықталған псориаз немесе бұрын болған псориаздың нашарлауы, гипергидроз, терінің құрғауы, зеңді дерматит, экзема, алопеция, түрлі ошақты артралгия және миалгия, несеп жолдарының инфекциясы, шаршағыштық, қызба, қалтырау, ісіну, инъекция орнындағы реакциялар.Жиі емес: туберкулез, зеңді инфекциялар, тромбоцитопения, лимфопения, лимфоцитоз, анафилаксиялық реакциялар, қызыл жегі тәрізді синдром, сарысулық ауру немесе сарысулық ауруына ұқсас реакция, амнезия, ажитация, сананың шатасуы, ұйқышылдық, күйгелектік, эпилепсия түріндегі ұстамалар, невропатия, кератит, периорбитальді ісіну, теріскен, жүрек жеткіліксіздігі, аритмия, естен тану, брадикардия, шеткері ишемия, тромбофлебит, гематома, өкпе ісінуі, бронх түйілуі, плеврит, плевралық жалқық, ішек тесілуі, ішек стенозы, дивертикулит, панкреатит, хейлит, гепатит, гепатоцеллюлярлы зақымдану, холецистит, буллезді бөртпе, онихомикоз, себорея, розацеа, тері папилломалары, гиперкератоз, терінің аномальді пигментациясы, пиелонефрит, вагинит, жазылудың ұзаққа созылуы, аутоантиденелерге оң тест.Маңызды! Мұнда жанама әсерлердің қысқаша сипаттамасы берілген. Толық ақпарат алу үшін дәрілік препараттың қолданылуы жөніндегі нұсқаулығына жүгініңіз.
Көрсеткіштері, қолдану тәсілі мен дозалары
Ревматоидты артритті емдеу
Инфликсимаб препаратының бастапқы бір реттік дозасы вена ішіне 3 мг/кг құрайды. Содан соң препарат дәл сол дозада алғашқы енгізуден кейін 2 аптадан кейін және 6 аптадан кейін енгізіледі, және әрі қарай әрбір 8 апта сайын енгізіледі
Инфликсимаб препаратымен емдеуді метотрексат қолданумен бір мезгілде жүргізу керек. .
Ересектердегі ауыр немесе орташа дәрежедегі Крон ауруының белсенді түрін емдеу
Инфликсимаб препаратының бастапқы дозасы вена ішіне 5 мг/кг құрайды, біріншісінен кейін 2 аптадан кейін сол дозада екінші инфузия. Екі рет енгізуден кейін жауап болмаған кезде Инфликсимаб препаратын одан әрі қолдану мақсатқа сай болмайды.
6-дан 17 жасты қоса алғанға дейінгі балалар мен жасөспірімдерде ауыр немесе орташа дәрежедегі Крон ауруының белсенді түрін емдеу
Инфликсимаб препаратының бастапқы дозасы вена ішіне 5 мг/кг құрайды. Содан соң препарат дәл сол дозада алғашқы енгізуден кейін 2 аптадан кейін және 6 аптадан кейін енгізіледі, және әрі қарай әрбір 8 апта сайын енгізіледі. Алғашқы 10 апта ішінде әсері болмаған жағдайда Инфликсимаб препаратын одан әрі қолдану ұсынылмайды.
Ересектердегі жыланкөздердің пайда болуымен байқалатын Крон ауруын емдеу
Инфликсимаб препаратын вена ішіне 5 мг/кг дозада енгізеді, содан кейін препаратты алғашқы енгізуден кейін 2 аптадан және 6 аптадан кейін дәл сол дозада енгізеді. Осы үш дозаны енгізгеннен кейін жауап болмаған кезде Инфликсимаб препаратымен емдеуді жалғастыру мақсатқа сай емес. Егер жауап болса, емдеуді жалғастыруға болады, ал емдеудің екі ықтимал нұсқасының біреуін таңдау керек:
- демеуші ем: әр 8 апта сайын қосымша инфузия;
- қайталап қолдану: ауру қайталанған кезде препарат 5 мг/кг дозада, одан кейін препарат әрбір 8 апта сайын 5 мг/кг дозада енгізіледі
Ересектердегі ойықжаралы колитті емдеу
Инфликсимаб препаратының бастапқы дозасы вена ішіне 5 мг/кг құрайды. Содан соң препарат дәл сол дозада алғашқы енгізуден кейін 2 аптадан кейін және 6 аптадан кейін енгізіледі, және әрі қарай әрбір 8 апта сайын енгізіледі. Қолда бар деректер емдеу әсерінің 14 аптаға дейінгі мерзімде (3 дозаны енгізгеннен кейін) басталғанын айғақтайды. Егер осы уақыт ішінде әсері болмаса, емдеуді жалғастырудың мақсатқа сәйкестігі туралы мәселені шешу керек. Емдеуге жауап бар болған кезде Инфликсимаб препаратымен емдеудің жалпы ұзақтығын емдеуші дәрігер анықтайды.
6-дан 17 жасты қоса алғанға дейінгі балалар мен жасөспірімдерде ойықжаралы колитті емдеу
Инфликсимаб препаратының бастапқы дозасы вена ішіне 5 мг/кг құрайды. Содан соң препарат дәл сол дозада алғашқы енгізуден кейін 2 аптадан кейін және 6 аптадан кейін енгізіледі, және әрі қарай әрбір 8 апта сайын енгізіледі.
Шорбуынданатын спондилитті емдеу
Инфликсимаб препаратының бастапқы дозасы вена ішіне 5 мг/кг құрайды. Содан соң препарат дәл сол дозада алғашқы енгізуден кейін 2 аптадан кейін және 6 аптадан кейін енгізіледі, және әрі қарай әрбір 6-8 апта сайын енгізіледі. 6 апта ішінде әсер болмаған кезде (екі дозаны енгізгеннен кейін) емдеуді жалғастыру мақсатқа сай болмайды.
Псориаздық артритті емдеу
Инфликсимаб препаратының бастапқы дозасы вена ішіне 5 мг/кг құрайды. Содан соң препарат дәл сол дозада алғашқы енгізуден кейін 2 аптадан кейін және 6 аптадан кейін енгізіледі, және әрі қарай әрбір 8 апта сайын енгізіледі.
Псориазды емдеу
Инфликсимаб препаратының бастапқы дозасы вена ішіне 5 мг/кг құрайды. Содан соң препарат дәл сол дозада алғашқы енгізуден кейін 2 аптадан кейін және 6 аптадан кейін енгізіледі, және әрі қарай әрбір 8 апта сайын енгізіледі. 14 апта ішінде әсері болмаған кезде (төрт дозаны енгізгеннен кейін) инфликсимабпен емдеуді жалғастыру мақсатқа сай болмайды.
Балаларда қолданылуы
Көктамыр ішіне инфузионды, баяу.6 жастан 17 жасқа дейінгі балаларға. Крон ауруында. Ойық жаралы колит: бастапқы доза 5 мг/кг; содан кейін 5 мг/кг дозада 2 және 6 аптада, келесі енгізу әр 8 апта сайын.Препаратты тағайындауда және дозасын таңдағанда емдеудің ұлттық стандарттарына, арнайы емдеу мекемелерінің емдеу хаттамаларына, сонымен қатар қолданылуы жөніндегі нұсқаулығына жүгініңіз.