A10BB01 Глибенкламид (Glibenclamide)

Қолдану көрсеткіштері

Диабеттік диетаны қатаң ұстану, артық дене салмағының төмендеуі және дене жүктемесі қандағы глюкоза деңгейін қанағаттанарлық бақылауға әкелмеген жағдайдағы ересектерде 2-ші типті қант диабеті.Клиникалық хаттама:   1. 2 типті қант диабеті
    Клинические протоколы:
  1. Сахарный диабет 2 типа

Қарсы көрсеткіштері

Глибенкламидке немесе препараттың басқа да компоненттеріне жоғары сезімталдық; сульфонилмочевинаның басқа да препараттарына,  сульфонамид туындылары болып табылатын сульфонамидтерге, диуретиктерге және пробенецидге жоғары сезімталдық; 1-ші типті қант диабеті; 2-ші  типті қант диабетінде глибенкламидпен емдеудің толық екіншілік тиімсіздігі; кетоацидоз; прекома және диабеттік кома; ұйқы безі резекциясынан кейінгі жағдай; туа біткен фруктозаны көтере алмаушылық, Lapp-лактаза ферменті тапшылығы, глюкоза-галактоза мальабсорбциясы; бозентан қабылдайтын пациенттер.

Қауіпсіздік шаралары

Қалқанша безі, гипофиз немесе бүйрек үсті қыртысы белсенділігінің төмендеуімен немесе қызметінің бұзылыстары бар пациенттерге, егде жастағы және қарт пациенттерге, препаратпен емдеудің бастапқы фазасында және дозасын ұлғайтқан кезде, ми қантамырларының атеросклерозының айқын белгілерімен және ауруға қарсы бірлесуге бейім емес пациенттерге қолдануда сақ болу керек. Ұзақ уақыт ашығу, тағаммен көмірсуларды талапқа сай қабылдамау, әдеттегіден тыс физикалық жүктеме, диарея немесе құсу гипогликемия дамуының жоғары қаупімен байланысты жағдайлар болып табылады. Орталықтық әсер ету типімен дәрі дәрмектердің, бета-адренергиялық рецепторлар блокаторларының әсері, сондай-ақ автономды невропатиялар   гипогликемияның ерте симптомдарын жасыруы мүмкін. Алкогольді бір реттік немесе үнемі қабылдау препараттың гипогликемиялық әсерін  күтпеген жерден күшейтуі немесе әлсіретуі мүмкін. Іш жүргізетін дәрілерді жиі қолдану (шектен тыс) метаболикалық статустың бұзылуына әкелуі мүмкін. Қандағы  глюкозаның жоғары деңгейі терапия жоспарын жеткіліксіз деңгейде жүргізілуіне, емдеудің аталған кезеңінде глибенкламидтің терапевтикалық әсерінің жеткіліксіздігімен, сондай-ақ белгілі  стресс жағдайларымен байланысты болуы мүмкін (соның ішінде зақымданулар, операциялар, инфекциялар). Глюкозо-6-фосфатдегидрогеназа (G6PD жеткіліксіздігі) жеткіліксіздігі бар пациенттерде сульфонилмочевина препараттарымен емдеу гемолитикалық анемияның дамуына әкелуі мүмкін. Препарат дозасын таңдау кезінде, препараттарды ауыстырғанда немесе глибенкламидті мезгілінде қабылдамаған жағдайда  психомоторлық реакциялар жылдамдығы төмендейді, осыған байланысты пациенттерге қауіптілігі жоғары қызмет түрлерімен айналысу ұсынылмайды.

Дәрілік заттармен өзара әрекеттесуі

Бозентан – қабылдауды болдырмау! (гепатоуытты қаупі жоғары);Сульфонилмочевинаның өзара әрекеттесуі:ААФ тежегіштері, хлорамфеникол, варфарин (немесе басқа кумариндер), флуконазол, миконазол, СЕҚҚП – гипогликемиялық әсерінің күшеюі мүмкін; кумариндердің  антикоагулянтты әсерінің артуы мүмкін;Рифампицин – сульфонилмочевина метаболизмінің күшеюі мүмкін.Диабетке қарсы дәрілік заттардың жалпы өзара әрекеттесуі:Алкоголь, анаболикалық стероидтар, холестирамин, MAO тежегіштері - гипогликемиялық әсерді арттыруы мүмкін;Антипсихотикалық заттар – гипергликемияның дамуы мүмкін;Антидепрессанттар (серотониннің қайта ұсталуының таңдамалы тежегіштері) - гипогликемия дамуы мүмкін;Бета-блокаторлар - гипогликемияның ескерту белгілері (мысалы, тремор) бета-блокаторлармен жасырылуы мүмкін;Кортикостероидтар, диуретиктер, изониазид, аспарагиназа және қандағы глюкоза деңгейін жоғарылататын басқа да препараттар - гипогликемия әсерлері төмендейді.Ескерту: мұнда кейбір маңызды дәрілік өзара әрекеттесулердің қысқаша сипаттамасы берілген. Өзара әрекеттесуі туралы ұсыныстар және қосымша ақпарат алу үшін дәрілік заттардың өзара әрекеттесулері туралы ақпарат көздеріне немесе дәрілік препараттың қолданылуы жөніндегі нұсқаулығына жүгініңіз.

Бүйрек жеткіліксіздігі

Бүйрек қызметі бұзылыстары кезінде препарат дозасын төмендету, ауыр бұзылыстарында қолдану қарсы көрсетілген.

Бауыр жеткіліксіздігі

Бауыр қызметі бұзылыстары кезінде препарат дозасын төмендету, ауыр бұзылыстарында қолдану қарсы көрсетілген.

Жүктілік

Қарсы көрсетілген.

Емізу

Қарсы көрсетілген.

Жағымсыз әсерлері

Жиі: гипогликемия, дене салмағының артуы.Жиі емес: жүректің айнуы, құсу, асқазандағы кернеу және толу сезімі, іштің ауыруы, іш өтуі, кекіру, ауызда металл тату, қышыну, уртикарлық бөртпе, эритема, фотосенсибилизация, пурпура.Сирек: тромбоцитопения.Өте сирек: көрудің және аккомодацияның қайтымды бұзылуы, бауыр ферменттерінің және сілтілі фосфатазаның қайтымды жоғарылауы, дәрілік гепатит, бауырішілік холестаз, жоғары сезімталдықтың жайылған реакциялары, агранулоцитозға дейін лейкопения, эритропения, гранулоцитопения, панцитопения, гемолитикалық анемия, әлсіз диуретикалық әсер, қайтымды протеинурия, гипонатриемия, сульфонамидтер және олардың туындыларына айқаспалы аллергия болуы мүмкін.

Балаларда қолданылуы

18 жасқа дейінгі балаларға қарсы көрсетілген.