L01XC02 Ритуксимаб¹ (Rituximab)

Қолдану көрсеткіштері

Ходжкиндік емес лимфома, созылмалы лимфолейкоз, ревматоидты артрит, Вегенер гранулематозасы және микроскопиялық полиангиит.
    Клинические протоколы:
  1. Аллогенная неродственная трансплантация костного мозга
  2. Аллогенная родственная трансплантация костного мозга
  3. Аллогенная трансплантация гемопоэтических стволовых клеток у детей
  4. Аутоиммунная гемолитическая анемия у взрослых
  5. Гаплоидентичная трансплантация костного мозга
  6. Гаплоидентичная трансплантация гемопоэтических стволовых клеток у детей
  7. Гемолитическая анемия у детей
  8. Иммунная тромбоцитопения у взрослых
  9. Иммунная тромбоцитопения у детей
  10. Наследственный дефицит факторов VIII или IX (Гемофилия)
  11. Пароксизмальная ночная гемоглобинурия у взрослых
  12. Аутоиммунные энцефалиты у детей
  13. Аутологичная трансплантация костного мозга
  14. Ведение пациентов после трансплантации сердца у детей
  15. Болезнь Шегрена
  16. Васкулиты, ассоциированные с антинейтрофильными цитоплазматическими антителами. Гранулематоз с полиангиитом (Вегенера). Микроскопический полиангиит.
  17. Перекрестный (overlap) синдром
  18. Ревматоидный артрит
  19. Синдром дуги аорты Такаясу у детей
  20. Системная красная волчанка (педиатрия)
  21. Узелковый полиартериит у детей
  22. Ювенильный дерматомиозит
  23. Ювенильный системный склероз
  24. Быстро прогрессирующий гломерулонефрит у детей
  25. Ведение детей с пересаженной почкой
  26. Криз отторжения почечного трансплантата
  27. Нефротический синдром
  28. Нефротический синдром у детей
  29. Острая почечная недостаточность (острое почечное повреждение)
  30. Острое отторжение почечного трансплантата у детей
  31. Трансплантация почки
  32. Хронический нефритический синдром у детей
  33. Иммунная тромбоцитопения и беременность

Ақпарат тіркелуден кейін қолжетімді

Қарсы көрсеткіштері

Препараттың кез келген компонентіне, сондай-ақ тышқан текті протеиндерге аса жоғары сезімталдық, жедел инфекциялық үдерістер, әлсіреген иммунитет, ауыр жүрек жеткіліксіздігі (NYHA бойынша IV класс) немесе ревматоидты артрит, полиангиитті гранулематоз және микроскопиялық полиангиит аясында жүректің бақыланбайтын ауыр аурулары.

Ақпарат тіркелуден кейін қолжетімді

Қауіпсіздік шаралары

Үдемелі көп ошақты лейкоэнцефалопатияның (ҮКЛ) белгілері болып табылатын жаңа жағымсыз құбылыстардың пайда болуы және бұрыннан бар неврологиялық симптомдардың өршуі тұрғысында пациенттерді ұдайы бақылап отыру қажет. ҮКЛ дамуына күмәнданғанда препаратты енгізуді оның толық жойылғанша тоқтата тұру қажет. ҮКЛ дамыған жағдайда препаратты енгізу толығымен тоқтатылуы қажет. Цитокиндердің босап шығуы синдромы пайда болған жағдайда препаратты енгізуді бірден тоқтатып, қарқынды симптоматикалық емді тағайындау қажет. Белгілер мен симптомдар толық жойылғаннан кейін пациенттерді кейіннен емдеу цитокиндердің босап шығуының қайталанатын жедел синдромын сирек туындатады. 

Ақпарат тіркелуден кейін қолжетімді

Дәрілік заттармен өзара әрекеттесуі

Алемтузумаб - инфекция даму қаупіне байланысты ТАҒАЙЫНДАУДЫ БОЛДЫРМАУ.Тірі вакциналар, мысалы - БЦЖ, тұмауға қарсы, қызылша, эпидемиялық паротит, полиомиелит, қызамық, желшешек, іш сүзегіне қарсы вакциналар - жайылған инфекциялардың даму қаупіне байланысты ТАҒАЙЫНДАУДЫ БОЛДЫРМАУ.Клозапин - агранулоцитоз қаупінің артуы.             Маңызды! Мұнда дәрілік өзара әрекеттесулердің қысқаша сипаттамасы берілген. Толық ақпарат алу үшін дәрілік препараттың қолданылуы жөніндегі нұсқаулығына жүгініңіз.

Ақпарат тіркелуден кейін қолжетімді

Жүктілік

Емдеу барысында және емдеуді аяқтағаннан кейін 12 ай бойы ұрықтануға қарсы дәрілерді қолдану керек.

Ақпарат тіркелуден кейін қолжетімді

Емізу

Препаратты қолдану кезінде қабылдауды болдырмау.

Ақпарат тіркелуден кейін қолжетімді

Жағымсыз әсерлері

Өте жиі: инфузиондық реакциялар; бактериялық, вирустық инфекциялар; бронхит; нейтропения, лейкопения, тромбоцитопения; IgG және IgM деңгейінің төмендеуі; ангионевротикалық ісіну.Жиі: пневмония, бронх түйілуі; анемия, панцитопения, гранулоцитопения; гипергликемия, лактатдегидрогеназа деңгейінің жоғарылауы, гипокальциемия; миокард инфарктісі, аритмия, жүрекше фибрилляциясы, тахикардия, гипертензия, гипотензия; вазодилатация, гиперемия, шеткергі ісіну, беттің ісінуі; кеуденің ауыруы, ентігу, күшейетін жөтел, жұтудың қиындауы; анорексия; көмейдің тітіркенуі; терінің қабынуы; бұлшықет гипертонусы, миалгия, артралгия, арқаның және мойынның ауыруы; мультиорганды жеткіліксіздік; IgG деңгейінің төмендеуі; ринит, синусит, В гепатиті.Жиі емес: коагуляция бұзылуы, апластикалық анемия, гемолитикалық анемия, лимфаденопатия; облитерациялайтын бронхит, гипоксия; іштің ұлғаюы.Сирек: ауыр вирустық инфекциялар; анафилаксия; ауыр жүрек бұзылыстары.Өте сирек: үдемелі көп ошақты лейкоэнцефалопатия; сарысудағы IgM деңгейінің транзиторлы жоғарылауы; ісіктің лизис синдромы, цитокиндердің босап шығу синдромы; шеткергі нейропатия, бет жүйкесінің салдануы, көруді айқын жоғалту; жүрек жеткіліксіздігі; васкулит (негізінен терілік), лейкоцитокластикалық васкулит; тыныс алу бұзылысы; асқазан-ішектің тесілуі; бүйрек жеткіліксіздігі.Жиілігі белгісіз: кешеуілденген кейінге қалдырылған нейтропения; инфузиялық жедел қайтымды тромбоцитопения, жүрекшелердің лүпілдеуі; бассүйек-ми жүйкелерінің невропатиясы, басқа сезім ағзалары қызметінің жоғалуы; өкпе инфильтрациясы.

Ақпарат тіркелуден кейін қолжетімді

Балаларда қолданылуы

18 жасқа дейінгі балаларда тиімділігі мен қауіпсіздігі бойынша деректер жеткіліксіздігіне байланысты қарсы көрсетілген.

Ақпарат тіркелуден кейін қолжетімді