L01XE03 Эрлотиниб¹ (Erlotinib)
Қолдану көрсеткіштері
Белсенді EGFR мутациясымен, жергілікті таралған немесе метастаздалатын ұсақ жасушалы емес өкпе обырында, бірінші желідегі химиотерапия ретінде. Жергілікті таралған немесе метастаздалатын ұсақ жасушалы емес өкпе обырында, химиотерапияның кемінде бір тиімсіз курсынан кейін. Ұйқы безінің метастаздалатын обырында, гемцитабинмен біріктірілімде.
-
Клинические протоколы:
- Рак поджелудочной железы
- Рак легкого
- Рак вульвы
Қарсы көрсеткіштері
Препарат компонеттеріне аса жоғары сезімталдық.
Қауіпсіздік шаралары
Жаңа және/немесе үдемелі өкпелік симптомдарының (ентігу, жөтел және қызба) дамуы кезінде препаратты қабылдауды уақытша тоқтату, өкпенің интерстициальді аурулары расталған жағдайда тоқтату. Шылым шегу кезінде эрлотиниб экспозициясы төмендейді, дозасы артуы мүмкін. Дегидратация қаупі кезінде (бейім жағдайлар мен аурулар, егде жас, ілеспелі химиотерапияны қоса) бүйрек қызметін және қандағы калий құрамына зертханалық бақылау жүргізу. Диарея кезінде дозасын төмендету қажет болуы мүмкін, ауыр немесе орнықты диарея, жүрек айнуы, анорексия немесе сусызданумен құсу кезінде тоқтатады және регидратация жүргізеді. Антиангиогенді препараттарды, кортикостероидтарды, стероидты емес қабынуға қарсы дәрілік заттарды, таксандарды бір мезгілде тағайындау кезінде, сондай-ақ дивертикулдар және анамнезінде пептидтік жаралары бар пациенттерде асқазан-ішек жолдары перфорациясының даму қаупі жоғарылайды. Перфорация дамығанда препаратты тоқтату. Терінің буллездік және эксфолиативтік зақымдануы дамығанда уақытша тоқтату немесе тоқтату керек. Қасаң қабақтың жаралануы немесе оның тесілуінің даму қаупі, осындай асқынулар орын алғанда емдеуді тоқтату. Антацидті дәрілік заттармен ем жүргізу қажет болғанда эрлонитибтің тәуліктік дозасын қабылдағаннан кейін 2 сағаттан соң немесе кемінде 4 сағат бұрын қабылдау. Көлік құралын немесе қозғалыстағы механизмдерді басқарудан бас тарту.
Дәрілік заттармен өзара әрекеттесуі
CYP3А4 тежегіштері (мысалы, кетоконазол) - эрлотиниб метаболизмінің төмендеуі және оның плазмадағы концентрациясының ұлғаюы, сақтықпен қолдану.CYP3А4 индукторлары (мысалы, рифампицин) - эрлотиниб метаболизмінің жоғарылауы және оның қан плазмасында концентрациясының төмендеуі.Протонды помпа тежегіштері - эрлотиниб биожетімділігінің төмендеуі.Варфарин, басқа кумарин туындылары - ХҚҚ (халықаралық қалыптастырылған қатынас) жоғарылауы және асқазан-ішектен қан кету.Статиндер - статинмен байланысты миопатияның, тіпті рабдомиолизге дейін даму мүмкіндігін ұлғайтуы мүмкін.Маңызды! Мұнда дәрілік өзара әрекеттесулердің қысқаша сипаттамасы берілген. Толық ақпарат алу үшін дәрілік препараттың қолданылуы жөніндегі нұсқаулығына жүгініңіз.
Бүйрек жеткіліксіздігі
Ауырлық дәрежесі орташа және жеңіл бүйрек қызметінің бұзылысы бар науқастарда дозасын түзету талап етілмейді.
Бауыр жеткіліксіздігі
Анамнезінде бауыр аурулары бар пациенттерге бауыр қызметін бақылай отырып қолдану, ауыр бұзылыстары кезінде - қарсы көрсетілген.
Жүктілік
Қолданбау! Емдеу кезінде және оны аяқтағаннан кейін 2 апта ішінде сенімді контрацепция әдістерін пайдалану.
Емізу
Қарсы көрсетілген. Қабылдау қажет болған жағдайда емдеу кезінде бала емізуді тоқтату.
Жағымсыз әсерлері
АІЖ тарапынан бұзылыстар: анорексия, диарея, дене салмағының төмендеуі, стоматит, диспепсия, метеоризм, асқазан-ішектен қан кету, сирек АІЖ тесілуі.Көру тарапынан бұзылыстар: конъюнктивит, құрғақ кератоконъюнктивит, сирек қасаң қабақтың жаралануы, қасаң қабақтың тесілуі, увеит.Тыныс алу жүйесі тарапынан бұзылыстар: жөтел, ентігу, сирек өкпенің интерстициальді аурулары.ОЖЖ тарапынын бұзылыстар: әлсіздік, депрессия, бас ауыруы, нейропатия, мұрыннан қан кету.Аллергиялық реакциялар: бөртпе, тері қышынуы, терінің құрғауы, дене температурасының жоғарылауы, қалтырау, сирек Стивенс-Джонсон синдромы.Басқа: алопеция, кірпік өсуінің бұзылуы, тырнақтың түсуі және сынғыштығы, тырнақ маңы тіндерінің қабынуы.Маңызды! Мұнда жанама әсерлердің қысқаша сипаттамасы берілген. Толық ақпарат алу үшін дәрілік препараттың қолданылуы жөніндегі нұсқаулығына жүгініңіз.
Балаларда қолданылуы
18 жасқа дейінгі балаларда тиімділігі мен қауіпсіздігі туралы деректер жеткіліксіздігіне байланысты қарсы көрсетілген.