L01XC06 Цетуксимаб¹ (Cetuximab)

Қарсы көрсеткіштері

Препаратқа 3-4 дәрежелі аса жоғары сезімталдықтың ауыр реакциялары (АҚШ Ұлттық Обыр Институтының жіктемесі); RAS генінің статусы белгісіз, RAS генінің мутантты типі бар метастаздалған колоректальді обыры.

Қауіпсіздік шаралары

Препаратпен емдеу аясында пациенттерде ауыр инфузиялық реакциялар, соның ішінде сирек жағдайларда өліммен аяқталатын анафилаксиялық реакциялар туындауы мүмкін. Ауыр инфузиялық реакциялар дамуы цетуксимабты дереу немесе толық тоқтатуды талап етеді, сондай-ақ реанимациялық шаралар жүргізуді талап етуі мүмкін. Бұл реакциялардың кейбіреуі табиғатынан анафилаксиялық немесе анафилактоидты болуы мүмкін немесе оларда цитокиндердің босап шығу синдромы болуы мүмкін. Симптомдар бірінші инфузия кезінде пайда болуы мүмкін және кейінгі инфузиялар кезінде және одан кейін бірнеше сағатқа дейін созылады. Өкпенің интерстициальді ауруы дамыған жағдайда препаратты тоқтату керек және тиісті емді бастау керек. Ауыр гипомагниемия даму қаупі бар. Бұл жағдай препаратты тоқтатқаннан кейін қайтымды. Диареяның асқынуы ретінде гипокалиемия дамуы мүмкін. Гипокальциемия дамуы мүмкін. Анамнезінде кератиті, ойық жаралы кератиті немесе айқын көздің құрғауы бар пациенттерге сақтықпен қолдану керек. Кератит барын айқындайтын белгілер мен симптомдар дамуы анықталған пациенттер шұғыл түрде офтальмологке қаралуы тиіс. 65 жастан асқан пациенттерді емдеу кезінде жүрек-қантамырлар жүйесінің ауыр бұзылуы даму қаупі бар. Препаратты егде жастағы пациенттерде қолданғанда дозасын түзету талап етілмейді, алайда 75 жастағы және одан асқан адамдарда қолдану тәжірибесі шектеулі.Толық ақпарат алу үшін дәрілік препараттың қолданылуы жөніндегі нұсқаулығына жүгініңіз.

Дәрілік заттармен өзара әрекеттесуі

Тірі вакциналар, мысалы - БЦЖ, тұмауға, қызылшаға, эпидемиялық паротитке, полиомиелитке, қызамыққа, желшешек, іш сүзегіне қарсы вакциналар - жайылған инфекциялардың даму қаупін ескере отырып, тағайындауды болдырмау.Капецитабин, фторурацил, тегафур - кардиоуыттылықтың күшеюі.Маңызды! Мұнда дәрілік өзара әрекеттесулердің қысқаша сипаттамасы берілген. Толық ақпарат алу үшін дәрілік препараттың қолданылуы жөніндегі нұсқаулығына жүгініңіз.

Жүктілік

Емдеу барысында ұрықтануға қарсы дәрілерді қолдану.

Емізу

 Препаратты қабылдап жүрген кезде және қолданғаннан кейін 2 ай ішінде бала емізуді болдырмау.

Жағымсыз әсерлері

Өте жиі: тері реакциялары; гипомагниемия; бауыр ферменттері белсенділігінің артуы; жеңіл немесе орташа инфузиондық реакциялар; мукозит.Жиі: ауыр инфузиялық реакциялар, сирек жағдайларда өліммен аяқталатын; бас ауыруы, қажу; АІЖ бұзылыстары; анорексия; дегидратация; конъюнктивиттер.Сирек: өкпе эмболиясы, өкпенің интерстициальді ауруы; терең көктамырлардың тромбозы; блефариттер, кератиттер.Өте сирек: Стивенс-Джонсон синдромы/уытты эпидермальді некролиз.Жиілігі белгісіз: асептикалық менингит; тері зақымдануларының суперинфекциялары.Маңызды! Мұнда жанама әсерлердің қысқаша сипаттамасы берілген. Толық ақпарат алу үшін дәрілік препараттың қолданылуы жөніндегі нұсқаулығына жүгініңіз.

Балаларда қолданылуы

18 жасқа дейінгі балаларда тиімділігі мен қауіпсіздігі бойынша деректер жеткіліксіздігіне байланысты қарсы көрсетілген.