L02BB03 Бикалутамид¹ (Bicalutamide)

Қолдану көрсеткіштері

Хирургиялық кастрация немесе гонадотропин-рилизинг гормонының аналогтарымен терапия біріктірілімде қуық асты безінің жайылған ісігін емдеу. Клиникалық хаттама    1. Қуықасты безінің обыры
    Клинические протоколы:
  1. Рак предстательной железы

Қарсы көрсеткіштері

Кез келген препарат компоненттеріне жоғары сезімталдық; галактозаны көтере алмаушылық, лактаза жеткіліксіздігі немесе глюкоза және галактозаның мальабсорбция синдромы.

Қауіпсіздік шаралары

Простатспецификалық антиген деңгейінің жоғарылауы аясында аурудың үдеуі бар пациенттерде препаратты тоқтату туралы мәселені шешу қажет.Галактозаны көтере алмаушлық, Лапп лактаза тапшылығы немесе глюкоза-галактозаның мальабсорбциясы бар пациенттерге қабылдауға болмайды.Автокөлік немесе қозғалыстағы механизмдерді басқарудан бас тарту керек.

Дәрілік заттармен өзара әрекеттесуі

Терфенадин, астемизол, цизаприд - бірге қолдану ҚАРСЫ КӨРСЕТІЛГЕН. Циметидин, кетоконазол - бикалутамид концентрациясының жоғарылау мүмкіндігі. Антикоагулянттар - бикалутамидпен бірге қолдану кезінде протромбинді уақыттың бақылануын қажет етеді. Циклоспорин, кальций каналдарының блокаторлары - жағымсыз әсерлер жоғарылауы мүмкін, бұл препараттар концентрациясын бақылау және дозаларын төмендету қажет.

Бүйрек жеткіліксіздігі

Дозасын түзету талап етілмейді.

Бауыр жеткіліксіздігі

Бауыр қызметіне жүйелі мониторинг жүргізу қажет. Бауыр қызметінің орташа және ауыр дәрежедегі бұзылыстары бар пациенттерге сақтықпен тағайындау. Бауырдың ауыр зақымдануларында препарат кумуляцияланады.

Жағымсыз әсерлері

Жиі:АІЖ тарапынан бұзылыстар: жүрек айнуы, іштің ауыруы, іш қатуы, ауыздың құрғауы, тәбеттің төмендеуі, анорексия, диспепсия, диарея, метеоризм;ОЖЖ тарапынан бұзылыстар: бас айналуы, астения, бас ауыруы, ұйқысыздық, ұйқышылдық, депрессия;Гепато-билиарлы бұзылыстар: трансаминазалар деңгейінің жоғарылауы, холестаз, сарғаю, сирек бауыр жеткіліксіздігі;Гормоналды бұзылыстар: сүт бездерінің ауырсынуы, алопеция, терінің құрғауы, тершеңдік, гирсутизм немесе шаштың өсуінің қалпына келуі, белсіздік, либидо төмендеуі, дене салмағының жоғарылауы немесе төмендеуі, «құйылулар».Сирек:Аллергиялық реакциялар: қышыну, тері бөртпесі, қызба, сирек жоғары сезімталдық реакциялары, есекжем, Квинке ісінуі;ЖҚЖ тарапынан бұзылыстар: кеуде ауырсынуы, миокард инфарктісі, жүрек жеткіліксіздігі, стенокардия, QT және PR интервалының ұзаруы, аритмия, ЭКГ спецификалық емес өзгерістер;Өкпенің интерстициальді аурулары.

Балаларда қолданылуы

18 жасқа дейінгі балаларға қарсы көрсетілген.