L01XE27 Ибрутиниб (Ibrutinib)

Қолдану көрсеткіштері

Мантиялы аймақтағы жасушаның рефрактерлі немесе қайталамалы лимфомасын емдеуде; созылмалы лимфоцитарлы лейкозы бар науқастарды бастапқы емдеуде; кемінде бір курс ем қабылдаған созылмалы лимфацитарлы лейкозда, бір курстан кем емес ем алған иммуно-химия еміне сай келмейтін немесе Вальденстрем макроглобулинемиямен ауыратын науқастарды емдеуде.Клиникалық хаттама:   1. Созылмалы лимфолейкоз/кіші лимфоциттерден лимфома
    Клинические протоколы:
  1. Хронический лимфолейкоз/лимфома из малых лимфоцитов

Қарсы көрсеткіштері

Белсенді заттарға немесе кез келген қосымша заттарға асқын сезімталдық; құрамында шілтер жапыракты шәқурай бар препараттарды қолдануға;

Қауіпсіздік шаралары

Геморрагиялық асқыну қаупі. Препаратпен емдеуді  және хирургиялық типіне қарай ота жасалғаннан кейін  қан кету қауіпіне байланысты 3 күннен 7 күнге дейін мерзімге тоқтата тұру қажет. Науқастың жағдайында қызба, нейтропения және инфекция болмауын қадағалап,  тиісті инфекцияға қарсы препараттар тағайындау. Әр ай сайын цитопения қаупі болмау үшін толықтай  қан сараптамаларын жүргізу қажет. Тұрақты  жүрекше фибрилляциясына қол жетімділігіне клиникалық байқау жүргізіп отыру. Науқастың   терінің пигментті емес қатерлі  жаңа түзіліміне байқау жүргізіп отыру.

Дәрілік заттармен өзара әрекеттесуі

Препаратпен бірге варфарин және К дәруменінің антогонисттерін  біріктіріп қолдануға болмайды. Е дәрумені және балық майы сияқты тағам қоспаларын қолданудан бас тарту. Препараттарды қолданғанда науқастарда қан кет қаупін жоғарыламауы үшін антикоагуляттар немесе тромбоциттер қызметін тежеуші препараттарды қабылдау талап етіледі. Препараттарға  күштірек немесе қалыпты CYP3A4 ингибиторлармен  (кетоконазол, индинавир, нелфинавир, ритонавир, саквинавир, кларитромицин, телитромицин, итраконазол, нефазодон және кобицистат) бірге қолдану  ибрутиниб концентрациясының жоғарылауына және жоғары қауіпті уыттылыққа әкелуі мүмкін. Және де керісінше CYP3A4 индукторымен бірге ибрутиниб концентрациясының төмендеуіне, қауіпті әсерінің жоғалуына әкелуі мүмкін. CYP3A4 ингибиторымен/индукторымен  мүмкіндігінше бір уақытта  қолданудан аулақ болу, егер қауіпті потенциалды артықшылықтар айтарлықтай жоғары болса бірге қолдану мүмкіншіліктер қарастырылады.Маңызды!  Мұнда дәрілік өзара әрекеттесулердің қысқаша сипаттамасы берілген. Толық ақпарат алу үшін дәрілік препараттың қолданылуы жөніндегі нұсқаулығына жүгініңіз.

Бүйрек жеткіліксіздігі

Креатинин клиренсі 30 мл/мин төмен болғанда емдеудің артықшылығы мүмкін болатын қауіптен асатын жағдайда препарат қолданылуы мүмкін, бұл жағдайда уыттылық белгілерінің пайда болуына пациент жағдайын мұқият бақылау керек. Қалыпты бүйрек жеткіліксіздігінде ағзаның гидратациясын оңтайлы деңгейде ұстау және қан сарысуындағы креатинин концентрациясын тұрақты бақылау.

Бауыр жеткіліксіздігі

Жеңіл деңгейдегі бауыр қызметінің бұзылысы бар науқастарда терапияны күн сайын 280 мг дозадан бастау; орташа деңгейде күн сайын 140 мг дозадан бастау. Науқаста уыттылық белгілері туындауына мұқият бақылау керек, және қажет болған жағдайда дозасын түзету.

Жүктілік

Ұсынылмайды.

Емізу

Препаратты қолдану қажет болғанда, бала емізуді тоқтату.

Жағымсыз әсерлері

Өте жиі: артралгия, қан және лимфа жүйенің бұзылысы (нейтропения, тромбоцитопения), асқазан-ішек жолдарының бұзылысы (диарея, құсу, стоматит, жүрек айну, іш қату), сусыздану, ауыз қуысының құрғауы, қантамырлар бұзылысы (геморрагия, қансырау), бас ауру, қаңқа-бұлшықетінің ауруы, перифериялық ісіну, қызба, бөртпе, жоғары тыныс алу жолдарының инфекциясы, синусит, тері инфекциялары, зәр шығару жолдарының инфекциясы.Жиі: нашар көру, жүрекше фибрилляциясы, субдуралды қанды ісік, мұрыннан қан кету, петехия, бас айналу, пигментсіз қатерлі жаңа түзілімдердің пайда болуы, базалы-жасушалық карцинома, тегіс терілік карцинома.Жиі емес: лейкостаз синдромы.Сирек: алопеция, сүйек кемігінің (өршу) супрессиясы, гиперурикемия, жүрек айну, оральды мукозит, лизис ісігі синдромы, құсу.Маңызды!  Мұнда жанама әсерлердің қысқаша сипаттамасы берілген. Толық ақпарат алу үшін дәрілік препараттың қолданылуы жөніндегі нұсқаулығына жүгініңіз.

Балаларда қолданылуы

Балаларға және 18 жасқа дейінгі жасөспірімдерге қарсы көрсетілген.