L04AA04 Антитимоцитарлы иммуноглобулин (қоян) (Antithymocyte immunoglobulin (rabbit))

Қолдану көрсеткіштері

Ағзалар трансплантациясы кезіндегі иммуносупрессия: трансплантаттың қабылданбай ажырау реакциясының профилактикасы және оны емдеу
- гемопоэздік дің жасушаларының трансплантациясынан кейінгі жедел немесе созылмалы «қожайынға қарсы трансплантат» реакциясының профилактикасы
- стероидтармен емге төзімді, жедел «қожайынға қарсы трансплантат» реакциясын емдеу
- гематология: аплазиялық анемияны емдеу
    Клинические протоколы:
  1. Аллогенная трансплантация гемопоэтических стволовых клеток у детей
  2. Гаплоидентичная трансплантация костного мозга
  3. Гаплоидентичная трансплантация гемопоэтических стволовых клеток у детей
  4. Апластическая анемия у взрослых
  5. Трансплантация легких
  6. Ведение пациентов после трансплантации сердца у взрослых
  7. Ведение пациентов после трансплантации сердца у детей
  8. Трансплантация сердца
  9. Ведение детей с пересаженной почкой
  10. Криз отторжения почечного трансплантата
  11. Острое отторжение почечного трансплантата у детей
  12. Трансплантация почки
  13. Аллогенная трансплантация костного мозга

Қарсы көрсеткіштері

Әсер етуші затқа немесе қосымша заттардың кез келгеніне аса жоғары сезімталдық.
Кез келген қосымша иммуносупрессия үшін қарсы көрсетілімді болатын жедел немесе созылмалы инфекциялар

Қауіпсіздік шаралары

Жалпы
Препараттың тиісті дозалары басқа антитимоцитарлық глобулиндердің (АТГ) дозаларынан ерекшеленеді, өйткені ақуыз құрамы мен концентрациясы антитимоцитарлық иммуноглобулиннің пайдаланылған көзіне байланысты өзгешеленеді. Дәрігерлер тағайындалған АТГ дозасының енгізілген мөлшеріне сәйкес екеніне сенімді болуы тиіс.
Ұсынылған дозасы мен инфузия уақытын дәл қадағалаумен инфузиямен байланысты реакциялардың (ИБР) туындау жиілігін және ауырлық дәрежесін төмендетуге болады. Бұдан бөлек, инфузия жылдамдығын төмендетуаталған реакциялардың көпшілігін жоққа тән азайта алады. Антипиретиктер, кортикостероидтар және/немесе антигистаминдік дәрілер көмегімен жүргізілген премедикацияосы жағымсыз реакциялардың жиілігі мен ауырлық дәрежесін төмендете алады.
ЦБС жағдайлары инфузияның жоғары жылдамдығымен байланысты. Сирек жағдайларда ауыр дәрежедегі ЦБС өліммен аяқталуға әкелуі мүмкін.
Қан түзілуіне әсері
Дозаны түзетуден кейін қайтымды болатын тромбоцитопения және/немесе лейкопения (оның ішінде, лимфопения және нейтропения) анықталды. Егер тромбоцитопения және/немесе лейкопения негізгі аурудың симптомдары болып табылмаса немесе емдеу үшін препарат енгізілетін жай-күймен байланысты болмаса, дозаны азайту ұсынылады.
Препаратпен емдеу кезінде, сондай-ақ ем аяқталған соң лейкоциттер мен тромбоциттер санын бақылап отыру қажет.
Инфекциялар
Препаратты түрлі иммуносупрессиялық агенттермен біріктірілімде қолданудан кейін инфекциялар, инфекциялардың қайталануы және сепсис пайда болған жағдайлар тіркелді. Пациенттерді мұқият қадағалауға және инфекцияның тиісті профилактикасын жасауға кеңес беріледі.
Қатерлі жаңа түзілімдер
Препаратты қоса, иммуносупрессиялық дәрілерді қолдану қатерлі жаңа түзілімдердің, оның ішінде, өліммен аяқталу ықтималдығымен вирустар себеп болуы мүмкін лимфоманың немесе лимфопролиферациялық аурулардың туындау жиілігін арттыра алады.
Инфекциялық агенттердің берілу қаупі
Үй қоянынан алынатын иммуноглобулин өндірісінде адамнан алынған компоненттер пайдаланылады. Адамнан алынатын өнімдерді өндіру кезінде инфекцияның берілуі қаупін болдырмаудың стандартты шаралары шикізатты мұқият іріктеуді және өндіріс үдерісінде вирустарды жою/белсенділігінен айыруды қамтиды. Алайда, инфекцияның берілу қаупін толық жоққа шығаруға болмайды. Бұл белгісіз немесе қайта пайда болған вирустарға немесе инфекциялық агенттердің басқа типтеріне де қатысты.
Қабылданған шаралар қабықпен қапталған (HIV, HBV, HCV) және қапталмаған (HAV) вирустар үшін тиімділігін танытты. Қабылданатын шаралардың В19 парвовирусы сияқты қапталмаған вирустарға қатысты мүмкіндіктері шектеулі болуы мүмкін. В19 парвовирусының инфекциясын жұқтыру шарана үшін, иммундық тапшылығы бар тұлғалар үшін және анемияның кейбір типтері бар пациенттер үшін ауыр болуы мүмкін.
Препарат енгізілгенде әр жолы қатаң түрде пациент атының және препараттың серия нөмірінің жазбасын жүргізуге кеңес беріледі.
Препарат инфузиясы кезіндегі айрықша нұсқаулар
Кез келген инфузия жағдайындағы сияқты, ауыру, ісіну және қызаруды қамтитын инфузия орнындағы реакциялар туындауы мүмкін.
Вакцинация
Препаратпен емдеуден кейін аттенуирленген тірі вакциналармен иммунизация жасау қауіпсіздігі зерттелмеді; осылайша, препаратты таяуда алған пациенттер үшін аттенуирленген тірі вакциналармен иммунизация жасау ұсынылмайды.

