L01XE15 Вемурафениб (Vemurafenib)
Қолдану көрсеткіштері
Операция жасалмайтын немесе BRAF V600 мутациясымен метастаздық меланомасы бар ересек пациенттерді емдеу.Клиникалық хаттама: 1. Тері меланомасы
-
Клинические протоколы:
- Меланома кожи
Ақпарат тіркелуден кейін қолжетімді
Қарсы көрсеткіштері
Белсенді затқа немесе препараттың кез келген басқа компонентіне жоғары сезімталдық.
Ақпарат тіркелуден кейін қолжетімді
Қауіпсіздік шаралары
Еуропеоидтық емес нәсілді пациенттерде қауіпсіздігі мен тиімділігі анықталмаған. Тағайындамас бұрын валидацияланған тест көмегімен ісіктің BRAF V600 оң статусын растау керек, себебі BRAF генінің V600E мутациясынсыз ісіктері бар пациенттерге қатысты тиімділігі мен қауіпсіздігі түпкілікті анықталмаған. Жабайы типті BRAF мутациясымен қатерлі меланомасы бар пациенттерге тағайындауға болмайды. Жоғары сезімталдықтың ауыр реакциялары дамыған кезде препаратты қабылдауды тоқтату керек. Емдеу бастамас бұрын, емдеуден кейін бір айдан соң және әр дозасын түзеткеннен кейін ЭКГ көрсеткіштеріне және электролиттер деңгейіне (соның ішінде магний деңгейіне) мониторинг жүргізу керек. Автокөлік жүргізуден немесе машиналар және механизмдермен жұмыс жасаудан бас тарту керек.
Ақпарат тіркелуден кейін қолжетімді
Дәрілік заттармен өзара әрекеттесуі
Кофеин - кофеин концентрациясының жоғарылауы. Мидазолам - мидазолам концентрациясының төмендеуі. Варфарин - варфарин концентрациясының жоғарылауы. CYP3A4 күшті тежегіштері (рифампицин, ритонавир, карбамазепин және т.б.) - вемурафениб концентрациясының жоғарылауы, бірге қолдануды БОЛДЫРМАУ.
Ақпарат тіркелуден кейін қолжетімді
Бүйрек жеткіліксіздігі
Бүйрек қызметіне тұрақты мониторинг талап етіледі. Ауыр бұзылыстарында қарсы көрсетілген.
Ақпарат тіркелуден кейін қолжетімді
Бауыр жеткіліксіздігі
Бауыр қызметіне тұрақты мониторинг талап етіледі.
Ақпарат тіркелуден кейін қолжетімді
Жағымсыз әсерлері
Өте жиі: жалпақ жасушалы ісік, себореялық кератоз, папилломалар, тәбеттің төмендеуі, бас ауруы, дисгевзия, жөтел, диарея, құсу, жүрек айнуы, іш қатуы, фотосезімталдық реакциялары, қарттық кератоз, бөртпе, макулопапулезды бөртпелер, папулезды бөртпе, қышыну, гиперкератоз, эритема, шаштың түсуі, терінің құрғауы, күннен болған күйіктер, артралгия, миалгия, аяқ- қолдың ауыруы, қаңқа-бұлшықеттің ауыруы, бел ауыруы, шаршау, қызба, перифериялық ісіну, астения;Жиі: фолликулит, базальды жасушалы эпителиома, бет жүйкесінің салдануы, артрит, аланинаминотрансфераза, сілтілік фосфатаза, билирубин деңгейінің жоғарылауы, салмақтың төмендеуі;Жиі емес: перифериялық нейропатия, торлы қабат көктамырының окклюзиясы, васкулит, уытты эпидермальды некролиз, Стивенс - Джонсон синдромы, аспартатаминотрансфераза деңгейінің жоғарылауы.
Ақпарат тіркелуден кейін қолжетімді
Балаларда қолданылуы
18 жасқа дейінгі балаларға қарсы көрсетілген. 18 жасқа дейінгі балаларда қолданудың тиімділігі мен қауіпсіздігі анықталмаған.
Ақпарат тіркелуден кейін қолжетімді