A10BD15 Метформин және дапаглифлозин (Metformin and Dapagliflozin)
Қолдану көрсеткіштері
2-ші типті қант диабеті бар ересектерге дапаглифлозинмен және метформинмен емдеу талапқа сай болып табылмаған кезде, гликемия бақылауын жақсарту үшін диета мен дене жаттығуларына қосымша ретінде қолдануға арналған. Басқа диабетке қарсы препараттармен немесе инсулинмен біріктірілген метформин немесе бір метформинмен бақыланбатын 2 типті қант диабеті.
-
Клинические протоколы:
- Сахарный диабет 2 типа
Ақпарат тіркелуден кейін қолжетімді
Қарсы көрсеткіштері
Препараттың белсенді затына немесе қосымша заттарының кез келгеніне жоғары сезімталдық; лактоацидозды, комамен немесе онсыз жүретін диабеттік кетоацидозды қоса, жедел немесе созылмалы метаболизмдік ацидоз, диабеттік прекома, бүйрек функциясының бұзылуына алып келетін жедел жағдайлар, тіндер гипоксиясын туғызатын жедел немесе созылмалы аурулар; жедел алкогольдік уыттану, маскүнемдік; сирек тұқым қуалайтын галактозаны көтере алмаушылық ауруы, Лапп лактазасы тапшылығы немесе глюкоза-галактоза мальабсорбциясы.
Ақпарат тіркелуден кейін қолжетімді
Қауіпсіздік шаралары
1 типті диабеті бар пациенттерде және диабеттік кетоацидозды емдеу үшін пайдалануға арналмаған.Лактоацидоз даму мүмкіндігіне байланысты бүйрек функциясы бұзылуы мүмкін жағдайларда ерекше сақтық таныту керек. Егде жастағы пациенттерді емдеу бүйрек функциясын мұқият мониторингтеумен қатар жүруі тиіс. ≥ 80 жас шамасындағы пациенттерде метформинмен емдеу бүйрек функциясының төмендемегенін көрсетуі тиіс креатинин клиренсін өлшегенге дейін басталмауы тиіс, өйткені бұл пациенттер лактоацидоз дамуына сезімтал болып келеді. Хирургиялық араласым жоспарланғанда препаратты пайдалану уақытша тоқтатылуы тиіс.Гликемия бақылауының уақытша жоғалтылуы 2 типті қант диабеті бар емделушілерде, стрестің, қызбаның, жарақаттың, инфекцияның немесе операцияның нәтижесінде туындауы мүмкін. Бұл жағдайда, препаратты қабылдауды тоқтата тұру және уақытша инсулинді қабылдау қажет.
Ақпарат тіркелуден кейін қолжетімді
Дәрілік заттармен өзара әрекеттесуі
Пиоглитазон, ситаглиптин, глимепирид, воглибоз, гидрохлортиазид, буметанид, валсартан, симвастатин, рифампицин, мефенамин қышқылы -дапаглифлозиннің бір реттік дозасын бірге қабылдау кезінде фармакокинетикасымен фармаконидамикасында елеулі өзгерістер байқалған жоқ.Тиазидтер және басқа диуретиктер, кортикостероидтар, фенотиазиндер, қалқанша без өнімдері, эстрогендер, оральді контрацептивтер, фенитоин, никотин қышқылы, симпатомиметиктер, кальций өзекшелерін бөгейтін дәрілер, изониазидтер сияқты дәрілік препараттар гипергликемияны күшейтуі және гликемия бақылауының жоғалуына алып келуі мүмкін. ААФ тежегіштері, бета-блокаторлар, кальций каналдарының блокаторлары, диуретиктер,ангиотензин II антагонистері,жалпы анестезияға арналған препараттар,антипсихотикалық препараттар, паркинсонияға қарсы препараттар- гипотония қаупін арттырады.Инсулин және пероральді гипогликемиялық препараттар-гипогликемия қаупін арттырады.
Ақпарат тіркелуден кейін қолжетімді
Бүйрек жеткіліксіздігі
Бүйрек функциясы бұзылуының орташа немесе ауыр дәрежесі бар (креатинин клиренсі < 60 мл/мин) пациенттерде қолдануға болмайды.
Ақпарат тіркелуден кейін қолжетімді
Жағымсыз әсерлері
Өте жиі: гипогликемия; ас қорыту жолының бұзылыстары.Жиі: жыныс мүшелерінің инфекциялары, несеп шығару жолдарының инфекциялары, дәм сезудің бұзылуы (ауыздың темір татуы); несеп шығарудың күшеюі (полиурия, поллакиурия), арқаның ауыруыӨте сирек: лактоацидоз; B12 дәрумені тапшылығы, бауыр функциясының бұзылыстары, гепатит; есекжем; эритемаЖиілігі белгісіз: бөртпе.
Ақпарат тіркелуден кейін қолжетімді