L01XX24 Пегаспаргаза¹ (Pegaspargase)
Қолдану көрсеткіштері
L-аспарагиназаның нативті түрлеріне аса жоғары сезімталдық дамыған жағдайда жедел лимфобластты лейкоздың реиндукциялық еміне арналған ісікке қарсы басқа препараттармен біріктірілімде.
-
Клинические протоколы:
- Острый лимфобластный лейкоз у взрослых
- Рецидив острого лимфобластного лейкоза у детей
Қарсы көрсеткіштері
А намнезде панкреатит, мұның алдында L аспарагиназамен емдеумен байланысты панкреатитті қоса; анамнездегі L аспарагиназамен емдеумен байланысты күрделі геморрагиялық асқынулар; әсер етуші затқа немесе қосымша заттардың кез келгеніне жоғары сезімталдық; бауыр функциясының ауыр жеткіліксіздігі (билирубин қалыптың жоғары шегінен (ҚЖШ) 3 есе асып кетеді; трансаминазалар ҚЖШ-ден 10 есе асып кетеді) ; L аспарагиназамен емдеуден кейін анамнезде күрделі тромбоз; жүктілік және емшек емізу кезеңі
Қауіпсіздік шаралары
Аса жоғары сезімталдық реакцияларының даму қаупі препараттың енгізілген дозалары санының артуымен жоғарылайды, бірақ пегаспаргазаны бірінші енгізген кезде де дамуы мүмкін. Пациент қан кету қаупін арттыратын препараттарды бір мезгілде қолдануға болмайтыны туралы ескертілуі тиіс. Басқа да гепатоуытты препараттармен бір мезгілде сақтықпен тағайындау. Емдеудің тиімділігін бақылау және жағымсыз әсерлерді ерте анықтау үшін шеткергі қан және сүйек кемігіне талдау керек, қандағы глюкоза және амилаза деңгейін (панкреатиттің анықталуы) анықтау, фибриноген, протромбин уақыты және ішінара тромбопластиндік уақытқа мониторинг жүргізу қажет. Көлік құралын және қауіптілігі жоғары механизмдерді басқарудан бас тарту.
Дәрілік заттармен өзара әрекеттесуі
Қанның ұйығыштығына және тромбоциттер агрегациясына әсер ететін дәрілер (мысалы, кумарин, гепарин, дипиридамол, ацетилсалицил қышқылы немесе басқа да қабынуға қарсы стероидты емес заттар) - қан кету және/немесе тромбоздар қаупінің артуы.Винкристин - пегаспаргаза уыттылығының артуы және анафилактикалық реакциялар қаупінің жоғарылауы.Преднизон - қан ұйығыштығы жүйесінің бұзылыстары қаупінің жоғарылауы, қан сарысуындағы антитромбин III және фибриноген концентрациясының төмендеуін қоса.Метотрексат, цитарабин - осының алдында бұл препараттарды енгізу пегаспаргаза әсерін синергиялық күшейте алады, метотрексат және цитарабинді пегаспаргазадан кейін енгізу оның әсерін антагонистік тұрғыда бәсеңдетуі мүмкін.Тірі вакциналармен вакцинациялау - ауыр инфекциялар даму қаупінің жоғарылауы.Алкоголь - ОЖЖ тежелуінің күшеюі.
Бүйрек жеткіліксіздігі
Қан сарысуындағы несеп қышқылы концентрациясының жоғарылауына байланысты препаратты қабылдаудың алғашқы күндері уремиялық нефропатия дамуы мүмкін.
Бауыр жеткіліксіздігі
Гепатоуытты, бауыр қызметіне мониторинг қажет.
Жүктілік
Қарсы көрсетілген.
Емізу
Қарсы көрсетілген.
Жағымсыз әсерлері
Пирексия, панкреатит, диарея, іштің ауыруы, жүректің айнуы , құсу, стоматит, асцит, некроздық панкреатит, геморрагиялық панкреатит, ұйқы безінің жалған кистасы, паротит, гипоксия , бөртпелер, тәбеттің төмендеуі, гипергликемия, гиперлипидемия, гиперхолестеринемия, диабеттік кетоацидоз, гипогликемия, аяққолдың ауыруы, ұстамалар, шеткері қимыл-қозғалыс невропатиясы, синкопальді жай-күй, қайтымды артқы лейкоэнцефалопатия синдромы, ұйқышылдық, тремор, сананың шатасу жағдайы, бүйрек функциясының жедел жеткіліксіздігі, қызбалық нейтропения, анемия, коагулопатия, сүйек кемігі функциясының жеткіліксіздігі, эмболия, тромбоз, ми инфарктісі, қан кету, жоғарғы сагиттальді синус тромбозы, инфекциялар, сепсис, аса жоғары сезімталдық, есекжем, анафилаксиялық реакция, уытты эпидермальді некролиз, гепатоуыттылық, бауырдың майлы дегенерациясы, бауыр некрозы, сарғаю, холестаз, бауыр функциясының жеткіліксіздігі, дене салмағының төмендеуі, гипоальбуминемия, аланин-аминотрансфераза деңгейінің жоғарылауы, аспартат-аминотрансфераза деңгейінің жоғарылауы, гипертриглицеридемия, қанда фибриноген деңгейінің түсіп кетуі, липаза деңгейінің жоғарылауы, амилаза деңгейінің жоғарылауы, ішінара белсенділендірілген тромбопластин уақытының артуы, қанда билирубин деңгейінің жоғарылауы, протромбин уақытының артуы. Халықаралық қалыптасқан қатынастың жоғарылауы, гипокалиемия, қандағы холестерин деңгейінің жоғарылауы, гипофибриногенемия, гамма глутамилтрасфераза деңгейінің жоғары-лауы, қан мочевинасы деңгейінің жоғарылауы, пэгаспаргазаға антиденелер, нейтрофилдер санының азаюы, тромбоциттер санының азаюы, гипераммониемия
Балаларда қолданылуы
Көктамыр ішіне немесе бұлшықет ішіне. Б/і 2 мл асатын көлемде енгізгенде, препарат дозасын бөлу және дененің әр түрлі аймақтарына енгізу. Дене беткейі ауданы 0,6 м² астам балалар: әр 2 апта сайын 1 м² дене беткейіне 2500 ХБ. Дене беткейі ауданы 0,6 м² кем балалар: 1 кг дене салмағына 82,5 ХБ.