L01XE42 Рибоциклиб (Ribocyclib)
Қолдану көрсеткіштері
Гормональді рецепторлар (HR+) бойынша оң және адамның 2-ші типті (HER2-) эпидермальді өсу факторының рецепторлары бойынша теріс, сүт безінің таралған немесе метастаздық обыры бар әйелдерді емдеу үшін ароматаза тежегішімен немесе фулвестрантпен біріктіргенде; лютеиндейтін гормонның (LHRH) рилизинг-фактор агонистімен біріктірілімде эндокриндік ем ретінде пре- немесе перименопаузадағы әйелдерді емдеу үшін.
-
Клинические протоколы:
- Рак молочной железы
Қарсы көрсеткіштері
Препараттың белсенді немесе қосымша заттарының кез келгеніне аса жоғары сезімталдық; арахиске немесе сояға жоғары сезімталдық
Қауіпсіздік шаралары
• Нейтропенияның ауырлығын ескеріп, препаратты қабылдауды уақытша тоқтату, препарат дозасын азайту немесе қабылдауды толық тоқтату қажет болуы мүмкін. • Препаратпен емдеуді бастар алдында қанға жалпы талдау (ҚЖТ) жүргізу қажет. • Препаратпен емдеуді бастағаннан кейін кезекті 4 циклдың әрқайсысының басында, сосын клиникалық көрсетілімдер бойынша алғашқы 2 цикл ішінде 2 апта сайын ҚЖТ бақылап отыру керек. • Препаратпен емді бастар алдында бауырға функционалдық тесттер (БФТ) жүргізу қажет. Препаратпен емдеуді бастағаннан кейін алдыңғы 2 цикл ішінде әрбір 2 апта сайын, кейінгі 4 циклдің әрқайсысының басында, содан кейін клиникалық көрсетілімдері бойынша БФТ нәтижелерін бақылау керек. Ауырлығы ≥2-дәрежедегі патологиялық құбылыстар болса жиірек бақылау ұсынылады. • Препаратпен емдеуді бастағанға дейін ЭКГ жасау қажет. Ем басталғаннан кейін қайталама ЭКГ-ны шамамен бірінші циклдың 14-күні және екінші циклдың басында, әрі қарай – клиникалық көрсетілімдер бойынша жүргізу керек. QTcF аралығы ұзарған жағдайда емдеу кезінде ЭКГ жиірек бақылау ұсынылады. • Пациенттерге грейфрутты немесе грейфрут шырынын және басқа да өнімдерді қолдануға жол бермеу қажеттілігін алдын ала ескерткен жөн. Бұл өнімдер CYP3A4 изоферменттерінің тежегіштері болып табылады және рибоциклибтің экспозициясын арттыруы мүмкін. • Препараттың құрамында соя лецитині бар. Арахиске немесе сояға жоғары сезімталдығы бар пациенттер препаратты қабылдамағандары жөн. • Препаратпен емді бастағанға дейін пациенттер өздерінің жүкті емес екеніне көз жеткізуі керек. Препаратты қабылдайтын бала тууға қабілетті жастағы әйелдер препаратпен емделу кезінде және емді тоқтатқаннан кейін кемінде 21 күн контрацепцияның тиімді тәсілдерін (мысалы, қосарлы бөгеттік контрацепция тәсілдері) пайдалануы тиіс. • Препаратты қолдану кезінде қатты қажығыштық, бас айналуы немесе вертиго дамуы мүмкін екендігін ескеріп, пациенттер көлік құралдарын және/немесе механизмдерді басқарғанда сақтық танытқандары жөн.
