L01CE01 Топотекан (Topotecan)

Қолдану көрсеткіштері

Монотерапия: бірінші желіде немесе одан кейінгі сәтсіз емдеуден соң аналық бездердің метастатикалық ісігі; бірінші желінің препараттарымен қайталап емдеу сәйкессіз ем ретінде бағаланған ұсақ жасушалы өкпе ісігінің қайталануында. Топотекан цисплатинмен бірге сәулелік терапиядан кейін жатыр мойнының ісігінің рецидиві бар науқастарда және аурудың IVB кезеңіндегі науқастарда көрсетілген. Бұрын цисплатинмен емделген науқастарда кешенді терапияны бағалау үшін демеуші емде үзілістің болғанын қажет етеді.

    Клинические протоколы:
  1. Рак легкого
  2. Рак шейки матки
  3. Злокачественное новообразование яичника, фаллопиевой трубы и первичная перитонеальная карцинома
  4. Злокачественные неоплазии тела матки

Қарсы көрсеткіштері

Топотеканға немесе препарат құрамына кіретін басқа да компоненттерге жоғары сезімталдық, алғашқы курсты тағайындауға дейін сүйек кемігінің айқын тежелуі (нейтрофилдер санының 1,5×109/л- ден және/ немесе тромбоциттер санының 100 × 109/л-ден төмен азаюы).

Қауіпсіздік шаралары

Басқа да цитоуытты дәрілік препараттар сияқты, топотекан сепсиске және пациенттерде сепсистің салдарынан өлімге әкелетін миелосупрессияны тудыруы мүмкін.

Дәрілік заттармен өзара әрекеттесуі

Колония-ынталандырушы факторлар – миелосупрессия даму қаупі жоғарылауына байланысты ТАҒАЙЫНДАУДЫ БОЛДЫРМАУ.

Циклоспорин (Ciclosporin) – топотекан уыттылығының артуы.

Клозапин (Clozapine) - агранулоцитоз қаупінің артуы.

Тірі вакциналар, мысалы - БЦЖ, қызылша, қызамық, полиомиелит, тұмауға қарсы вакциналар - иммундық жауаптың төмендеуі; жайылған инфекциялардың дамуы мүмкін (толық ақпарат алу үшін дәрілік препараттың қолданылуы жөніндегі нұсқаулығын қараңыз).

Ескерту: Мұнда кейбір маңызды дәрілік өзара әрекеттесулердің қысқаша сипаттамасы берілген. Өзара әрекеттесуі туралы ұсыныстар және қосымша ақпарат алу үшін дәрілік заттардың өзара әрекеттесулері туралы ақпарат көздеріне немесе дәрілік препараттың қолданылуы жөніндегі нұсқаулығына жүгініңіз.

Бүйрек жеткіліксіздігі

Креатинин клиренсі 20 мл/ мин төмен болғанда сақтықпен қолдану.

Бауыр жеткіліксіздігі

Сарысулық билирубин 10 мг/дл жоғары болғанда сақтықпен қолдану.

Жүктілік

Қарсы көрсетілген.

Емізу

Қарсы көрсетілген.

Жағымсыз әсерлері

Өте жиі: фебрильді нейтропения, нейтропения, тромбоцитопения, анемия, лейкопения, жүрек айнуы, құсу және диарея (ауыр ағымы болуы мүмкін), іштің қатуы, іштің ауыруы, ауыз қуысының шырышты қабатының қабынуы (стоматит). Жиі: панцитопения.Сирек: өкпенің интерстициальді ауруы (өліммен аяқталған жағдайлар сипатталған). Маңызды! Мұнда жанама әсерлердің қысқаша сипаттамасы берілген. Толық ақпарат алу үшін дәрілік препараттың қолданылуы жөніндегі нұсқаулығына жүгініңіз.

Балаларда қолданылуы

18 жасқа дейінгі балаларға қарсы көрсетілген.