L04AB01 Этанерцепт¹ (Etanercept)
Қолдану көрсеткіштері
Ересектер: ревматоидты артрит; псориаздық артрит; шорбуынданатын спондилит; рентгенологиялық өзгерістерсіз аксиальді спондилоартрит; түйіндақты псориаз.Балалар: дене салмағы 25 кг жоғары және 2 жастан асқан балаларда ювенильді идиопатиялық артрит (ЮИA); псориаздық артрит; балалардағы түйіндақты псориаз.
-
Клинические протоколы:
- Аллогенная неродственная трансплантация костного мозга
- Аллогенная родственная трансплантация костного мозга
- Аллогенная трансплантация гемопоэтических стволовых клеток у детей
- Гаплоидентичная трансплантация костного мозга
- Гаплоидентичная трансплантация гемопоэтических стволовых клеток у детей
- Амилоидоз почек
- Аутологичная трансплантация костного мозга
- Псориаз
- Анкилозирующий спондилит
- Болезнь Бехчета
- Перекрестный (overlap) синдром
- Псориатический артрит
- Ревматоидный артрит
- Узелковый полиартериит у детей
- Ювенильный идиопатический артрит (педиатрия)
Қарсы көрсеткіштері
Препаратқа жоғары сезімталдық; сепсис немесе сепсистің даму қаупі; белсенді инфекция (сонымен бірге туберкулез); дене салмағы 25 кг төмен пациенттер.
Қауіпсіздік шаралары
Пациенттерді инфекциялардың (соның ішінде туберкулез, В гепатиті) болуына бағалау, және сондай-ақ пациенттерде оппортунистік инфекциялардың даму қаупін ескеру; егер пациентте күрделі инфекция дамыса, препаратты қолдануды тоқтату керек. Сақтықпен: демиелинизациялаушы аурулар, іркілісті жүрек жеткіліксіздігі, иммун тапшылығы жағдайлары, қан дискразиясы, бүйрек және бауыр қызметі бұзылыстары, 65 жастан асқан пациенттер. Балаларға ем басталғанға дейін иммунизациялау бойынша қолданыстағы Ұлттық ұсынымдарға сәйкес барлық қажетті егулерді жүргізу ұсынылады.
Дәрілік заттармен өзара әрекеттесуі
Анакинра - күрделі инфекциялардың жоғары қаупі.Метотрексат - нейтропения және күрделі инфекциялардың қаупі.Абатацепт - күрделі жағымсыз құбылыстар.Сульфасалазин - лейкоциттердің орташа санының төмендеуі, сақтықпен қолдану.Маңызды! Мұнда дәрілік өзара әрекеттесулердің қысқаша сипаттамасы берілген. Толық ақпарат алу үшін дәрілік препараттың қолданылуы жөніндегі нұсқаулығына жүгініңіз.
Бүйрек жеткіліксіздігі
Дозасын түзету талап етілмейді, бірақ қолдану тәжірибесі аз.
Бауыр жеткіліксіздігі
Ағымы ауыр және орташа ауырлықтағы алкогольдік гепатиті бар пациенттерге тағайындау кезінде ерекше сақтық таныту керек.
Жүктілік
Қарсы көрсетілген.
Емізу
Қарсы көрсетілген.
Жағымсыз әсерлері
Жиі: инфекциялар; инъекциядан кейінгі жергілікті реакциялар; аллергиялық реакциялар, аутоантиденелердің түзілуі, қызба, қышыну.Жиі емес: тромбоцитопения, жүйелік васкулит.Сирек: туберкулез, оппортунистік инфекциялар, лимфома, анемия, лейкопения, нейтропения, панцитопения, меланома; құрысулық ұстамалар, тері васкулиті, уытты эпидермальді некролиз.Маңызды! Мұнда жанама әсерлердің қысқаша сипаттамасы берілген. Толық ақпарат алу үшін дәрілік препараттың қолданылуы жөніндегі нұсқаулығына жүгініңіз.
Балаларда қолданылуы
Тері астына. Ювенильді идиопатиялық артрит: 2 жастан асқан және дене салмағы 25 кг жоғары балалар - аптасына екі рет теріастылық инъекция түрінде, келесі инъекцияларының аралығы 3-4 күн болатын 0,4 мг/кг (ең жоғарғы бір реттік 25 мг дозасына дейін), немесе аптасына бір рет 0,8 мг/кг (ең жоғарғы бір реттік 50 мг дозасына дейін) құрайды. Балалардағы түйіндақты псориаз (6 жас және одан асқан) - аптасына бір рет 0,8 мг/кг (бір дозадағы ең жоғарғысы 50 мг), ұзақтығы 24 аптаға дейін. 2 жасқа дейінгі балаларда тиімділігі мен қауіпсіздігі туралы деректер жеткіліксіздігіне байланысты қарсы көрсетілген. «Ювенильді идиопатиялық артрит» көрсеткіші үшін 2 жасқа дейінгі және дене салмағы < 25 кг балаларға және «түйіндақты псориаз» көрсеткіші үшін 6 жасқа дейінгі балаларға қарсы көрсетілген.Препаратты тағайындауда және дозасын таңдағанда емдеудің ұлттық стандарттарына, арнайы емдеу мекемелерінің емдеу хаттамаларына, сонымен қатар қолданылуы жөніндегі нұсқаулығына жүгініңіз.