L01XX02 Аспарагиназа¹ (Asparaginase)

Қолдану көрсеткіштері

Жедел лимфобластты лейкоз, лимфобластты ходжкиндік емес лимфомалар.Клиникалық хаттама:   1. Балалардағы ходжкиндік емес лимфома
    Клинические протоколы:
  1. Неходжкинская лимфома у детей

Қарсы көрсеткіштері

Анамнезінде немесе емдеу кезінде панкреатит; аспарагиназаға бұрын байқалған  аллергиялық реакциялар.

Қауіпсіздік шаралары

ОЖЖ ауруларында, қант диабеті, жедел инфекциялар, подагра (анамнезінде), нефролитиазда  сақтықпен қолдану.Аспарагиназамен емдеуді тек ісікке қарсы химиотерапия жүргізуде тәжірибесі бар маманның бақылауымен жүргізу қажет. Анафилактоидтық реакциялар дамуының алдын алу үшін бөліп енгізу орынды. Аллергиялық реакциялар болған жағдайда аспаргиназаны енгізуді тез арада тоқтату қажет.Емдеу кезінде перифериялық қан,  ұйқы безін, қан ұю жүйесін жүйелі бақылап отыру қажет: глюкоза, протромбин, фибриноген, билирубин, холестерин, жалпы ақуыз, ақуыздық фракцияларды, трансаминаза, сілтілік фосфотаза, амилазаның және басқа да ферменттер белсенділігін аптасына 1 реттен кем емес тексеріп отыру қажет. Осы көрсеткіштер кенеттен өзгерген кезде, сондай-ақ протромбин деңгейі 60% -дан төмен және фибриноген концентрациясы 3 г/л төмен, қан ұю уақыты ұлғайғанда, панкреатиттің дамыған кезде емдеуді тоқтатып және тиісті терапияны жүргізу керек.

Дәрілік заттармен өзара әрекеттесуі

Метотрексат, цитарабин - аспарагиназа дозасы және қолдану уақытына байланысты синергиялық немесе антагонистік әсері бар. Урикозуриялық немесе подаграға қарсы препараттар- несеп қышқылының көп мөлшерде түзілуіне байланысты нефропатия даму қаупі. Винкристин, преднизолон - осы препараттарды қабылдағаннан кейін аспарагиназаның токсикалық әсерінің айқындығы төмендейді.

Бүйрек жеткіліксіздігі

Лейкоциттер санының ыдырау нәтижесінде, несеп қышқылының көп мөлшерде түзілуіне байланысты нефропатия даму мүмкіндігі. Алдын алу үшін аллопуринол тағайындауды және сусын ішуді жоғарылатуды ұсынады.

Бауыр жеткіліксіздігі

Бауыр қызметін тұрақты бақылау қажет. Бауырдың айқын бұзылыстарында қарсы көрсетілген.

Жүктілік

Қарсы көрсетілген.

Емізу

Емізуді тоқтату керек.

Жағымсыз әсерлері

Өте жиі: асқазан-ішек бұзылыстары, аллергиялық реакциялар, зат алмасу бұзылыстары, бауыр қызметінің бұзылыстары, инъекция орнының ісінуі және ауыруы;Жиі: депрессиялар, галлюцинациялар, сананың шатасуы және патологиялық ұйқышылдық, апоплексиялық инсульт, ми қан тамырларында қан ұюының бұзылыстары салдарынан естен тану, барлық үш жасушалық линиядағы миелосупрессия, жедел панкреатит, диареямен жүретін  ұйқы безінің сыртқы секреторлы функциясының бұзылысы, диабеттік кетоацидоз, гиперосмолярлы гипергликемия, температураның көтерілуі, бел, буын, іш аймағының ауыруы;Жиі емес: қанда мочевина деңгейінің жоғарылауы (гиперурикемия), гипераммониемия;Сирек: құрысулар, сананың ауыр бұзылыстары, соның ішінде кома, қайтымды артқы лейкоэнцефалопатия синдромы, геморрагиялық немесе некрозды панкреатит, жедел бүйрек жеткіліксіздігі, холестаз, сарғаю, бауыр жасушаларының некрозы және өлімге әкелуі мүмкін бауыр жеткіліксіздігі;Өте сирек: гемолитикалық анемия, ұйқы безінің псевдокистозы, өліммен аяқталатын панкреатит, ілеспелі жедел паротитпен панкреатит, уытты эпидермальды некролиз.Маңызды! Мұнда жанама әсерлердің қысқаша сипаттамасы берілген. Толық ақпарат алу үшін дәрілік препараттың қолданылуы жөніндегі нұсқаулығына жүгініңіз.

Балаларда қолданылуы

Балаларға 5000-10000 ХБ/м2 дозада дене салмағына байланысты көктамырға инфузия  (30 минуттан кем емес)  ретінде немесе бұлшықетке бір күннен кейін немесе күн сайын жалпы  жоғары доза 400000 ХБ  жеткенше.  Ерітіндіні дайындау: ұнтақ 4,0 мл инъекцияға арналған суда ерітіледі. Еріту кезінде көбік түзілуін алдын алу үшін су ағынын  баяу флаконның ішкі қабырғасы бойынша құю керек, еріту кезінде флаконды шайқамай, айналдыру керек. Дайындалған ерітіндіде  опалесценция әлсіз байқалуы мүмкін. Бұлшықетке енгізу үшін  дайын ерітіндіні сұйылту қажет емес. Нұсқаулық бойынша ерітілген, көктамырға енгізуге арналған инфузия үшін есептелген аспарагиназа мөлшері  250-500 мл 0,9% натрий хлориді ерітіндісінде немесе 5% декстроза ерітіндісінде сұйылтуы тиіс. Дайындалған ерітінді 6 сағат аралығында жарамды.