L01XE06 Дазатиниб¹ (Dasatinib)
Қолдану көрсеткіштері
Ересектерде созылмалы фазадағы филадельфиялық хромосомы бойынша алғаш анықталған оң (Ph+) созылмалы миелолейкозда. Иматинибті қоса, мұның алдындағы емге резистенттілікте немесе ем жақпағанда, созылмалы фазадағы, акселерация фазасындағы немесе лимфоидты фазадағы немесе миелоидты бластты криздегі созылмалы миелолейкозда. Оң филадельфиялық хромосомасы (Ph+ ALL) бар жедел лимфобластты лейкозда, бұның алдындағы емге резистенттілікте немесе ол жақпағанда.
-
Клинические протоколы:
- Хронический миелолейкоз у детей
Қарсы көрсеткіштері
Дазатинибке немесе препараттың басқа компоненттеріне жоғары сезімталдық. Тұқым қуалайтын лактозаны көтере алмаушылық, Lapp-лактаза жеткіліксіздігі, глюкоза-галактоза мальабсорбциясы.
Қауіпсіздік шаралары
Қант диабеті бар науқастарға сақтықпен тағайындайды. Дәрілік заттардың өзара әрекеттесуіне назар аудару. Толық ақпарат алу үшін дәрілік препараттың қолданылуы жөніндегі нұсқаулығына жүгініңіз.
Дәрілік заттармен өзара әрекеттесуі
Антикоагулянттар - қан кету қаупі.QT аралығын ұзартатын заттар - QT аралығының ұзару қаупі.CYP3A4 тежегіштері (кетоконазол, итраконазол, эритромицин, кларитромицин, атазанавир, индинавир, нефазодон, нельфинавир, ритонавир, саквинавир, телитромицин, вориконазол) - қан плазмасында дазатиниб концентрациясының артуы.CYP3A4 индукторлары (дексаметазон, фенитоин, карбамазепин, рифампицин, фенобарбитал) - плазмада дазатиниб концентрациясының азаюы.Шілтерлі шәйқурай препараттары (Hypericum perforatum) - қан плазмасында дазатиниб концентрациясының азаюы.Н2-гистаминді рецепторларының блокаторлары және протонды помпа тежегіштері - дазатиниб концентрациясының төмендеуі. CYP3A4 субстраттары - берілген субстрат әсерінің күшеюі. Маңызды! Мұнда дәрілік өзара әрекеттесулердің қысқаша сипаттамасы берілген. Толық ақпарат алу үшін дәрілік препараттың қолданылуы жөніндегі нұсқаулығына жүгініңіз.
Бүйрек жеткіліксіздігі
Дозасын түзету талап етілмейді.
Бауыр жеткіліксіздігі
Сақтықпен қолдану.
Жүктілік
Қарсы көрсетілген.
Емізу
Қарсы көрсетілген.
Жағымсыз әсерлері
Өте жиі: әр түрлі инфекциялар, миелосупрессия, бас ауыруы.Жиі: пневмония, ЖРА/қабынулар, герпес вирусының инфекциялары, энтероколит инфекциялары, сепсис, фебрильді нейтропения, тәбеттің өзгеруі, гиперурикемия, депрессия, ұйқысыздық, невропатиялар, бас айналуы, дисгевзия, ұйқышылдық, көру бұзылыстары, көздің құрғауы, құлақтағы шуыл, іркілісті жүрек жеткіліксіздігі/жүрек дисфункциясы, перикардит, аритмия, жүрек ырғағының жиілеуі.Сирек: лимфаденопатия, лимфопения, гипотиреоз, аса жоғары сезімталдық, ісік лизисі синдромы, сусыздану, гипоальбуминемия, гиперхолестеринемия, қант диабеті, үрейлену, шатасу жағдайы, құбылмалылық, либидоның азаюы, ОЖЖ қан кету, естен танулар, тремор, амнезия, тепе-теңдіктің бұзылуы, көрудің нашарлауы, конъюнктивит, жарықтан қорқу, көзден жас ағу, естуден айырылу, бас айналуы, миокард инфарктісі, QT аралығының ұзаруы, перикардит, қарыншалық аритмия, стенокардия, кардиомегалия, электрокардиограммада Т тісшесінің өзгеруі.Маңызды! Мұнда жанама әсерлердің қысқаша сипаттамасы берілген. Толық ақпарат алу үшін дәрілік препараттың қолданылуы жөніндегі нұсқаулығына жүгініңіз.
Балаларда қолданылуы
18 жасқа дейінгі балаларға қарсы көрсетілген. 18 жасқа дейінгі балаларда қолданудың тиімділігі мен қауіпсіздігі анықталмаған.