L03AB10 Альфа-2b пегинтерфероны (Peginterferon alfa-2b)

Қолдану көрсеткіштері

Рибавиринмен біріктірілімде клиникалық тұрақты ағымдағы АИТВ-инфицирленген және/немесе компенсацияланған циррозы бар пациенттерде созылмалы С гепатиті кезінде, сонымен қатар, интерферон альфамен (пегилирленбеген немесе пегилирленген) және рибавиринмен алдыңғы кешенді ем тиімсіз болғанда немесе интерферон альфамен монотерапия тиімсіз болғанда. Егер рибавиринді қолдануға қарсы көрсеткіші немесе көтере алмаушылығы бар болса, бұрын интерферон альфамен емделмеген ересектерде созылмалы С гепатитінің монотерапиясы.
    Клинические протоколы:
  1. Острые вирусные гепатиты B, C и D, передающиеся парентеральным путем у детей
  2. Острые вирусные гепатиты В, D и С у взрослых
  3. Хронический вирусный гепатит В у детей
  4. Хронический вирусный гепатит С у взрослых
  5. Хронический вирусный гепатит С у детей
  6. Цирроз печени у взрослых

Қарсы көрсеткіштері

Препараттың кез келген компонентіне жоғары сезімталдық; ауыр жүрек аурулары; ОЖЖ бұзылыстары, эпилепсия және психикалық жағдайларды қоса; қалқанша безінің аурулары; аутоиммунды аурулар; ауыр ұзақ аурулар.

Қауіпсіздік шаралары

Зертханалық тексеру емдеудің 2-ші және 4-ші апталарында, содан кейін кезеңді - клиникалық қажеттілігіне сәйкес жүргізіледі. Пациенттерге тістерін күніне 2 рет тазалау және тұрақты стоматологиялық тексеруден өту ұсынылады. Психикалық бұзылыстар симптомдарының өршуіне ықпал етеді, симптомдардың күшеюі кезінде емдеуді тоқтату. Жедел аса жоғары сезімталдық реакцияларының туындауы кезінде (уртикарлы бөртпе, ангионевроздық ісіну, бронх түйілуі, анафилактикалық реакция) емдеуді тоқтату. Іркілісті жүрек жеткіліксіздігі, миокард инфарктісі және/немесе аритмиядан зардап шегетін немесе анамнезінде бар пациенттерге дәрігердің тұрақты бақылауы қажет. Сұйықтықтың жоғалуына байланысты гипотония дамуының қаупі. Тұмау тәрізді синдром кезінде персистирленетін гипертермияның басқа да себептерін жою. Қызба, жөтел, ентігу және басқа да респираторлық симптомдардың пайда болысымен барлық науқастарға кеуде қуысына рентгенография жүргізу. Аутоиммундық бұзылыстар дамуының жоғары қаупі бар науқастарда интерферонмен емдеген кезде жиі аутоиммунды аурулардың клиникалық көріністері туындайды. Офтальмологиялық бұзылыстардың дамуы мүмкін, соның ішінде торқабыққа қан құйылуы, торқабықтың ошақтық өзгеруі, торқабықтың қабатталуы және торқабық көктамыры немесе артериясының обструкциясы. Жаңадан пайда болған немесе бар бұзылыстардың нашарлауы кезінде емді тоқтату. Дәрі-дәрмекпен емдеуге келмейтін гипотиреоз және гипертиреоз, қант диабеті бар пациенттер препаратпен емдеуді бастамуы керек. Ауыр жағдайларға дейінгі гипертриглицеридемияның өршуі/дамуы мүмкін, липидограмманың үздіксіз бақылауы керек. Көлік құралын немесе қозғалыстағы механизмдерді басқарудан бас тарту.Маңызды! Толық ақпарат алу үшін дәрілік препараттың қолданылуы жөніндегі нұсқаулығына жүгініңіз.

Дәрілік заттармен өзара әрекеттесуі

Басқа дәрілік заттармен фармацевтикалық тұрғыда үйлесімсіз.Телбивудин - БІРІКТІРІЛІМІ ҚАРСЫ КӨРСЕТІЛГЕН, шеткергі нейропатия дамуының жоғары қаупі.Емдік диапазоны тар препараттар (мысалы, варфарин, фенитоин (CYP2C9) және флекаинид (CYP2D6)) - олардың белсенділігінің артуы, САҚТЫҚПЕН қолдану!Метадон - метадон концентрациясының 10-15%-ға жоғарылауы, уыттылық симптомдарының болуына бақылау қажет.

Бүйрек жеткіліксіздігі

Монотерапияда бүйректің орта және ауыр бұзылыстары бар пациенттерде дозасын төмендету қажет, креатинин клиренсі 50 мл/мин төмен пациенттерге рибавиринмен біріктірілімі қарсы көрсетілген.

Бауыр жеткіліксіздігі

Бауыр қызметіне бақылау қажет, өлім және бауыр декомпенсациясының даму қаупін жоғарылатады. Аутоиммунды гепатитте және орташа және ауыр бұзылыстарында қарсы көрсетілген. Ағзаларын ауыстырған пациенттерге қолданудың тиімділігі мен қауіпсіздігі туралы деректер жоқ. 

Жүктілік

Қолданбау! Пациенттер мен олардың серіктері емдеу кезінде және ем аяқталғаннан кейін 7 ай бойы тиімді контрацепция тәсілдерін қолдануы тиіс.

Емізу

Ана сүтіне енуі туралы ақпарат жоқ. Емдеуді бастауға дейін емізуді тоқтату.

Жағымсыз әсерлері

ОЖЖ тарапынан бұзылыстар: шаршағыштық, астения, бас ауыруы, бас айналуы, зейін шоғырландырудың төмендеуі, депрессия, үрейлілік, ашушаңдық, эмоциональді лабильділік, ұйқысыздық, ауырсынулар.АІЖ тарапынан бұзылыстар: ауыздың құрғауы, құсу, жүрек айнуы, іш аймағының ауыруы, диарея, анорексия, дене салмағының төмендеуі.Аллергиялық реакциялар: қалтырау, гипертермия, тұмау тәрізді жағдай, қышыну, терінің құрғауы, бөртпе.Қимыл-тірек аппараты тарапынан бұзылыстар: артралгия, қаңқа-бұлшықет ауыруы.Жергілікті реакциялар: инъекция орнындағы реакциялар және қабыну.Маңызды! Мұнда жағымсыз реакциялардың қысқаша сипаттамасы берілген. Толық ақпарат алу үшін дәрілік препараттың қолданылуы жөніндегі нұсқаулығына жүгініңіз. Жағымсыз реакциялар, әсіресе анықтау, мониторингтеу және емдеу бөлімі бойынша бекітілген ұлттық емдеу стандарттарына (хаттамаларға) жүгініңіз.

Балаларда қолданылуы

Балаларға. Тері астына, инъекцияға арналған орынды алмастыру. 3 жас және одан асқан балалар, рибавиринмен біріктіру: дозасын таңдағанда емдеудің ұлттық стандарттарына, арнайы емдеу мекемелерінің емдеу хаттамаларына, сонымен қатар қолданылуы жөніндегі нұсқаулығына жүгініңіз. 3 жасқа дейінгі балаларға қарсы көрсетілген. Ескерту: 3 жастан 17 жасқа дейінгі балаларда рибавиринмен біріктірілімі кезінде өсудің кідіруін туындатады.