L02AE02 Лейпрорелин¹ (Leuprorelin)

Қолдану көрсеткіштері

Кең таралған гормонға тәуелді қуық асты безінің обыры.
    Клинические протоколы:
  1. Дисфункция яичников
  2. Нарушения менструального цикла
  3. Рак предстательной железы

Қарсы көрсеткіштері

Препараттың белсенді затына немесе кез келген басқа компонентіне, соның ішіне полисорбат 80-ге жоғары сезімталдық; нейтрофильдердің бастапқы саны < 1500/мкл; қуық асты безінің гормонға тәуелді емес обыры; хирургиялық кастрация; жұлында компрессиялардың болуы, жұлында метастаздардың болуы.

Қауіпсіздік шаралары

Омыртқа бағанының метастаздық зақымданулары және/немесе несеп шығару жолдарының обструкциясы бар пациенттер емдеудің алғашқы бірнеше аптасының ішінде мұқият қадағалауды қажет етеді. Кортикостероидтарды немесе құрысуға қарсы препараттарды ұзақ уақыт пайдаланса, алкогольді немесе  шылымды артық мөлшерде тұтынса, лейпрорелин ацетатымен емдеуді бастар алдында «қауіп-пайда» арақатынасын бағалау керек. Остеопорозы, қант диабеті, жүрек-қантамыр аурулары бар науқастарға сақтықпен қолдану. QT аралығының туа біткен ұзару синдромы бар пациенттерде, қандағы электролиттер деңгейінің бұзылуы бар пациенттерде немесе іркілісті жүрек жеткіліксіздігі бар пациенттерде, сондай-ақ IА класының (мысалы, гуанидин, прокаинамид) немесе III класының (мысалы: амиодарон, соталол) аритмияға қарсы препараттарын алатын пациенттерде болатын андрогендердің ұзақ уақыт бәсеңдеуінде пайда/қауіп арақатынасын бағалау тиіс. Көлікті немесе қауіптілігі жоғары басқа механизмдерді басқарғанда сақ болу керек.Маңызды! Толық ақпарат алу үшін дәрілік препараттың қолданылуы жөніндегі нұсқаулығына жүгініңіз.

Бүйрек жеткіліксіздігі

Бүйрек қызметі бұзылуы дамыған кезде, бұл асқынуларды стандартты емдеу қажет.

Бауыр жеткіліксіздігі

Бауыр қызметінің айқын бұзылыстары кезінде қарсы көрсетілген.

Жүктілік

Қарсы көрсетілген.

Емізу

Қарсы көрсетілген.

Жағымсыз әсерлері

Өте жиі: құйылулар, ысыну сезімі, естен тану және жедел қантамыр жеткіліксіздігі, экхимоздар, эритема, препаратты енгізген жердегі ашыту сезімі және парестезиялар, жалпы әлсіздік және жоғары қажығыштық.Жиі: ентігу, қан түкіру, өкпе эмфиземасы, назофарингит, гипестезия, тері қышуы, түнгі тершеңдік, несеп шығару іркілісі, несеп шығарудың қиындауы, дизурия, никтурия, олигурия, емшек бездерінің ауырсынуы, бедеулік, емшек бездерінің гипертрофиясы, аталық бездер атрофиясы, аталық бездің ауыруы, эректильді дисфункция, жыныстық мүше өлшемінің кішіреюі, әлсіздік, жоғары қажығыштық, жалпы әлсіздік, препарат енгізген жердің ауыруы және қанталауы, екпе орнының шаншуы, қалтыраулар, эритроциттер санының азаюы, гематокрит пен гемоглобиннің төмендеуі, гематологиялық өзгерістер, креатинфосфокиназа деңгейінің жоғарылауы, қанның ұю уақытының ұзаруы, сүйектердің ауыруы, артралгиялар, миалгиялар, поллакиурия, гематурия.Жиі емес: ринорея, диспноэ, несеп шығару жолдарының инфекциясы, терінің жергілікті инфекциясы, қант диабеті ағымының нашарлауы, әдеттен тыс түс көрулер, депрессия, жыныс құштарлығының кемуі, бас айналу, бас ауыру, ұйқысыздық, дәм сезудің нашарлауы, иіс сезудің бұзылуы, вестибулярлық бас айналу, гипертензия, гипотония, іш қатулар, ауыздың құрғауы, диспепсия, құсу, тұла бойдың қатты терлеуі және алақандардың тершеңдігі, түнгі тершеңдік, арқаның ауыруы, бұлшықеттердің құрысуы, тремор, бұлшықет атрофиясы, қуықтың түйілуі, несеп шығарудың шектен тыс жиілеуі, несептің іркілуі, гинекомастия, импотенция, аталық бездер функциясының бұзылуы, препарат енгізген жердің қышынуы, тежелгіштік, ауырсыну, қызба, препарат енгізген жердегі индурация, қан сарысуында аланинаминотрансфераза, триглицеридтер деңгейінің жоғарылауы, протромбин уақытының ұзаруы, дене салмағының артуы.Сирек: гипестезия, еріктен тыс болатын патологиялық қимыл-әрекеттер, метеоризм, кекіру, алопеция, тері бөртпелері, емшек бездерінің ауыруы, екпе орнының ойық жаралануы.Өте сирек: препаратты енгізген жердегі тіндердің некрозы.Маңызды! Мұнда дәрілік өзара әрекеттесулердің қысқаша сипаттамасы берілген. Толық ақпарат алу үшін дәрілік препараттың қолданылуы жөніндегі нұсқаулығына жүгініңіз.

Балаларда қолданылуы

18 жасқа дейінгі балаларда тиімділігі мен қауіпсіздігі анықталмаған, препаратты қолдану бойынша ұсынымдары жоқ.