A10BB12 Глимепирид¹ (Glimepiride)

Қолдану көрсеткіштері

Диетаны ұстану, артық дене салмағының төмендеуі және дене жүктемесі қандағы глюкоза деңгейін қанағаттанарлық бақылауға әкелмеген жағдайдағы ересектерде 2-ші типті қант диабеті.Клиникалық хаттама:   1. 2 типті қант диабеті
    Клинические протоколы:
  1. Сахарный диабет 2 типа

Қарсы көрсеткіштері

Глимепиридке, сульфонилмочевинаның басқа препараттарына, сульфаниламидтерге немесе қосымша заттардың кез келгеніне асқын сезімталдық, инсулинге тәуелді қант диабеті, диабеттік кома, кетоацидоз.

Қауіпсіздік шаралары

Жүйесіз тамақ ішкенде немесе жүйелі тамақтану уақыттарын өткізіп алғанда емдеу гипогликемия дамуына әкелуі мүмкін. Симптомдарды көмірсуларды (қант) шұғыл қабылдау арқылы бірден басуға болады. Бұл жағдайда қант алмастырғыштар тиімсіз. Қандағы және несептегі глюкоза деңгейлерін жүйелі бақылау, гликирленген гемоглобин деңгейін анықтау, бауырлық және гематологиялық параметрлерге мониторинг жүргізу талап етіледі. Стресс жағдайларында (мысалы, апаттар кезінде, шұғыл операцияларда, дене температурасы көтерілетін инфекциялық ауруларда және т.б.) инсулинге уақытша ауысу көрсетілімде болуы мүмкін. Көлік құралдарын басқарудан немесе механизмдермен жұмыс жасаудан бас тартқан жөн.

Дәрілік заттармен өзара әрекеттесуі

Cульфонилмочевинаның өзара әрекеттесуі:ААФ тежегіштері, хлорамфеникол, варфарин (және басқа да кумариндер), флуконазол, миконазол, СЕҚҚП - гипогликемиялық әсері күшеюі мүмкін; кумариндердің антикоагулянттық әсері күшеюі мүмкін.Рифампицин - сульфонилмочевина метаболизмі күшеюі мүмкін.Диабетке қарсы дәрілік заттардың жалпы өзара әрекеттесуі:Алкоголь, анаболикалық стероидтар, холестирамин, MAO тежегіштері - гипогликемиялық әсерді арттыруы мүмкін.Антипсихотикалық заттар - гипергликемияның дамуы мүмкін.Антидепрессанттар (серотониннің қайта ұсталуының таңдамалы тежегіштері) - гипогликемия дамуы мүмкін.Бета-блокаторлар - гипогликемияның ескерту белгілері (мысалы, тремор) бета-блокаторлармен жасырылуы мүмкін.Кортикостероидтар, диуретиктер, изониазид, аспарагиназа және қандағы глюкоза деңгейін жоғарылататын басқа да препараттар - гипогликемия әсерлері төмендейді.Ескерту: мұнда кейбір маңызды дәрілік өзара әрекеттесулердің қысқаша сипаттамасы берілген. Өзара әрекеттесуі туралы ұсыныстар және қосымша ақпарат алу үшін дәрілік заттардың өзара әрекеттесулері туралы ақпарат көздеріне немесе дәрілік препараттың қолданылуы жөніндегі нұсқаулығына жүгініңіз.

Бүйрек жеткіліксіздігі

Бүйрек қызметінің ауыр бұзылыстарында қарсы көрсетілген. Бүйрек қызметінің ауыр бұзылыстары жағдайында пациентті инсулинге ауыстыру.

Бауыр жеткіліксіздігі

Бауыр қызметінің ауыр бұзылыстарында қарсы көрсетілген. Бауыр қызметінің ауыр бұзылыстары жағдайында пациентті инсулинге ауыстыру.

Жүктілік

Қолданбау! Жүктілікті жоспарлаған кезде немесе бала көтерген жағдайда, әйелді инсулинмен емдеуге ауыстыру қажет.

Емізу

Ұсынылмайды! Ана сүтіне енеді, жаңадан туылған балада гипогликемия даму қаупі.

Жағымсыз әсерлері

Сирек: тромбоцитопения, лейкопения, гранулоцитопения, агранулоцитоз, эритропения, гемолитикалық анемия және панцитопения, гипогликемия.Өте сирек: лейкоцитокластикалық васкулит, асқын сезімталдықтың жеңіл реакциялары, жүрек айнуы, құсу, диарея, іштің кебуі, іш тұсында жайсыздық және ауыру, бауыр қызметінің бұзылуы, қандағы натрий деңгейінің төмендеуі.Маңызды! Мұнда жанама әсерлердің қысқаша сипаттамасы берілген. Толық ақпарат алу үшін дәрілік препараттың қолданылуы жөніндегі нұсқаулығына жүгініңіз.

Балаларда қолданылуы

18 жасқа дейінгі балаларға қарсы көрсетілген.