Дәрілік заттармен өзара әрекеттесуі

Циклоспорин, такролимус, микофенолат мофетилі
Шамадан тыс иммуносупрессия мен лимфопролиферациялық аурулардың даму қаупі болуы мүмкін.
Тірі аттенуирленген вакциналар
Вакцина енгізу себебінен болатын, өліммен аяқталуы мүмкін жүйелі инфекциялық үдерістің даму қаупі арта түседі. Қауіп негізгі ауру (аплазиялық анемия) салдарынан болған иммундық тапшылығы бар пациенттерде артады.
Препарат үй қояны иммуноглобулиндерінің басқа препараттарымен реакцияға түсуге қабілетті антиденелер түзілуін туғызуы мүмкін.
Препарат иммуноглобулиндер пайдаланылатын стандартты клиникалық зертханалық тестілерге ықпалын тигізбейді. Алайда, препарат үй қояндарының антиденелеріне және панель-реактивті антиденелердің цитоуыттылық талдауларына немесе үйлесімділігінің айқаспалы сынамасына (кросс-матч) негізделген иммунологиялық тестілер нәтижелерін бұрмалауы мүмкін.

Бүйрек жеткіліксіздігі

Бүйрек қызметінің бұзылуы кезінде дозаны түзету қажет емес.

Бауыр жеткіліксіздігі

Бауыр аурулары бар пациенттердің бұрыннан бар коагуляция бұзылулары өршіп кетуі мүмкін. Тромбоциттер мен коагуляция факторлары аса мұқият бақылануы тиіс.

Жүктілік

Абсолютті қажеттілік болмаса, жүктілік кезінде пайдаланылмауы тиіс.

Емізу

Емдеу кезінде бала емізу тоқтатылуы тиіс.

Жағымсыз әсерлері

Өте жиі:
- лимфоцитопения, нейтропения, тромбоцитопения, анемия
- қызба
- инфекциялар (инфекция үдерісінің қайталануын қоса)
Жиі:
- фебрильді нейтропения
- диарея, дисфагия, жүрек айну, құсу
- қалтырау
- трансаминазалар жоғарылауы
- сарысу құю ауруы
- цитокиндердің босап шығу синдромы (ЦБС)
- анафилаксиялық реакция
- сепсис
- миалгия
- қатерлі ісіктер
- лимфомалар (вирус себебінен болуы мүмкін)
- қатерлі жаңа түзілімдер (ауқымды ісіктер)
- ентігу
- қышыну, тері бөртпесі
- гипотония
Жиі емес:
- инфузиямен байланысты реакциялар (ИБР)
- гепатоцеллюлярлық зақымдану
- гепатоуыттылық
- бауыр жеткіліксіздігі
- лимфопролиферациялық бұзылу
Белгісіз (қолда бар деректер негізінде бағалау мүмкін емес):
- гипербилирубинемия
Инфузиямен және иммундық жүйенің ауруларымен байланысты реакциялар
Инфузиямен байланысты реакциялар препараттың бір емдеу курсы ішінде бірінші немесе екінші инфузиясынан кейін бірден пайда болуы мүмкін және келесі симптомдарды қамтиды:
- қызба, қалтырау/діріл, ентігу
- жүрек айну/құсу, диарея
- гипотония немесе гипертония
- дімкәстану, тері бөртпесі, есекжем және/немесе бас ауыру
Препарат инфузиясымен байланысты реакциялар, әдетте, аз білінеді және қысқа мерзімді болады. Пациенттің жай-күйін инфузия жылдамдығын азайту немесе дәрі-дәрмекпен емдеу көмегімен жақсартуға болады.
Күрделі анафилаксиялық реакциялардың өте сирек жағдайларда өліммен аяқталатын жағдайлары байқалды. Өліммен аяқталу анафилаксиялық реакция кезінде адреналин алмаған пациенттерде байқалды.
Цитокиндердің лықсу реакцияларына (ЦБС) сәйкес инфузиялық реакциялар жағдайлары байқалды. Сирек жағдайларда күрделі және пациент өміріне зор қатер төндіретін жағдайлар болды.
Маркетингтен кейінгі есептерде сипатталған цитокиндердің босап шығу синдромының (ЦБС) күрделі жағдайлары кардиореспираторлық дисфункциямен (гипотензия, жедел респираторлық дистресс-синдром, өкпенің ісінуін, миокард инфарктісін, тахикардия және/немесе өлімді қоса) байланысты болды.
Маркетингтен кейінгі қадағалаулар кезінде келесі реакциялар: қызба, терідегі бөртпе, есекжем, артралгия және/немесе миалгия анықталды, әдетте, емдеу басталған соң 5 – 15-ші күндері пайда болатын сарысу құю ауруы дамуы мүмкін; симптомдар, әдетте, өздігінен немесе кортикостероидтармен емдеу көмегімен басылады.
Жергілікті жағымсыз реакциялар: инфузия аумағының ауыруы, шеткері тромбофлебит.
Гепатобилиарлық бұзылыстар
Препарат қабылдағанда қандай да бір клиникалық белгілер немесе симптомдарсыз трансаминазаның уақытша жоғарылауы білінді.
Бауыр жеткіліксіздігінің жағдайлары гематологиялық ауру факторы ауырлап кеткен пациенттерде және/немесе дің жасушаларын ауыстырып салудан соң аллергиялық гепатит пен қайталанған гепатиттен кейін білінді.
Иммуносупрессиямен байланысты жағымсыз реакциялар
Препарат түрлі иммуносупрессиялық агенттермен біріктірілімде қолданудан кейін жағымсыз реакциялардың келесі жағдайлары тіркелді:
- сирек жағдайларда өліммен аяқталатын түрлі инфекциялар, инфекциялардың қайталанулары, фебрильді нейтропения және сепсис
- қатерлі ісіктер, лимфопролиферациялық ауруларды (LPD) және басқа лимфомаларды (вирус себеп болуы мүмкін), сондай-ақ, ауқымды ісіктерді (сирек) қоса (бірақ осымен шектелмейді), бұл түрлі иммуносупрессиялық агенттерді біріктіріп қолданумен байланысты болды және кейде өліммен аяқталуға әкелді.