Дәрілік заттармен өзара әрекеттесуі
• Изофермент CYP3A4 күшті тежегіштері - рибоциклибтің концентрациясын арттырады, бір мезгілде пайдалануға жол бермеген жөн. • CYP3A4 күшті индукторлар (фенитоин, рифампицин, карбамазепин және шайқурай) - бір мезгілде қолданғанда тиімділігінің жеткіліксіздігіне әкелуі мүмкін, бір мезгілде қабылдауға жол бермеген жөн. • Мидазолам, алфентанил, циклоспорин, эверолимус, фентанил, сиролимус и такролимус - бір мезгілде қолданғанда экспозициясы артады. • CYP3A4 субстраттары: алфузозин, амиодарон, цизаприд, пимозид, хинидин, эрготамин, дигидроэрготамин, кветиапин, ловастатин, симвастатин, силденафил, мидазолам и триазолам - бір мезгілде қолдануға жол бермеген жөн. • P-гликопротеин, BCRP, OATP1B1/1B3, OCT1, OCT2, MATE1 және BSEP дәрілік тасымалдаушылары, дигоксин, питавастатин, правастатин, розувастатин және метформинді қоса - , бірге қолданғанда сақтық таныту және уыттылық белгілеріне мониторинг жүргізуді жүзеге асыру ұсынылады. • QT аралығын ұзарту қабілеті белгілі аритмияға қарсы дәрілер сияқты (амиодаронды, дизопирамидті, прокаинамидті, хинидинді және соталолды қоса, бірақ олармен шектелмей) дәрілік препараттармен, QT аралығын ұзарту қабілеті белгілі басқа дәрілік заттар: хлорохин, галофантрин, кларитромицин, ципрофлоксацин, левофлоксацин, азитромицин, галоперидол, метадон, моксифлоксацин, бепридил, пимозид және ондансетронды (в/і) - бір мезгілде қолдануға жол бермеген жөн. • Тамоксифен - бір уақытта қолдану ұсынылмайды. Қолданар алдында пайдалану жөніндегі нұсқаулықпен танысу керек.
Бүйрек жеткіліксіздігі
Бүйрек функциясының бұзылуы ауыр дәрежесінде препаратты қолданғанда сақтық таныту қажет
Бауыр жеткіліксіздігі
Бауыр функциясы орташа және ауыр дәрежедегі бұзылған (Чайлд-Пью жіктеуі бойынша, сәйкесінше, В және С класы) пациенттерде дозаны түзету қажет, ұсынылатын бастапқы доза 400 мг құрайды. препараты бауыр функциясы орташа және ауыр дәрежеде бұзылған, сүт безінің обыры бар пациенттерде зерттелген жоқ.
Жүктілік
Ұсынылмайды.
Емізу
Ана сүтінде бар ма, анықталмаған. Емшектегі сәбиге немесе сүт түзілу үдерісіне әсері туралы деректер жоқ. Препаратты қабылдайтын пациенттер соңғы дозаны қабылдағаннан кейін кемінде 21 күн бойы емшек емізбеуі тиіс.
Жағымсыз әсерлері
Өте жиі: инфекциялар; нейтропения, лейкопения, анемия; тәбеттің төмендеуі; бас ауыруы, бас айналуы; ентігу, жөтел; жүрек айнуы, диарея, құсу, іш қатуы, стоматит, іш ауыруы; алопеция, бөртпе, қышыну; арқа ауыруы; әлсіздік, шеткері ісінулер, астения, дене температурасының жоғарылауы; бауырдың функционалдық сынамаларының ауытқуы.Жиі: лимфопения, тромбоцитопения, фебрильді нейтропения; гипокальциемия, гипокалиемия, гипофосфатемия; вертиго; көп жас ағуы, көздің құрғауы; естен тану; дисгевзия, диспепсия; гепатоуыттылық; эритема, терінің құрғауы, витилиго; ауыздың құрғауы, ауызжұтқыншақтың ауыруы; қандағы креатинин мөлшерінің жоғарылауы, ЭКГ-да QT аралығының ұзаруы.
Көрсеткіштері, қолдану тәсілі мен дозалары
Препараттың ұсынылатын дозасы 21 күн бойы жүйелі түрде тәулігіне 1 рет 600 мг (200 мг үлбірлі қабықпен қапталған 3 таблетка) құрайды, кейіннен 7 күн бойы препаратты қабылдауда үзіліс болады. Толық цикл 28 күнді құрайды. Препаратпен емдеу клиникалық әсері сақталғанға дейін немесе қолайсыз уыттылық дамығанға дейін жалғасады.
Препаратты 2,5 мг дозада летрозолмен немесе ароматазаның басқа тежегішімен немесе 500 мг дозада фулвестрантпен бір мезгілде қабылдау керек. Препаратты ароматаза тежегіштерімен біріктіріп бір мезгілде қолданғанда ароматаза тежегіштерін 28 күндік цикл бойы тәулігіне 1 рет қабылдау керек.
Препаратты фулвестрантпен бірге қабылдаған кезде, фулвестрантты бұлшықет ішіне 1, 15 және 29 күндері және одан кейін айына бір рет енгізеді.
Препараттың мақұлданған біріктірілімімен пременопауза және перименопауза кезеңінде әйелдерді емдеуге жергілікті клиникалық практикаға сәйкес LHRH агонистерін қосу керек.
Балаларда қолданылуы
Қауіпсіздік және тиімділік туралы мәліметтер болмағандықтан, 18 жасқа дейінгі балалар мен жасөспірімдерге қарсы көрсетілген.