A10BD16 Метформин және Канаглифлозин (Metformin and Canagliflozin)

Қолдану көрсеткіштері

Қандағы глюкоза деңгейін түзетудің медикаментозды емес әдістерімен біріктірілімде 2 типті қан диабетін емдеу: метформиннің ең жоғары көтере алатын дозасымен монотерапия кезінде гликемиялық бақылау болмаған жағдайда; инсулинді қоса, басқа гипогликемиялық препараттармен біріктірілімде метформиннің ең жоғары көтере алатын дозасымен гликемиялық бақылау болмаған жағдайда; жекелеген препараттар ретінде бірге қабылданатын канаглифлозин және метформин орнына. Берілген кешенді дәрілік заттың құрамына кіретін әр препарат туралы толық ақпарат  Метформин (Metformin) және Канаглифлозин (Canagliflozin) монографияларында берілген.Қолдану тәсілі және дозаларыЕресектер. Ішке, тамақ қабылдаумен бірге, бүтіндей жұту, ұсынылатын бастапқы доза: 50 мг күніне 2 рет. Алғашқы дозаны жақсы көтерген пациенттерге: 150 мг күніне 2 рет. Ең төменгі тәуліктік дозалар қабылдау режимінің кезеңіне байланысты (қабылдау басында немесе жалғастырылған емдеу): 100-300 мг.Препаратты тағайындауда және дозасын таңдағанда емдеудің ұлттық стандарттарына, арнайы емдеу мекемелерінің емдеу хаттамаларына, сонымен қатар қолданылуы жөніндегі нұсқаулығына жүгініңіз.

Ақпарат тіркелуден кейін қолжетімді

Қарсы көрсеткіштері

Препарат компоненттерінің кез келгеніне аса жоғары сезімталдық.- Диабеттік кетоацидоз, диабеттік кома;- тіндік гипоксияға әкелуі мүмкін жедел және созылмалы аурулар (жүрек немесе респираторлық жеткіліксіздік, жақында өткерген миокард инфарктісі, шок);- метформин және канаглифлозин препаратын қабылдау кезіндегі дегидратация;- жедел алкогольдік улану, алкоголизм;- 18 жасқа дейінгі балалар мен жасөспірімдер.

Ақпарат тіркелуден кейін қолжетімді

Қауіпсіздік шаралары

Cақтық болыңыз:- дозаны 50 мг-ден 150 мг-ға дейін арттыру және тек дәрігердің қадағалауымен;- инсулиндермен және / немесе инсулин секрециясын стимуляторлармен қосымша емдеуде;Жағымсыз реакциялар туындаған кезде автокөлікті және қауіптілігі зор механизмдерді басқарудан бас тарту қажет.Қосымша ақпарат алу үшін Ұлттық емдеу стандарттарына, мамандандырылған емдеу мекемелеріндегі емдеу хаттамаларына, сондай-ақ қолдану нұсқауларына жүгініңіз.

Ақпарат тіркелуден кейін қолжетімді

Бауыр жеткіліксіздігі

Қарсы көрсетілген.

Ақпарат тіркелуден кейін қолжетімді

Жүктілік

Қарсы көрсетілген.

Ақпарат тіркелуден кейін қолжетімді

Емізу

Қарсы көрсетілген.

Ақпарат тіркелуден кейін қолжетімді

Жағымсыз әсерлері

Канаглифлозинмен байланысты.Өте жиі: инсулинмен немесе сульфонилмочевина препараттарымен біріктірілген гипогликемия; вульвовагинальді кандидоз.Жиі: іш қату, шөлдеу, жүрек айну; полиурия немесе поллакиурия, зәр шығару жолдарының инфекциясы(пиелонефрит және уросепсис); баланит немесе баланопостит, дислипидемия, гематокриттің жоғарылауы.Жиі емес: дегидратация және онымен байланысты реакциялар; постуральді бас айналу, естен тану; гипотензия, ортостатикалық гипотензия; бөртпе, есекжем; сүйектердің сынуы.Белгісіз: ангионевроздық ісіну; бүйрек функциясының бұзылуы (жасушааралық сұйықтық көлемінің азаюы); қандағы мочевина, калий, фосфат креатинині деңгейінің жоғарылауы.Метформинмен байланысты.Өте жиі: асқазан-ішек жолдарының белгілері (жүрек айну, құсу, диарея, іштің ауыруы және тәбеттің төмендеуі).Жиі: дәмнің бұзылуы.Өте сирек: лактоацидоз, В12 витаминінің жетіспеушілігі; эритема, қышу, есекжем; бауыр зертханалық зерттеулерінің ауытқулары, гепатит.

Ақпарат тіркелуден кейін қолжетімді

Балаларда қолданылуы

18 жасқа дейінгі балаларда тиімділігі мен қауіпсіздігі анықталмаған, препаратты қабылдау жөнінде ұсынымдары жоқ.

Ақпарат тіркелуден кейін қолжетімді