Көрсеткіштері, қолдану тәсілі мен дозалары

Емдеу хаттамасына сәйкес иммуносупрессиялық препараттармен бірге қолданылады.
Препаратты енгізуге дейін кортикостероидтар мен антигистаминдік препараттарды вена ішіне енгізумен премедикация жүргізу қажет.
Препаратты дозалау ол қолданылатын көрсетілімдерге, енгізу режиміне және басқа иммунодепрессиялық препараттармен біріктірілу мүмкіндігіне байланысты.
Трансплантация кезіндегі иммуносупрессия
Трансплантаттың қабылданбай ажырауының жедел реакциясының профилактикасы:
Бүйректі, ұйқы безін немесе бауырды ауыстырып салудан соң 2-9 күн бойы және жүректі ауыстырып салудан соң 2-5 күн бойы 1-1,5 мг/кг/тәулік, бұл жүректі ауыстырып салудан соң 2-7,5 мг/кг жинақты дозасына және басқа ағзаларды ауыстырып салудан соң 2-13,5 мг/кг дозасына сәйкес келеді.
Трансплантаттың қабылданбай ажырауының жедел реакциясын емдеу:
3-14 күн бойы 1,5 мг/кг/тәулік, бұл 4,5-21 мг/кг жинақты дозасына сәйкес келеді.
Жедел және созылмалы «қожайынға қарсы трансплантат» реакциясының профилактикасы
Ағзаларды (сүйек кемігін немесе шеткері қандағы гемопоэздік дің жасушаларын) туыс HLA-сәйкес емес донорлардан немесе туыс емес HLA-сәйкес донорлардан ауыстырып салу операциясынан кейін ересек пациенттерде препаратты ауыстырып салуға дейін 4, 2 немесе 1 күн бұрын 2,5 мг/кг/тәулік дозада профилактика ретінде қолдануға ұсынылады, бұл 7,5-10 мг/кг жинақты дозасына сәйкес келеді.
Стероидтармен емге төзімді, жедел «қожайынға қарсы трансплантат» реакциясын емдеу:
Препарат дозасы әркімге жеке белгіленуі тиіс. Әдетте, доза 5 күн бойы 2-ден 5 мг/кг/тәулікке дейін құрайды.
Аплазиялық анемияны емдеу
5 күн қатарынан 2,5-3,5 мг/кг/тәулік, бұл 12,5-17,5 мг/кг жинақты дозасына сәйкес келеді.
Препараттың аплазиялық анемияны емдеу үшін қолдану жөнінде бақыланатын клиникалық зерттеулер жүргізілмеді.

Балаларда қолданылуы

Қазіргі уақытта препаратты педиатрияда қолдану туралы қолда бар деректер шектеулі. Алайда, олар балаларда препараттың қауіпсіздік бейінінің ересек пациенттерден түбегейлі ерекшеленбейтінін көрсетеді