L04AA36 Окрелизумаб (Ocrelizumab)

Қолдану көрсеткіштері

Клиникалық деректермен және МРТ нәтижелерімен айғақталған, белсенді фазадағы жайылған склерозының қайталанатын түрлері бар ересек пациенттерді емдеу үшін; ерте кезеңдегі бастапқы үдемелі жайылған склерозы бар екендігі МТР нәтижелерімен айқындалған, қабыну үдерісі бар ересек пациенттерге, сондай-ақ ауруының ұзақтығын және мүгедектік дәрежесін ескеріп, ем жүргізу үшін.  
    Клинические протоколы:
  1. Рассеянный склероз

Қарсы көрсеткіштері

Әсер етуші затқа немесе қосымша заттардың кез келгеніне аса жоғары сезімталдық; белсенді инфекциялық үдеріс; ауыр иммун тапшылығы жағдайлары; қатерлі жаңа түзілімдер; белсенді В гепатиті.

Қауіпсіздік шаралары

Емдеуді бастар алдында пациенттің иммундық жағдайын зерттеу ұсынылады, өйткені ауыр иммун тапшылығы жағдайларында (лимфопения, нейтропения, гипогаммаглобулинемия)  препаратпен ем жүргізуге болмайды.ЖС емдеу үшін басқа ауру-модификациялайтын препараттардың фармакодинамикасына көңіл бөле отырып, препаратты тағайындағанда сақтық танытқан жөн.   Автомобильді басқару және механизмдермен жұмыс жасау қабілетіне препарат ықпалын тигізбейді немесе аздаған ғана ықпалын тигізеді. Инфузиялық реакциялар себепші болған симптомдары бар пациенттерге автомобильді басқаруды немесе механизмдермен жұмыс жасауды тоқтата тұру ұсынылады. Қолданар алдында қолдану жөніндегі нұсқаулықпен танысу керек.

Дәрілік заттармен өзара әрекеттесуі

Басқа дәрі-дәрмектермен араластырмаңыз. Иммуносупрессивті терапия - глюкокортикостероидтарды қоспағанда, рецидивтерді симптоматикалық ем ретінде қолдану ұсынылмайды.

Бүйрек жеткіліксіздігі

Дозасын түзету қажет етпейді.

Бауыр жеткіліксіздігі

Дозасын түзету қажет етпейді.

Жүктілік

Қарсы көрсетілген.

Емізу

Қарсы көрсетілген.

Жағымсыз әсерлері

Өте жиі:жоғары тыныс алу жолдарының инфекциялары, назофарингит, тұмау; қан сарысуында М иммуноглобулин деңгейінің төмендеуі; инфузиялық реакцияларүЖиі: синусит, бронхит, ауыздың шырышты қабығының герпесі, гастроэнтерит, тыныс алу жолдарының инфекциялары, вирустық инфекция, белдемелі теміреткі, конъюнктивит, целлюлит; жөтел, катаральді құбылыстар; қан сарысуында G иммуноглобулин деңгейінің жоғарылауы; нейтропения.

Балаларда қолданылуы

18 жасқа дейінгі балаларға және жасөспірімдерге тиімділігі мен қауіпсіздігі бойынша деректер жеткіліксіздігіне байланысты  қарсы көрсетілген.