L01XE25 Траметиниб (Trametinib)

Қолдану көрсеткіштері

Меланома:  монотерапияда және дабрафенибпен біріктірілімде резектабельді емес немесе метастаздық BRAF V600 гені мутацияланған меланомасымен ересек пациенттерді емдеу үшін.Меланоманың адъювантты емінде: BRAF V600 генінің мутациясымен III сатыдағы резектабельді меланомасы.Өкпенің ұсақ емес жасушалы обыры: дабрафенибпен біріктірілімде BRAF V600 гені мутациясымен, өкпенің таралған ұсақ емес жасушалы обырымен ересек пациенттерді емдеу үшін.
    Клинические протоколы:
  1. Меланома кожи
  2. Рак легкого

Қарсы көрсеткіштері

Траметинибке немесе препараттың басқа компоненттеріне жоғары сезімталдық. Анамнездегі торқабық веналарының окклюзиясы 

Қауіпсіздік шаралары

Терінің және басқа ағзалардың жаңа қатерлі түзілімдері, жалпақ жасушалы тері обыры, жаңа біріншілік меланома, панкреатит,  антиагреганттық дәрілерді немесе антикоагулянттарды бірмезгілде қолданған кезде қан кету қаупі,  сол жақ қарыншаның функциясының бұзыдуы,асқазан-ішек жолының перфорациясын дамыту үшін қауіп факторлары, пневмонит немесе өкпенің  интерстициальді ауруы, бөртпе, рабдомиолиз,торқабық веналарының окклюзиясы  және торқабықтың пигменттік эпителийінің ажырауы, увеит және иридоциклит, тереңдегі веналар тромбозы өкпе артериясының эмболиясы, сперматогенездің бұзылуының қайтымсыз болуы қаупі.

Дәрілік заттармен өзара әрекеттесуі

Верапамил, циклоспорин, ритонавир, хинидин, итраконазол - траметиниб деңгейінің жоғарылауы мүмкін. Амиодарон, азитромицин, кларитромицин, эритромицин, кетоконазол, лапатиниб, ранолазин- траметениб концентрациясының жоғарылауы мүмкін, сақтықпен қолдану ұсынылады. 

Бүйрек жеткіліксіздігі

Бүйрек қызметінің ауыр бұзылыстарында сақтықпен қолдану керек.

Бауыр жеткіліксіздігі

Бауыр қызметінің орташа немесе ауыр бұзылыстарында сақтықпен қолдану керек.

Жүктілік

Қарсы көрсетілген.

Емізу

Қарсы көрсетілген.

Жағымсыз әсерлері

Монотерапия:Өте жиі: жүрек айну, құсу, ауыздың құрғауы, диарея, іш қату, іштің ауыруы, жөтел, ентігу, бөртпе, акне тәрізді дерматит, терінің құрғақтығы, қышыну, алопеция, артериялық гипертензия, қан кету, шаршағыштық, шеткері ісінулер, пирексия, аспартатаминотрансфераза деңгейінің жоғарылауы.Жиі: сусыздану, аса жоғары сезімталдықа, анық көрмеу, көз айналасының ісінуі, көрудің бұзылуы, анемия, сол жақ қарыншаның дисфункциясы, лықсыту фракциясының төмендеуі, брадикардия, лимфалық ісіну, пневмонит, стоматит, эритема, алақан-табан синдромы, беткейлік жарылу, терінің жарылуы,беттің ісінуі, шырышты қабықтардың қабынуы, астения; фолликулит, паранихия, теріасты шелінің қабынуы, пустулезді бөртпе; аланинаминотрансфераза деңгейінің жоғарылауы, қандағы сілтілік фосфатаза деңгейінің жоғарылауы, қандағы креатинфосфокиназа деңгейінің жоғарылауы.Жиі емес: хориоретинопатия, көру жүйкесі дискінің ісінуі, торқабықтың ажырауы, торқабық венасы окклюзиясы; колит, асқазан-ішек жолының тесілуі, рабдомиолиз, жүрек жеткіліксіздігі, өкпенің интерстициальді ауруы.Дабрафенибпен біріктірімде: Өте жиі: жүрек айну, құсу, диарея, іш қату, іштің ауыруы, бас ауыру, бас айналу; тәбеттің төмендеуі; жөтел; қажу, қалтырау, астения, шеткері ісіну, пирексия, тұмауға ұқсас аурулар; қышыну, бөртпе, эритема, терінің құрғақтығы; артралгия, миалгия, аяқ-қолдың ауыруы; артериялық гипертензия, қан кету;  назофариингит; нейтропения; бұлшықеттің түйілуі; аланинаминотрансфераза деңгейінің жоғарылауы, аспартатаминотрансфераза деңгейінің жоғарылауы.Жиі: ауыздың құрғақтығы, стоматит; ентігу; анық көрмеу, көрудің бұзылуы, көру жүйкесі дискісінің ісінуі; теріасты шелінің қабынуы, фолликулит, паранихия, пустулезді бөртпе, фотосезімталдық реакциясы; шырышты қабықтардың қабынуы, тұмау тәрізді ауру, беттің ісінуі; акне тәрізді дерматит, актиникалық кератоз, түнде терлеу, гиперкератоз, алопеция, алақан-табан синдромы, терінің зақымдануы, гипергидроз, панникулит, беткейлік жарылулар; папилломаc, себореялық кератоз, жалпақ жасушалы тері обыры; креатинфосфокиназа деңгейінің жоғарылауы; несеп шығару жолдарының инфекциялары; лықсыту фракциясының төмендеуі; жүректің жиырылу жиілігінің төмендеуі; гипотензия; анемия, тромбоцитопения, лейкопения, нейтропения; сусыздану, гипонатриемия, гипофосфатемия, гипергликемия; лимфалық ісіну; қандағы сілтілік фосфатаза деңгейінің жоғарылауы, глутамилтрансфераза деңгейінің жоғарылауы.Жиі емес: хориоретинопатия, торқабықтың ажырауы, торқабық венасы окклюзиясы; жұмсақ сүйелдер (жұмсақ фибромалар); панкреатит, колит; нефрит; бүйрек функциясы бұзылуы; пневмонит; жаңа алғашқы меланома; аса жоғары сезімталдық; брадикардия.Сирек: асқазан-ішек жолының тесілуі.

Балаларда қолданылуы

18 жасқа дейінгі балалар және жасөспірімдерге қарсы көрсетілген.