L01EB03 Афатиниб (Afatinib)

Қолдану көрсеткіштері

Ересек пациенттерде (EGFR TKI) өсудің эпидермальді факторы рецепторының тирозинкиназалы тежегіші мутациясымен (мутацияларымен) белсендірілетін жергілікті таралған немесе метастаздық ұсақ жасушалы емес өкпе обырында (ҰЖЕӨО); Платина препараттарының негізінде химиотерапия аясында немесе химиотерапиядан кейін өршитін жергілікті таралған немесе метастаздық жалпақ жасушалы ҰЖЕӨО кезінде.Клиникалық хаттама: 1. Өкпе обыры

    Клинические протоколы:
  1. Рак легкого

Қарсы көрсеткіштері

Препараттың белсенді затына немесе қандайда бір қосымша затына жоғары сезімталдық; тұқым қуалайтын фруктоза жақпаушылығы, Lapp-лактаза ферментінің тапшылығы, глюкоза-галактоза мальабсорбциясы.

Қауіпсіздік шаралары

Диарея сирек жағдайда өліммен аяқталуға әкелетін бүйрек функциясының жеткіліксіздігімен немесе онсыз сусыздануға әкелуі мүмкін. Диареяны профилактикалық емдеу (соның ішінде диареяға қарсы дәрілік заттармен біріктірілген адекватты гидратация), әсіресе препаратты қабылдаудың бастапқы 6 аптасы ішінде маңызды мәнге ие.

Дәрілік заттармен өзара әрекеттесуі

Рифампицин, карбамазепин, фенитоин, фенобарбитал немесе шайқурай (Hypericum perforatum) - афатиниб әсерін төмендетуі мүмкін. Афатиниб қабылдаудағаннан кейін 6 немесе 12 сағат бұрын немесе одан кейін енгізген дұрыс.

Бүйрек жеткіліксіздігі

Бүйректің ауыр жеткіліксіздігінде ұсынылмайды.

Бауыр жеткіліксіздігі

Бауырдың ауыр жеткіліксіздігінде ұсынылмайды.

Жүктілік

Қарсы көрсетілген.

Емізу

Қарсы көрсетілген.

Жағымсыз әсерлері

Инфекциялық және паразиттік аурулар: өте жиі: паронихия; жиі: қуықтың қабынуы;Зат алмасудың және тамақтанудың бұзылулары: өте жиі: тәбеттің төмендеуі; жиі: сусыздану гипокалиемия; Жүйке жүйесінің бұзылулары: жиі: дәм сезімінің бұзылуы; Офтальмологиялық бұзылулар: жиі: конъюнктивит: «құрғақ көз» синдромы; жиі емес: кератит;Тыныс алу жүйесі, кеуде қуысы ағзаларының және көкірек ортасы жұмысының бұзылулары: өте жиі: мұрыннан қан кету жиі: ринорея; жиі емес: өкпенің интерстициальді аурулары АІЖ тарапынан бұзылулар: өте жиі: диарея, стоматит, жүректің айнуы, құсу; жиі: диспепсия, хейлит; жиі емес: панкреатит;Гепатобилиарлы жүйе жұмысының бұзылулары: жиі: аланинаминотрансферазалар (АЛТ) концентрациясының артуы, аспартатаминотрансферазалар (АСТ) концентрациясының артуы;Тері және теріасты тіндері тарапынан бұзылулар: өте жиі: бөртпе, акне-түріндегі дерматит, қышыну, терінің құрғауы; жиі: алақан-табан эритродизестезиясы синдромы, тырнақтың зақымдануы; сирек: Стивенс-Джонсон синдромы, уытты эпидермальдінекролиз;Қаңқа-бұлшықет және дәнекер тіні тарапынан бұзылулар: жиі: бұлшықет спазмдары;Бүйрек және несеп шығару жолдары тарапынан бұзылулар: жиі: бүйрек функциясының бұзылуы, бүйрек функциясының жеткіліксіздігі;Жалпы сипаттағы бұзылулар: жиі: гипертермия, салмақтың төмендеуі.

Балаларда қолданылуы

Қарсы көрсетілген.