L01XE33 Палбоциклиб (Palbocyclib)
Қолдану көрсеткіштері
Гормональді рецепторлар бойынша оң (HR+), адамның 2-ші типті эпидермалық өсу факторының рецепторы бойынша теріс (HER2-) жергілікті жайылған немесе метастаздық сүт безінің обырын емдеуге арналған: ароматаза тежегішімен біріктірілімде; алдыңғы эндокриндік емнен кейін әйелдерде фулвестрантпен біріктірілімде.
-
Клинические протоколы:
- Рак молочной железы
Ақпарат тіркелуден кейін қолжетімді
Қарсы көрсеткіштері
Әсер етуші затқа немесе қосымша заттардың кез келгеніне аса жоғары сезімталдық; шайқурай препараттарын қолдану.
Ақпарат тіркелуден кейін қолжетімді
Қауіпсіздік шаралары
• Сирек тұқым қуалайтын галактоза көтере алмаушылығы, Лапп лактаза тапшылығы немесе глюкоза -галактозды мальабсорбция синдромы бар емделушілерге қабылдауға болмайды. • Терапияның алдында және әрбір циклдің басында , сондай-ақ алғашқы екі циклдің 15 күні және клиникалық көрсеткіштер бойынша қанның жалпы талдауының нәтижелеріне мониторинг жүргізу қажет. • Көлік құралдарын және басқа да қауіпті механизмдерді басқару кезінде сақ болу керек, себебі емделушілер ем кезінде көрудің бұзылуын, бас айналуын немесе шаршауын сезінуі мүмкін.
Ақпарат тіркелуден кейін қолжетімді
Дәрілік заттармен өзара әрекеттесуі
• CYP3A күшті тежегіштері-бір мезгілде қолданғанда препарат концентрациясының жоғарылауы кларитромицинді, индинавирді, итраконазолды, кетоконазолды, лопинавир/ритонавирді, нефазодонды, нелфинавирді, позаконазолды, саквинавирді, телапревирді , телитромицинді, вориконазолды және грейпфрутты немесе грейпфрутты шырынды қоса алғанда , CYP3A күшті тежегіштерімен бір мезгілде қолданбау ұсынылады. • CYP3A күшті индукторлары, рабепразолдың протонды помпасы (ИПП)- бір мезгілде қолданғанда препарат концентрациясының төмендеуі • P-gp (дигоксин, дабигатран, колхицин) немесе BCRP (правастатин, розувастатин, сульфасалазин) субстраттары болып табылатын препараттар- бірге қолданғанда олардың емдік әсерінің және жағымсыз реакциялардың жоғарылауы.Қолданар алдында қолдану жөніндегі нұсқаулықпен толығырақ танысу керек.
Ақпарат тіркелуден кейін қолжетімді
Бүйрек жеткіліксіздігі
Бүйрек функциясының орташа немесе ауыр бұзылуы бар пациенттерде уыттылық белгілеріне мұқият мониторинг аясында сақтықпен қолдану керек.
Ақпарат тіркелуден кейін қолжетімді
Бауыр жеткіліксіздігі
Бауыр функциясының орташа немесе ауыр бұзылуы бар пациенттерде уыттылық белгілеріне мұқият мониторинг аясында сақтықпен қолдану керек.
Ақпарат тіркелуден кейін қолжетімді
Жағымсыз әсерлері
Өте жиі: инфекциялар; нейтропения, лейкопения, анемия, тромбоцитопения; тәбеттің төмендеуі; стоматит, жүрек айну, диарея, құсу; бөртпе, алопеция; қатты қажу; астения, пирексия.Жиі: фебрильді нейтропения; дисгевзия; анық көрмеу, жастың көп бөлінуі, көздің құрғақтығы; мұрыннан қан кету; терінің құрғауы; аланинаминотрансфераза жоғарылауы, аспартатаминотрансфераза жоғарылауы.
Ақпарат тіркелуден кейін қолжетімді