L01XX14 Третиноин (Tretinoin)

Қолдану көрсеткіштері

Жедел промиелоцитарлы лейкоз кезіндегі ремиссия индукциясында (ЖПМЛ; ҒАВ-АМL-M3 бойынша жіктелуі).
    Клинические протоколы:
  1. Острый промиелоцитарный лейкоз у взрослых

Қарсы көрсеткіштері

Белсенді затқа немесе кез келген қосалқы затқа, ретиноидтарға, сояға, жер жаңғаққа жоғары сезімталдық

Қауіпсіздік шаралары

 • Гематолог немесе онкологтың мұқият қадағалауымен ғана тағайындалуы тиіс. • Ем барысында жедел промиелоцитарлы лейкозы бар пациенттерге демеуші шаралар, мысалы, қан кету профилактикасы және инфекцияларды шұғыл емдеу көрсетілген. Қан формуласын, ұю көрсеткіштерін, бауыр функциясын және триглицеридтер мен холестерин концентрациясын жиі бақылап отыру керек.  • Егер лейкоциттер санына қатысты деректер негізінде третиноинмен емдеу химиялық еммен толықтырылса, «ретиной қышқылы синдромының» (РҚС) туындау жиілігі төмендейді. • Ең ерте РҚС белгілері білінгенде дексаметазонмен емдеу курсын  бастау қажет (көп дегенде 3 күн бойы немесе РҚС басылуына дейін әр 12 сағат өткенде 10 мг). Орташа және ауыр РҚС ағымында емдеуді уақытша тоқтату мәселесін қарастыру қажет. • Емнің алғашқы айында тромбоз қаупі болатындықтан, науқастарды  транексам қышқылы, аминокапрон қышқылы немесе апротинин сияқты фибринолизге қарсы препараттармен біріктірілімімен емдегенде сақ болу қажет. • Препаратты қолдану идиопатиялық (жалған туморозды) бассүйекішілік гипертензияға әкелуі мүмкін. Бұл синдромды медициналық жәрдем стандарттарына сәйкес емдеу керек. Егер пациент емдеуге реакция бермесе,  емді уақытша тоқтату мәселесін қарастыру қажет. • Емделу кезінде, гиперкальциемия пайда болуы мүмкін екендіктен, плазмадағы кальций деңгейін бақылау қажет. • Сирек тұқым қуалайтын фруктозаны көтере алмаушылығы бар пациенттер  қабылдамауы тиіс. • Егер, осы сақтандыру шараларына қарамастан, третиноинмен емделу кезінде немесе емделуден кейін 1 ай ішінде жүктілік орын алса, әсіресе, егер препарат жүктіліктің 1 триместрінде тағайындалса, даму ақаулары бар нәрестенің туу қаупі өте жоғары. • Емделу кезеңінде көлік жүргізуден және аса қауіпті қызмет түрлерімен айналысудан бас тарта тұру қажет.

Дәрілік заттармен өзара әрекеттесуі

Фибринолизге қарсы дәрілер -  бір мезгілде қолданғанда тромбоз асқынуларының даму  қаупі бар;  сақтықпен қолдану қажет.Тетрациклиндер -  бас сүйекішілік қысымның көтеріілуі;  бір мезгілде тағайындауға қарсы көрсетіілген.А витамині - А гипервитаминозы симптомдарының күшеюі, бір мезгілде тағайындауға қарсы көрсетіілген.Таблеткалар түріндегі құрамында гестаген бар контрацептивтер («мини-пили») -  бір мезгілде қабылданғанда  контрацептивтік әсерінің сенімділігі азаяды.

Бүйрек жеткіліксіздігі

Алдын ала сақтану мақсатында доза дене беткейіне 25 мг/м2 дейін азайтылуы тиіс.

Бауыр жеткіліксіздігі

Алдын ала сақтану мақсатында доза дене беткейіне 25 мг/м2 дейін азайтылуы тиіс.

Жүктілік

Қарсы көрсетілген.

Емізу

Қарсы көрсетілген.

Жағымсыз әсерлері

Инфекциялар және инвазиялар:Жиілігі белгісіз: некроздалған фасциит.Қан түзу және лимфа жүйесі тарапынан бұзылулар:Жиілігі белгісіз: тромбоцитемия, базофилияЗат алмасу бұзылулары және тамақтану бұзылыстары:Өте жиі: тәбеттің төмендеуіЖиілігі белгісіз: гиперкальциемияПсихикалық бұзылыстар:Өте жиі: сананың шатасуы, қорқыныш күйі, депрессия, ұйқысыздықЖүйке жүйесі тарапынан бұзылулар:Өте жиі: бас ауырулар, бассүйекішілік қысымның көтерілуі (церебральді жалған тумор), бассүйекішілік қысымның қатерсіз көтерілуі, бас айналу, парестезияларЖиілігі белгісіз: ми қан айналымының бұзылуларыКөру мүшелері тарапынан бұзылулар:Өте жиі: көрудің нашарлауы, конъюнктива ауруларыЕсту ағзалары тарапынан бұзылулар:Өте жиі: естудің төмендеуіЖүрек қызметінің бұзылулары:Өте жиі: аритмия.Жиілігі белгісіз: миокард инфарктісі. Тамыр жүйесі тарапынан бұзылулар:Өте жиі: қызару және ысыну сезіміЖиілігі белгісіз: тромбоздар, васкулиттер.Тыныс алу, кеуде қуысы және көкірек ортасы ағзалары тарапынан бұзылулар:Өте жиі: тыныс алу жеткіліксіздігі, мұрын шырышты қабығының құрғауы, демікпе.Ас қорыту ағзалары тарапынан бұзылулар:Өте жиі: ауыздың кеберсуі, жүрек айну, құсу, іштің ауыруы, сұйық нәжіс, іш қату, панкреатит, хейлит.Тері және теріасты шелі тарапынан бұзылулар:Өте жиі: эритема, экзантема, прурит, алопеция, тершеңдік.Жиілігі белгісіз: түйінді эритема, жедел фебрильді нейтрофильді дерматоз (Свит синдромы).Сүйек-бұлшықет жүйесі және дәнекер тін тарапынан бұзылулар:Өте жиі: сүйектердің ауыруы.Жиілігі белгісіз: миозит.Бүйрек және несеп шығару жолдары тарапынан бұзылулар:Жиілігі белгісіз: бүйрек инфарктісіҰрпақ өрбіту жүйесі және сүт бездері тарапынан бұзылулар:Жиілігі белгісіз: жыныс ағзалары шырышты қабығының ойық жаралануы.Жалпы бұзылулар және енгізген жердегі жай-күйлер: Өте жиі: кеуденің ауыруы, қызба, дімкәстану.Зертханалық зерттеулерде анықталған бұзылулар:Өте жиі: плазмада триглицеридтер, креатинин, холестерин, трансаминазалар деңгейінің жоғарылауы.Жиілігі белгісіз: гистамин деңгейінің артуы.

Балаларда қолданылуы

 Дозаны таңдау кезінде емдеудің ұлттық стандарттарын, мамандандырылған ауруханаларда емдеу хаттамаларын және қолдану нұсқауларын қарау керек.