L01XC14 Трастузумаб эмтанзин (Trastuzumab emtansine)

Қолдану көрсеткіштері

Трастузумаб және таксандармен бұрын қабылдаған ем тиімсіз болған жағдайдағы,  сүт безінің HER-2 оң операция жасауға келмейтін  жергілікті жайылған  немесе метастатикалық ісігінде монотерапия ретінде.    Клиникалық хаттама:   1. Сүт безі обыры
    Клинические протоколы:
  1. Рак молочной железы

Қарсы көрсеткіштері

Препараттың кез келген компонентіне жоғары сезімталдық; 75 жастан асқан егде жастағы науқастар.

Қауіпсіздік шаралары

Емдеу алдында ісіктің HER2-оң статусын растау керек. Трастузумаб эмтанзинді қабылдағанда пациенттер сол жақ қарынша дисфункциясының даму қаупі жоғары топқа жатады. Емдеуге дейін және емдеу барысында  жүйелі түрде жүрек қызметінің стандартты тексерулерін жүргізу, әр инфузия алдында тромбоциттер деңгейін бақылау керек. Нейроуыттылық белгілері/ симптомдары дамуына байланысты пациенттерді жүйелі бақылау қажет.Маңызды! Толық ақпарат алу үшін дәрілік препараттың қолданылуы жөніндегі нұсқаулығына жүгініңіз.

Дәрілік заттармен өзара әрекеттесуі

CYP3A күшті тежегіштері –  трастузумаб эмтанзинмен бірге қабылдағанда сақ болу керек. Декстрозаның 5% ерітіндісі-  трастузумаб эмтанзинмен бірге қолдану ҚАРСЫ КӨРСЕТІЛГЕН. 

Бүйрек жеткіліксіздігі

Бүйрек жеткіліксіздігінің жеңіл және орташа сатысында дозасын түзету талап етілмейді, ауыр сатысында- бүйрек қызметін бақылау арқылы қолдану.

Бауыр жеткіліксіздігі

Емдеуге дейін және препараттың әр дозасын енгізер алдында бауыр қызметінің көрсеткіштерін бақылау.

Жүктілік

Қарсы көрсетілген. Емдеу барысында және емдеуден кейін 7 ай бойы сенімді контрацепция әдісін қолдану.

Емізу

Қарсы көрсетілген.

Жағымсыз әсерлері

Өте жиі: терілік бөртпе; тромбоцитопения, анемия; мұрыннан қан кету, жөтел, демікпе; жүрек айнуы, құсу, іштің қатуы, ауыздың құрғауы, диарея, іштің ауыруы, стоматит; шаршағыштық, дене температурасының жоғарылауы, астения, қалтырау, бұлшықет ауыруы, артралгиялар; несеп шығару жолдарының инфекциялары; бауырлық трансаминазалар белсенділігінің жоғарылауы; гипокалиемия; бас ауыруы, перифериялық нейропатия, ұйқысыздық, геморрагиялар.Жиі: терілік қышыну, перифериялық ісінулер; бас айналуы, дәм сезудің нашарлауы; сілтілік фосфатаза деңгейінің жоғарылауы; инфузиялық реакциялар, жоғары сезімталдық реакциялары; сол жақ қарыншаның  дисфункциясы, гипертензия; көздің құрғауы, көз жасы сұйықтығы өндірілуінің жоғарылауы, конъюнктивит, көру дәлдігінің бұзылысы.Жиі емес: тромбоцитопения, анемия; пневмонит; бауыр жеткіліксіздігі, бауырдың түйіндік регенерациялық гиперплазиясы, портальді гипертензия.

Балаларда қолданылуы

18 жасқа дейінгі балаларға қарсы көрсетілген.