L02BG04 Летрозол¹ (Letrozole)

Қолдану көрсеткіштері

Сүт безінің  гормон-позитивті обыры бар, менопаузадан кейінгі әйелдерде бірінші желілік ем ретінде; сүт безінің ерте сатыдағы инвазивті гормон-позитивті обыры бар, менопаузадан кейінгі әйелдерде сүт безінің обырын адъювантты түрде емдеу үшін; алдын ала 5 жыл бойы тамоксифенмен стандартты адъювантты ем қабылдаған, сүт безінің ерте сатыдағы инвазивті гормон-позитивті обыры бар, менопаузадан кейінгі әйелдерде адъювантты емді жалғастыру үшін; мұның алдында антиэстрогендермен ем қабылдаған, (табиғи немесе жасанды түрде туындаған) менопаузадан кейінгі әйелдерде қайталанудан немесе өршуден кейін жайылған сүт безі  обырында; сүт безінің гормон-позитивті, фактор-2 негативті обыры бар, менопаузадан кейінгі әйелдерді химиялық емдеу қолайлы ем болып табылмаған және шұғыл операциялық араласым көрсетілмеген жағдайда неоадьювантты емдеу.Клиникалық хаттама:   1. Сүт безі обыры   2. Жатыр денесінің қатерлі неоплазиясы
    Клинические протоколы:
  1. Рак молочной железы
  2. Злокачественные неоплазии тела матки

Ақпарат тіркелуден кейін қолжетімді

Қарсы көрсеткіштері

Белсенді затқа немесе кез келген қосымша затқа жоғары сезімталдық; тұқым қуалайтын лактоза, галактозаны көтере алмаушылық, Лапп-лактаза жеткіліксіздігі және глюкоза/галактоза мальабсорбциясы; менопауза алдындағы кезеңге тән эндокринді жағдай.

Ақпарат тіркелуден кейін қолжетімді

Қауіпсіздік шаралары

Летрозолмен емдеу кезінде, остеопороздың пайда болу және/немесе сүйектердің сыну жағдайлары тіркелгендіктен, сүйек аппараты саулығының жалпы жағдайына мониторинг ұсынылады. Менопауза жағдайы айқын емес күйінде қалған пациенттерде препаратпен емдеуді бастар алдында лютеинденуші гормон (ЛГ), фолликуланы ынталандырушы гормон (ФЫГ) деңгейін және/немесе эстрадиол деңгейін анықтаған жөн. Көлік құралын немесе қауіптілігі жоғары механизмдерді басқару кезінде сақ болған жөн.Маңызды! Толық ақпарат алу үшін дәрілік препараттың қолданылуы жөніндегі нұсқаулығына жүгініңіз.

Ақпарат тіркелуден кейін қолжетімді

Дәрілік заттармен өзара әрекеттесуі

CYP3A4 изоферментін белсендіретін препараттар (фенитоин, рифампицин, карбамазепин, фенобарбитал және шайқурай) - летрозолдың фармакологиялық әсерінің төмендеуі. Изоферменттердің белсенділігін бәсеңдететін препараттар (CYP3A4- кетоконазол, итраконазол, вориконазол, ритонавир, кларитромицин, телитромицин; CYP2A6- метоксален) - летрозол әсерінің күшеюі. Тамоксифен, басқа антиэстрогендер, эстроген-құрамдас препараттар - бірге тағайындау ұсынылмайды.Маңызды! Мұнда дәрілік өзара әрекеттесулердің қысқаша сипаттамасы берілген. Толық ақпарат алу үшін дәрілік препараттың қолданылуы жөніндегі нұсқаулығына жүгініңіз.

Ақпарат тіркелуден кейін қолжетімді

Бүйрек жеткіліксіздігі

Бүйрек жеткіліксіздігі кезінде (креатинин клиренсі 10 мл/мин) препараттың дозасын түзету қажет етілмейді. Креатинин клиренсі минутына < 10 мл болатын пациенттерге қолдану жөнінде деректер жоқ. Препаратты тағайындар алдында қауіп пен күтілетін әсер арасындағы арақатынасты мұқият өлшеген жөн.

Ақпарат тіркелуден кейін қолжетімді

Бауыр жеткіліксіздігі

Бауырдың орта және жеңіл дәрежедегі жеткіліксіздігі (Чайлд-Пью шкаласы бойынша А және В класы) кезінде препарат дозасын түзету қажет етілмейді.

Ақпарат тіркелуден кейін қолжетімді

Жүктілік

Қарсы көрсетілген.

Ақпарат тіркелуден кейін қолжетімді

Емізу

Қарсы көрсетілген.

Ақпарат тіркелуден кейін қолжетімді

Жағымсыз әсерлері

Өте жиі: гиперхолестеринемия, буындардың ауыруы, қан құйылулар, қатты терлеу, қатты қажу (соның ішінде, астения және әлсіздік).Жиі: артериялық гипертензия, жүректің айнуы, құсу, диспепсия, іштің қатуы, диарея, абдоминальді ауыру, анорексия, тәбеттің жоғарылауы, дене салмағының артуы, бас ауыру, бас айналу, алопеция, терінің құрғауы, бөртпелер (соның ішінде эритематоздық, дақты-папулездік, псориаз тәрізді және везикулярлық бөртпелер), миалгия, сүйектердің ауыруы, остеопороз, сүйек сынулары, депрессия, шеткері ісінулер, қынаптан қан кетулер.Жиі емес: лейкопения, жүректің қағуы (метастаздары бар пациенттер), тахикардия, ишемиялық жүрек-қантамырлық асқынулар (соның ішінде, стенокардия ұстамаларының пайда болуы немесе өршуі, хирургиялық араласуды қажет ететін стенокардия, миокард инфарктісі, миокард ишемиясы), тромбофлебит (соның ішінде беткейлік және терең көктамырлық), ісік ошақтарының ауыруы (метастаздары бар пациенттер), мазасыздық (соның ішінде, күйгелектік), ашушаңдық, ұйқышылдық, ұйқысыздық, жадының нашарлауы, дизестезия (соның ішінде, парестезия, гипестезия), дәм сезудің бұзылуы, ми қан айналымының жедел бұзылуы, білезіктің өзектік синдромы, артриттер, ентігу, жөтел, стоматит, ауыз ішінің құрғауы, бауыр ферменттері деңгейінің артуы, несеп жүйесінің инфекциялары, несептің жиі шығарылуы, қынап бөліністері, қынаптың құрғауы, сүт бездерінің ауыруы, катаракта, көздің тітіркенуі, көрудің тұмандануы, қышыну, есекжем, жайылған ісінулер, температураның жоғарылауы, шырышты қабықтардың құрғауы, шөлдеу, дене салмағының азаюы.Сирек: өкпе эмболиясы, артериялық тромбоз, цереброваскулярлық инфаркт.Өте сирек: гепатит.Жиілігі белгісіз: анафилаксиялық реакциялар, ангионевроздық ісіну, уытты эпидермальді некролиз, мультиформалы эритема, триггерлі саусақ.Маңызды! Мұнда жанама әсерлердің қысқаша сипаттамасы берілген. Толық ақпарат алу үшін дәрілік препараттың қолданылуы жөніндегі нұсқаулығына жүгініңіз.

Ақпарат тіркелуден кейін қолжетімді

Балаларда қолданылуы

18 жасқа дейінгі балаларға қарсы көрсетілген. 18 жасқа дейінгі балаларда тиімділігі мен қауіпсіздігі анықталмаған, препаратты қолдану бойынша ұсынымдары жоқ.

Ақпарат тіркелуден кейін қолжетімді